Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шығыс экономикалық аудан

Автор:   •  Сентябрь 26, 2021  •  Реферат  •  6,490 Слов (26 Страниц)  •  427 Просмотры

Страница 1 из 26

                   

                   Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мaмaндық бойынша «6В05205-География»

ТАҚЫРЫБЫ: ШЫҒЫС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН

                                                             Орындаған: 2 курс студенті Армиянова Н.Қ.

                                                             Ғылыми жетекшісі: Мылкайдаров А.Т.

                                                     

                                                  Алматы, 2021

Кіріспе

          Қазіргі Қазақстан өзінің жан-жақты дамуына қажетті көптеген мүмкіндіктері бар,экономикалық тұрғыда алғанда болашағы зор егеменді ел.Мұнда қазіргі уақытта шаруашылық салаларының кез келген дамыған елге тән,мемлекетаралық маңызы бар маманданған салалар ,сондай-ақ қосалқы және қызмет көрсететін салалары дамыған.Олардың шығарған өнімдері ,негізінен,өз ауданының мұқтаждарын өтеуге және ең алдымен мамандандырылған салаларды жетілдіруге және оны дамытуға бағытталған.

          Экономиканың өсіп ,көліктің осы заманғы түрлерінің пайда болуына сәйкес  Қазақстанда өзінің аумақтық еңбек бөлінісі дамыды.Бұл оның кейбір бөліктеріндегі шаруашылықтарда революцияға дейін-ақ байқала бастаған,кейін аумақтық еңбек бөлінісін күшейтіп ,бірте-бірте республикаішілік бес-Орталық,Солтүстік,Оңтүстік,Шығыс ,Батыс экономикалық ауданның қалыптасуына себепші болды.Бұл аудандардың әрқайсысының шаруашылықтарындағы жергілікті ауданішілік маңызы бар салалар әдетте республикалық және республикааралық маңызы бар салалармен ұштасқан,олардың әрқайсысының республиканың бүкіл халық шаруашылығын серпінді әрі кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ауданішілік және ауданаралық экономикалық байланыстары қалыптасқан.

           Шығыс Қазақстан-Ресей,Қытай,Моңғолияның шекаралары түйіскен        жерде орналасқан айрықша әсем өңір.Шығыс өңірі еліміз мақтан тұтатын азаматтармен ,ел қорғаған батырларды,сұңғыла ғалымдарды дүниеге әкелген құтты мекен.Шығыстың қасиетті топырағы қазақ халқының біртуар перзенттері ұля ақын,кемеңгер ғалым Абайдың ,сөз ұсталары Шәкәрім мен Мұхтардың кіндік қаны тамған жер.Шығыс Қазақстан өзінің көрікті табиғатымен ,жануарлар және өсімдіктер дүниесінің әр алуандығымен тамсандырады.Кенді Алтайдың орталығы,сауда жолдарының көне торабы,мәдениет пен саясаттың тоғысқан жері.

          Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды, 1997 жылы өңір аумағына Семей облысы қосылды. 1720 жылы негізі қаланған және Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан Өскемен қаласы Әкімшілік орталық болып табылады.

          Облыста 15 селолық аудан , 10 қала, 872 кент және ауыл , 254 селолық және ауылдық округ бар. Облыс халқы 2011 жылғы 1 қаңтарға 1396,7 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы орта есеппен облыс бойынша 1 шаршы км-ге 4,9 адамды құрайды. Облыс халқының этникалық құрамы 2011 жылғы 1 қаңтарға мынадай ара салмақта ұсынылған: қазақтар -54,5 %, орыстар- 40,5 %, басқа ұлттар – 5,0 %.

          Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай.

          Шығыс Қазақстан - республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Ресей және Қытай мемлекеттерімен шекаралас. Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі тек республиканың оңтүстік аудандарына ғана жол беріп, ал жер қойнауы байлығы жөнінен Ресейдің Орал ауданымен қатар тұр.

...

Скачать:   txt (85.2 Kb)   pdf (179.8 Kb)   docx (281.9 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club