Жасыл экономика
Автор: ayaukeneskhanova • Ноябрь 10, 2018 • Эссе • 490 Слов (2 Страниц) • 1,043 Просмотры
Адамзат саналы өмір сүріп қалыптасқаннан бері табиғатпен етене байланыста болып келеді. Сонау ғасырлардан бері табиғаттың әрбір бөлшегі адам баласының өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұдан нені аңғаруға болады? Бұдан табиғат пен адам арасындағы байланыс шексіз екенін көруге болады. Адамның өсіп-өнуіне, өмірлік харекеттеріне, денсаулығына, тіпті экономикалық жағдайының өзіне де табиғат пен оның құрауыштары зор ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, бұл байланыс тек мұнымен ғана шектелмеген, ата-бабаларымыз Жер мен Ана ұғымдарын егіз ұғым деп, қатар ұстаған. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеген. Табиғаттың тау-тасына дейін көзінің қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге аманат етіп қалдырған.
Ғылым мен техника дамыған заманда сана-сезімі жоғары халықта қате дағды қалыптасқан. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына болғанымен бүгінгі күнгі қоршаған ортаға деген адам іс-әрекетіне үңілсем, адамзат ата-бабаларының тастап кеткен аманатына қиянат жасап жүрген жоқ па деген сұрақ туындайды. Қай кезде, қай жағдайда болмасын үнемдеу, ысырап етпеу берекенің бастауы саналатын еді. Алайдағ басқа тірі табиғаттан түйсігімен, сана-сезімінің болуымен ерекше жаратылған адам баласының қоршаған ортадағы рөлі тек қана «алушы» ретінде ме деп ойланып қаламын. Сонда шынымен, адам өмірінде табиғат «қажеттілікті қанағаттандырушы» рөлін атқарады ма? «Бір тал кессең, он тал ек» деген Ата өсиеті жерде қалғаны ма? Табиғат ресурстарының сарқылып бара жатқаны, ауа-райы мен табиғат жағдайларының өзгерісінен бұл сұрақтардың көптен бері басты мәселе болып көтеріліп жүрген жайы бар.
Соңғы жылдары қоршаған орта жағдайы, табиғат ресурстары, жалпы экология мәселелері елдің назарында.Бұл мәселелер түрлі конференциялар, мемлекет басшыларының бас қосуларында, әлемдік симпозиумдарда маңызды тақырып негізінде кеңінен талқыланады. Біз газет-журналдардан, көгілдір экраннан, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан климаттың өзгеруі, атмосфераның ластануы, табиғи ресурстардың таусылу қаупін жиі естиміз.Соған қарамастан, адамзаттың
...