Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасыл экономика

Автор:   •  Февраль 6, 2021  •  Эссе  •  422 Слов (2 Страниц)  •  2,489 Просмотры

Страница 1 из 2

Жасыл экономика

Қазіргі таңда біздің қоғамда «жасыл» экономика деген ұғымды әркім әртүрлі түсінеді. Біреулер мұны еліміздің табиғатын жақсартуға бағытталған экономиканың жаңа саласы деп санайды. Басқалар «жасыл» экономиканы табиғатқа пайдасын тигізетін экожүйе, жаңа технология деп түсінеді. Енді біреулер мұны экологиялық таза өнімдер өндіруді көздейтін экономикалық дамудың жаңа белесі деп есептейді. Аталған ұғымға берілген анықтамалар бір-біріне мағыналас. Сонымен «жасыл» экономика – табиғи қорды тиімді пайдалану, сонымен қатар пайдаланылған өнімдерді өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ету арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту, қоғамның тұрақтылығын сақтау.

Ең алдымен «жасыл» экономика қазіргі кезде таусылуға шақ қалған мұнай, газ секілді пайдалы қазбаларды үнемдеуге және сарқылмайтын ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған.
«Жасыл» экономиканың негізі – таза немесе «жасыл» технологиялар. Мамандардың айтуынша, «жасыл» экономиканың дамуы көптеген постиндустриалды елдерді жайлаған экологиялық дағдарыстан елімізді сақтайды.
«Жасыл» экономиканы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдыру мақсатында Елбасының бастамасымен 2013 жылы 30 мамырда арнайы тұжырымдама бекітілген еді. ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» атты жолдауында бұл мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, экономиканың бұл түрі елімізге тиімді, әрі еліміздің экологиялық ахуалының жақсаруы үшін маңызы зор екенін айтқан болатын. Қоршаған ортаның тазалығы – дені сау ұрпақтың өмірге келуінің кепілі.
«Жасыл» экономикаға негізделген бағдарлама халықтың әлеуметтік тұрмысының, әл-ахуалының жақсаруына себепкер болмақ. Егер табиғи ресурстар да ысырап болмай, тиісті деңгейде пайдаланылуын қаласақ, «жасыл» экономикаға бет бұрғанымыз жөн. Өйткені бүгінде қуат көзінің шамадан тыс қолданылуы үнемшілдікті ұмыттырып барады. Жаңа технологияның арқасында бірқатар балама қуат көзі пайда болды. Мәселен, кейбір елдерде жел, күн энергиясының өзінен қуат көзі алынады. Балама қуат көзі — дербес экономиканы қалыптастырады. «Жасыл» экономиканың тиімділігін арттырып, энергия көзін үнемдеуді қамтамасыз етеді. Бұл түйткілдің бәрі 2014 жылы күшіне енген «Жасыл экономика туралы» заңда жан-жақты айтылған.
Бүгінде әлемдік инновациялардың 40% - ы "жасыл" экономикаға, ал 50% - ы "жасыл" экономиканың негізгі факторы болып табылатын энергия үнемдеу мен энергия тиімділігіне тиесілі. Энергетика экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен қауіпсіздігі, біздің үйлеріміздің жылуы мен жарығы үшін ғана емес, сонымен қатар ластаушы заттардың 50% шығарындылары және парниктік газдар (ПГ) эмиссиясының 70% - ы үшін жауапты. Яғни энергия сыйымдылығы деңгейімен ұлттық экономикалардың экологиялық және климаттық құрамдастары анықталады. Осы көрсеткіш бойынша энергия сыйымдылығының әлемдік рейтингінде Қазақстан сегізінші орынға, ал Ресей он бесінші орынға ие. Яғни, энерготиімділік-біздің экономикамыздың осал тұсы.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (46 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club