Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек құралдарын пайдалану мен тиімділігін талдау

Автор:   •  Сентябрь 23, 2020  •  Реферат  •  2,556 Слов (11 Страниц)  •  586 Просмотры

Страница 1 из 11

ТАРАУ 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ТАЛДАУ

4.1 Еңбек құралдарын пайдалану мен тиімділігін талдау

Негізгі қорлар - материалдық өндіріс саласында да, бейөндірістік салада да заттай нысанда ұзақ уақыт бойына жұмыс істейтін және өзінің құнын тозуына қарай бөліктер бойынша жоғалтатын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қорларға үймереттер, ғимараттар, беріліс қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен құрылғылар, өндірістік, шаруашылық құрал- саймандар мен керек-жарақтар, жегіндік және өнімдік мал, көп жылдық екпеағаш, т.б. жатады. Өндірістік және бейөндірістік Негізгі қорларға бөлінеді. Ақшалай тұлғадағы Негізгі қорлар “Негізгі құрал-жабдық” деп аталады.“Негізгі құрал-жабдық” термині көбінесе бухгалтерлік есепте қолданылады, басқа жағдайларда “Негізгі қорлар” термині пайдаланылады. Келесі кестеде сіз негізгі қорлар қозғалысын көре аласыз:

4.1-кесте. Негізгі қорлардың қозғалысы

Көрсеткіштер

2018 жыл

2019 жыл

Ауытқуы

1Жыл басындағы болғаны, мың тг

343 000 000

372 660 000

+29 660 000

2Кіріс, мың тг

77 414 000

93 222 200

+15 808 200

3Шығыс, мың тг

 43 142 000

50 235 689

+7 093 689

4Жыл аяғында болғаны, мың тг

345 989 654

380 789 225

+34 799 571

5Жылдық өсім

2 989 654

8 129 225

+5 139 571

6Өсім проценті

8,7%

2,18%

-6,5%

7Шығу коэффициенті

12,5%

13,4%

+0,9%

8Жаңарту коэффициенті

26%

24%

-2%

                                         Негізгі қор жағдайы

9Жыл басындағы тозу құны

56 321 861

60 542 526

+4 220 665

10Жыл аяғындағы тозу құны

57 231 564

62 589 213

+5 357 649

11Жыл басындағы тозу коэффициенті

16,4%

16,2%

-0,2%

12Жыл аяғындағы тозу коэффициенті

16,5%

16,3%

-0,2%

13Жыл басындағы сақтану коэффициенті

83,6%

83,8%

+0,2%

14Жыл соңындағы сақтану коэффициенті

83,5%

83,7%

+0,2%

Ескерту: «Рахат» АО 2018-2019 жылғы есебінен алынған

2018 жылы мен 2019 жылы жыл басындағы негізгі қорлардың көрсеткіштерін салыстырғанда 29 660 000 тенге өскен. Ал кірісі 15 808 200 теңгеге, сонымен қатар шығысы да 7 093 689 теңгеге өскен. Бұл көрсеткіш жаман емес. Кірісі шығысынан көп болғандықтан, табыс болады. «Рахат» АҚ негізгі қорлардың қозғалысы 2018 жылы мен 2019 жылдың жылдық өсімін салыстыра келе, 5 139 571 тенгеге артқанын байқап отырмыз. Себебі жыл соғындағы табыс жыл басындағы табыстан көп болғандықтан жылдық өсім де артады. «Рахат» АҚ негізгі қорлардың қозғалысы 2018 жылы мен 2019 жылдың өсім процентін салыстырғанда 6,5% кеміген. «Рахат» АҚ негізгі қорлардың қозғалысы 2018 жылы мен 2019 жылдың шығу коэффициентін салыстыра отырып, 2018 жылы 12,5% ал 2019 жылы 13,4% көрсетеді. Бұл көрсеткіш 0,9% артқан. «Рахат» АҚ негізгі қорлардың қозғалысы 2018 жылы мен 2019 жылдың жаңарту коэффициентін салыстырсақ -2% төмендеген. Себебі, жыл аяғындағы сомма көп болуында. «Рахат» АҚ негізгі қор жағдайын салыстыра келе мынандай қорытынды жасауға болады: 2018 жылы 56 321 861 тенгені құраса, 2019 жылы 60 542 526 тенгені құраған. Бұл көрсеткіш 4 220 665 тенгеге өскенін басқап отырмыз. Жыл соңындағы тозу құны да артқан. 2018 жылдың жыл басындағы тозу коэффициенті 16,4 пайызды құраса, 2019 жылы 16,2 пайызды құрайды. Жыл соңындағы тозу коэффициенттерінде де айырмашылық бар. Ауытқуы -0,2 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішке жыл аяғындағы сомма мен жыл соңындағы тозу коэффициенті әсер етеді. «Рахат» АО 2018 жылы мен 2019 жылының жыл басындағы сақтану коэффициентін салыстырсақ 0,2 пайызға өскенін байқаймыз. Себебі, жыл басындағы тозу коэффициентінің аз болуында. Сәйкесінше жыл соңындағы сақтану коэффициенті де жыл соңындағы тозу коэффициентінің аз болуында. 2018 жылы мен 2019 жылының жыл соңындағы сақтану коэффициенті 0,2% құрады.

...

Скачать:   txt (35.6 Kb)   pdf (155.1 Kb)   docx (38.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club