Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Автор: mkaldybekuly • Октябрь 26, 2020 • Лекция • 4,575 Слов (19 Страниц) • 720 Просмотры
8- дәріс. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бүгінгі уақыт аралығындағы экономикалық даму бағытын, яғни нарықтық экономикаға ӛту барысындағы қиыншылықтар мен жетістіктерге сараптамалық талдау жасау.
Дәрістің жоспары:
1.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға ӛту бағыттары: жетістіктері мен кемшіліктері
2. Қазақстан Республикасының экономикалық даму үлгісі - «Қазақстан -2030» Стратегиялық бағдарламасында
3. Қазақстан Республиксының экономикалық жаңа бағыт - «Қазақстан -2050» Стратегиясында
1. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту бағыттары: жетістіктері мен кемшіліктері. Қазақстан Республикасы экономикалық даму мәселесін нарықтық экономикаға ӛту бағыты арқылы жүргізді. Мемлекеттің бастапқы кезеңдегі экономикалық даму стратегиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарияланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» және 1993 жылы жарық кӛрген «Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстанның дамуының кепілі» еңбектерінде баяндалды. Бұл стратегияда қарастырылған мәселелер:
- Меншіктің мемлекеттік және мемлекеттік емес нысандарын қамтитын әлеуметтік нарықтың шартты және практикалық базасын жасау;
- Елдің барлық азаматтарының жеткілікті әл-әуқат дәрежесін қамтамасыз ететін қоғам құру;
- Адамның еркіндігі мен құқтарын сақтау, дүниежүзілік экономикада нақты орынға ие болу негізінде Қазақстанның дүние жүзілік қауымдастықтағы лайықты беделін қалыптастыру;
- Қазақстанның дамуы үшін шетел инвестициясын тарту және пайдалану;
- Ұлттық валютаны енгізу және оның ішкі, сыртқы еркін айналымын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқару жүйесінде нарықтық экономикаға кӛшудің үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар болса, үшінші кезең - 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды. Кӛрсетілген уақыт аралығында жаңа заңдар мен реформаны жүзеге асыру бағытында қажетті құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға кӛшу бағытымен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олардың қатарында: Мүлік жӛніндегі, Монополияға қарсы саясат жӛніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның бірнеше түрлері болды. Олардың қатарында биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар болды.
Сонымен қатар, нарықтық экономикаға ӛту барысында қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны жүргізу барысында мемлекеттің мақсат-мүдделері мен оларды іске асыру жолдары, әдіс-тәсілдері нақты түрде анықталып белгіленбеді. Екіншіден, кӛптеген мемлекеттерге бірдей ортақ болатын экономикалық реформаның моделі болмайды. Әрбір мемлекеттің ерекшелігіне ортақ, оның ұлттық менталитетіне, тарихына, дәстүріне, саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайына бейімделген ӛзіндік моделі болуы қажет. Үшіншіден, экономикалық реформа жүйелі бағытта жасалып жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда экономикалық бағыттағы заң жүйесі енгізілмей тұрып, бағаны ӛсіруден бастау қателікке әкелді. Тӛртіншіден, экономикалық бағыттағы заңдар кей жағдайларда іс жүзінде орындалмады, себебі ол заңдарды іске асыратын механизмдердің жобасы кӛрсетілмеді. Бесіншіден, инфляцияның экономикалық дағдарыстарға әкелетіндігі
белгілі. Мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі нақты бағытта реттелінбеді. Ұлттық банк ақша жүйесінде, ақша-несие ресурстарының пайдалануы мен жоғары пайызбен сатылуының нәтижесі де тиімсіз болды.
Мемлекеттің алға қойған мақсат-міндеттері қатарындағы басты мәселе дағдарыстан шығудың жолдары болды. Оның ең негізгісі – бағаны белгілі бір жүйеге келтіру және жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарықтық бағыттағы экономикаға ӛту мүмкін болмады. Бұл бағыт нарықтық экономика субъектілерін құру бағыты ғана емес, сонымен қатар халыққа меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды болды. Нәтижесінде, республикада жекешелендіру үдерісі жүргізілді. Қазіргі таңда жекешелендіруді ӛткізудің тӛрт кезеңін кӛрсетуге болады, бастапқы үш кезеңі мемлекет иелігінен алу және жекешелендірумен байланысты болса, тӛртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру бағытымен сипатталады.
...