Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау

Автор:   •  Декабрь 9, 2021  •  Реферат  •  1,719 Слов (7 Страниц)  •  543 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ВЕТЕРИНАРИЯ» факультеті

«КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА» кафедрасы

                                   

                                        СӨЖ

Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.

        Орындаған: Боранқұлов Б.

        Тексерген: Умирзакова Ж.

        

                                         


                                                 Жоспар:

Кіріспе

1. Жұмыс уақыты статистикасы

2. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды зерттеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Статистика тәжірибесінде жұмыс уақытының өлшем бірлігі ретінде адам-күн және адам-сағат пайдаланылады. Адам-күн ретінде бір адамның толық жұмыс күні ішінде жұмысқа келуін есептейді. Статистикада жұмысшының істеген адам-күні деп оның жұмысқа келуі саналады. Мұнда оның жұмыста қаншама уақыт болғаны есептелмейді. Толық күндік тоқтап қалулар  күні деп жұмысшының жұмысқа келіп, бәрақ оған тәуелді емес жағдайларға байланысты жұмысқа кіріспеген күндер саналады. Кәсіпорын тізімінде тұрған жұмысшы үшін жұмысқа келмеудің (неявка) адам-күні деп жұмысшының сол күні жұмыс істеуіне тиісті, әлде тиісті еместігіне қарамастан жұмысқа келмеген күндері саналады. Жұмыс уақытын адам-күнмен есептеу жалпы жұмыс күні ішінде болуы мүмкін жұмыс уақытының шығындалуын анықтап бере алмайды. «Істелген адам-күн» ұғымының өзі бұл жағдайды түсіндіреді. Сондықтан, жұмыс уақытын адам-күнмен есептеумен қатар, адам-сағатпен деп есептеу еңгізілген. Адам-сағатпен есептегенде нақты жұмыс істелген сағат саны және жұмыс күні ішіндегі ауысымішілік үзілістер есептеледі. Статистикалық есепте адам-сағатпен есептеу тек қана жұмысшылар бойынша жүргізіледі. Істелген адам-сағат деп бір адамның нақты жұмыс істеген сағаты саналады. Сонымен қатар, жұмыс режиміне байланысты істелеген адам-сағаттың берілген жұмыс сағатынан тыс тағайындалған (сверхурочный) түрі болады. Тыс тағайындалған сағаттардың болуы кәсіпорынның бапсыз жұмысының және өндірісті ұйымдастырудағы басқа да жетіспеушіліктердің болуын көрсетеді. Ауысымішілік үзілістер жұмысшылардың ауысым ішінде өндірістік міндеттерін орындамауын көрсетеді. Жұмысшылардың ауысым ішіндегі өндірістік міндеттерін орындамауынан туындайтын ауысымішілік үзілістер ауысымішілік уақыт шығындарына немесе ауысымішілік тұрып қалуға жатады. Статистика тәжірибесінде ауысымішілік тұрып қалу деп жұмыс күні немесе ауысым кезінде, ұзақтығы 5 минуттен жоғары болатын тұрып қалу уақыты саналады.  

1. Жұмыс уақыты статистикасы

Адам-сағат және адам-күн бойынша жұмыс уақытын есептеу мәліметтері негізінде жұмыс уақытын қолданудың келесі көрсеткіштері есептеледі:

1. Жұмыс күнінің орташа арифметикалық ұзақтығы.

2. Бір тізімдік жұмысшыға келетін орташа жұмыс күндерінің саны.

3. Бір тізімдік жұмысшының істеген орташа жұмыс сағаты саны.

Кәсіпорындағы жұмыс уақытын қолдану көрсеткіштерінің жүйесі уақыттың күнтізбелік қорын жіктеу, оған бөлінген топтар бойынша оны пайдаланудың есебі және түрлі өлшем бірліктеріндегі өзара байланысты қатысты көрсеткіштер арқылы құрастырылады.

Кәсіпорынның жұмыс уақытының шекті ресурстарын құрайтын к.нтізбелік уақыт қоры жұмысшылардың бір жылдағы күнтізбелік күндер санына көбейтіндісіне немесе жыл ішіндегі келген және келмеген жұмысшылардың соммасына тең. Күнтізбелік қор адам-күнмен есептелген орташа тізімдік жұмысшылар санының көрсетішіндегідей экономикалық мазмұнды көрсетеді.

Мейрам және демалыс күндерінсіз күнтізбелік қор жұмыс уақытының табельдік қоры деп аталады.

Жұмыс уақытын пайдаланудың ең тиімді көрсеткішін сипаттайтын максималды мүмкін болатын жұмыс уақыты қоры күнтізбелік қор соммасының кезекті демалыс, мерекелік және демалыс күндерінің соммасынан айырмасы. Максималды мүмкін болатын жұмыс уақыты қорының жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасы жылдың орташа ұзақтығын береді. Бұл көрсеткіш еңбектің әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларының бірі болып табылады. Мәселен, бір жұмысшыға өндірістегі жұмыс жылының орташа ұзақтығы 90-шы жылдардың басында 249, ал жұмыс емес күндер саны 115, соның ішінде мерекелік және демалыс күндер саны 96 құраса, бір жұмысшының орташа кезекті демалыс уақыты мерзімі 18 күн болған.  

...

Скачать:   txt (24.9 Kb)   pdf (111.9 Kb)   docx (21.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club