Отчёт по практике
Автор: symbaaaat03 • Июнь 26, 2022 • Отчет по практике • 1,348 Слов (6 Страниц) • 166 Просмотры
Мазмұны
I. Жалпы бөлім
Ұйымның жалпы ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
II. Негізгі бөлім
2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Ақша қаражатының есебі (кассада, ағымдағы және арнайы банк шоттарында, электрондық ақша қаражатының есебі және т. б.))
2.2 Дебиторлық берешектердің есебі (сатып алушылар, тапсырыс берушілер, қызметкерлер және т.б.)
2.3 Қорлар есебі (шикізат пен материалдарды, тауарларды және қорлардың басқа түрлерін есепке алу, оларды өзіндік құны және таза сату құны бойынша бағалау)
2.4 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі (қолда бар НҚ және МЕА түрлері, оларды бастапқы тану, амортизация, жөндеу, құнсыздану)
2.5 Міндеттемелердің есебі (қаржылық міндетте-мелер, жеткізушілермен есеп айырысу бойынша міндетте-мелер, салықтар және т.б. төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысу, жалақы бойынша есеп айырысулар және т.б.)
2.6 Ұйым капиталының (жарғылық, резервтік, төленбеген) есебі
2.7 Кірістер мен шығыстардың есебі және қаржылық нәтижелерді айқындау тәртібі (шоттарды жабу, бөлінбеген пайданы айқындау, жиынтық кіріс туралы есептілікті қалыптастыру)
III. Аналитикалық бөлім
Қаржылық есептілік: қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі, қолданылатын нормативтер мен стандарттар
Бухгалтерлік балансты талдау
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
⦁ Жалпы бөлім
Ұйымның жалпы ұйымдық-экономикалық сипаты
Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі.
Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет: осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.
Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.Топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.
Менің тәжірибеден өткен орным – «Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі» мемелекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Негізгі қызмет түрі: Білім беру, сабақ оқыту. Колледж ұжымының міндеті – сын тұрғысынан және жаңаша ойлай білетін, рухы мықты, бәсекеге қабілетті, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуде қолайлы білім кеңістігін жасау болып табылады. Оқу орны 1977 жылы жас ұрпақты кәсіптік салаға бейімдеу мақсатында ашылды. Мекеменің қазіргі басшысы: Оксикбаев Бакытжан Нуртаевич
Мекеменің қаржысы банктік шоттарда сақталып, заңсыз алынбайды.
Қаржы құжаттарының сақталуына және салық , шығын, төлемдерге және аударылуы мекеменің бухгалтериясында жүргізіледі.
Мекеменің мекен – жайы: Бақанас ауылы, Кунаева көшесі 250
2.1 Ақша қаражатының есебі (кассадағы, ағымдағы және арнайы банк шоттарында, электрондық ақша қаражатының есебі және т.б.)
Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
Ақша қаражаттары туралы ақпарат 1000 шот бөлімінде көрсетілген. Ақша қаражаттар есебін қазына бөлімшесі жүргізеді. Ақша қаражаттар бойынша негізгі бастапқы құжаттар кассалық ордірлер болып табылады.
Қолма-қол ақшаларды кассаға қабылдау КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері, ал беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша бас бухгалтер қолымен бекітіліп жүргізіледі. ККО және ШКО кассаға берілгенге деін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында
...