Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

"Жасыл" экономика

Автор:   •  Сентябрь 24, 2020  •  Контрольная работа  •  627 Слов (3 Страниц)  •  708 Просмотры

Страница 1 из 3

Эк21 Абдрахманова Аяжан

Тапсырма № 1. 

Талқылау үшін сұрақтар:

1."Жасыл" экономика климат жүйесіне жоғары энергия тиімділігі мен ең аз әсер етуді басты басымдық деп санайды. Жалпы алғанда, осы бетбұрыс біздің елге қай жағынан және қалай пайда әкелетінін білу үшін, әрине, шетел тәжірибесіне үңіле көз жіберу маңызды. Бұл мәселеде түптеп келгенде ұтылудан ұтудың көп екендігін алғаш болып Оңтүстік Корея дәлелдеді десек, артық айтқандық болмас. Бұл елде 2011 жылдан бері экономиканың «жасыл» секторын дамытуға 60 миллиард АҚШ долларын бағыттау жоспарланған болатын, осы ретте 1,8 млн. жұмыс орны ашылды. Оңтүстік Корея бүгіннің өзінде жыл сайын «жасыл» секторға ІЖӨ-нің 2%-ын инвестициялайды. Ұлттық стратегия шеңберінде жасыл өсім тұжырымдамасын алға қойып отырған елде негізінен үш элементке басты назар аударылады. Олар: өнеркәсіп, инвестиция және энергетика, сонымен қатар, тұщы судың баламалы көздеріне, қалдықтарды өңдейтін технологиялар мен парктердің дамуына мән береді. Ал АҚШ-та «жасыл» экономиканы дамытудың басты бағыты ретінде баламалы энергетиканы дамыту жолға қойылған. Кез келген әлемнің неғұрлым дамыған елдері «жасыл» экономика қағидаттарын ұстанады. Атап айтсақ, Моңғолия, Қытай сияқты елдер де басшылары жария еткен өршіл «жасыл экономика» жоспарларын жүзеге асыруда. Мысалы, Бразилияда топырақты күтіп ұстаудың, ауылшаруашылық өнімдерін жинаудың және жеткізу тізбегін басқарудың жетілдірілген жүйесі есебінен ауылшаруашылық жерлерін қалпына келтіру жүргізілді. Немістің Дортмунд қаласы көмір индустриясы орталығынан «Үшінші индустриялық төңкеріс» инфрақұрылымы бар жаңа «жасыл» сектор орталығына айналды.

2. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалайды. 

3. «Жасыл» экономиканы жолға қою мақсатындағы негізгі бағыттарға тоқталар болсақ, олар жаңғырмалы энергия көздерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі, ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру, «таза» көлікті дамыту, ауаның ластануын азайту болып табылады. Осы бағыттар бойынша қазіргі таңда бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Сарапшылардың айтуы бойынша, «жасыл» экономиканың осы заманғы экономикалық жүйелерді тұрақтандыруға, қорларды тиімді қолдану арқылы адамның және табиғаттың арақатынасын теңгеруге мүмкіндігі көп. Кедейшілік деңгейін төмендету, халықтың денсаулығы көрсеткішін арттыру, қоршаған ортаны жақсарту арқылы «жасыл» экономика адам капиталының сапасын көтеріп Қазақстанның XXI ғасырда экономикалық және әлеуметтік тиімділігін, табысын тұрақтандырады және әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (79.2 Kb)   docx (147.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club