Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сатып алу-сату

Автор:   •  Март 12, 2020  •  Контрольная работа  •  616 Слов (3 Страниц)  •  391 Просмотры

Страница 1 из 3

Сатып алу-сату

1. Ерназаров Мақсат басқа қалаға көшуіне байланысты үй жиһазын сатпақшы болды. Көршісі Айдаров Қанағатпен келісіп шартқа қол қойды. Келесі күні Айдаров Қ. үй жиһазын алайын десе, Ерназаров М. оған дәл қазір үй жиһазын бере алмайтынын айтты. Айдаров Қ. бұған келіспеді. Ерназаров М. көшуге дайындалып болғанша уақыт бере тұруын сұрады. Айдаров Қ. сотқа шағымданды.

Дауды шешіңіз?

Жауабы: ҚР АК-тің  409-бап, 1-тармағына сәйкес, егер сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса, осы Кодекстiң 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгiленедi. 277-бапқа сәйкес, егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.   Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.   Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.

2. Дәуірбай Динара Тұрғамбек Аянадан тауар сатып алу туралы шартқа қол қойды. Дәуірбай Д. Тұрғамбек А. тауарды берместен бұрын  оралымды басқару құқығы өтті. Енді Тұрғамбек А. тауарды Дәуірбай Д. Бергенге дейін тауарды сақтауға кететін шығынды өтеуін сұрады. Дәуірбай Д. бас тартты. Тұрғамбек А. сотқа шағымданды. Бұл арада қай тараптың айтқан өтініші дұрыс.

Дауды шешіңіз?

Жауабы: ҚР АК-тің  412-бапқа сәйкес,  егер  меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы сатып алушыға тауарды берместен бұрын ауысқан кезде сатушы тауарды бергенге дейiн оның нашарлауына жол бермей сақтауға мiндеттi.Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сатып алушы сатушыға бұған қажеттi шығындарды өтеуге мiндеттi.

3. Елубаев Асылхан  ас үйіне қажетті ас үй жиынтығын Sulpak компаниясынан сатып алды. Тауарды алған кезде ас үй жиынтығын түр-түсінін басқа екенін байқады. Алайда Елубаев А. бұл жиынтықтын түсі ұнады. Арада 1-ай өткен соң, Елубаев А. өзі тапсырыс берген үй жиынтығын әкеп беруді талап етті. Sulpak компаниясынын басшылығы бұған келіспей сотқа шағымданды. Елубаев А. тауарды қабылдап қойған соң, бұл әрекеті шарт келісіміне қарсы ма?

Дауды шешіңіз?

Жауабы: ҚР АК-тің  421-бап, 4-тармағына сәйкес, егер сатып алушы түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алғаннан кейiн он бес күн мерзiмде өзiнiң тауарлардан бас тартатынын сатушыға хабарламаса, олар қабылданған болып есептеледi.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (64 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club