Инклюзивті үрдістің тиімділігіне талдау жасау құралы ретіндегі мониторинг технологиясы
Автор: kozhaluck • Май 10, 2022 • Реферат • 872 Слов (4 Страниц) • 789 Просмотры
№15 тaқырып. Инклюзивті үрдістің тиімділігіне талдау жасау құралы ретіндегі мониторинг технологиясы
Мақсаты: қоғамдағы жеке тұлғаға деген қызығушылықтың жоғарлауы бала құқығы туралы мәселелерді қарастыруға соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік психикалық және медициналық-педагогикалық көмек көрсету және оны зерттеу мәселесіне байланысты жаңа мәселелерді белсенді қарауға мүмкіндігін ұғындыру.
Міндеті:
- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу.
Тәжірибелік сaбaқтың тaпсырмaлaры
- «Т» кестесі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары | Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың міндеттері: | |
1 | Медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге; | Барлық балаларды мектеп жүйесіне қосу және олардың теңдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектікке байланысты бұрыннан пайда болған «қайталама» кемістіктердің алдын алу немесе жою үшін, жеке және осы балалардың интеллектуалдық потенциалы, эмоционалдық, коммуникативтік, физикалық дамуы. |
2 | Дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге; | Қарапайым мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің міндеті – әлеуметтік жағдайына, физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық дамуына қарамастан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдау және осы балалардың қажеттіліктеріне бағытталған психологиялық-педагогикалық әдістер негізінде оларға жағдай жасау. |
3 | Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға; | Инклюзивті білім беруді табысты дамыту үшін әрбір білім беру деңгейінде мамандар қажетті көмек көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау үлгісін құру қажет. |
4 | Мемлекеттiк медициналық ұйымдарда, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тегiн тексерiлуге және тегін медициналық көмек алуға; | Негізгі міндет - әрбір оқушының жеке оң ерекшеліктерін анықтау, оның белгілі бір уақыт ішінде алған дағдыларын бекіту, мүмкін болатын жақын аймақты және игерілген дағдылар мен дағдыларды жетілдіру перспективасын белгілеу және оның функционалдығын мүмкіндігінше кеңейту. |
- «ПОПС» формуласы бойынша семинар тақырыбына қатысты мынадай сұраққа жауап беріңіз: «Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы –еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау» дегенді қалай түсінесіз?
- Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,ең бірінші ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өмір сапасын арттыру керек.Және де оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдату сондай ақ ол құралдарға қол жетімділігі.Оларға көңілі қалаған мамандықтарды таңдауға гранттар бөлу және соған толыққанды қатысуға мүмкіндік беру.»;
- Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін, бұндай балаларға ата ана мен арнайы мамандардың көмегі аса қажет етеді…Оларға өздерін танытып,айналасындағылармен араласуға мүмкіндік беру керек.Олар өте жасық келеді.Мүмкіндігі шектеулі жандардың бойында ерекше дарынды,талантты қасиеттер болады.Сол қасиеттерді жетілдіру барысында педагогтар балаға арналған жеке даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасаса,психолог мамандар өмірге деген талпынысын арттырса,білім сапасы артып, өз деңгейінде білім алуы мәселесі өз шешімін табар еді.
- Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын балалардың мүгедек болып келуі кім кімге де ауыр соққы.Осыдан кейін шаңырақтары шайқалып, әкелер жауапкершіліктен бойларын ала қашып, аналар тағдыр тауқыметімен жалғыз күреседі.Балаларды бағу барасында білім бемек түгілі сол баланың күнделікті бағуы машақат тудырып аналар күнделікті проблемалармен бетпе бет келеді.Олардың ішінде әсіресе арнайы білім мекемелерінің тапшылығы күрделі мәселе болып тұр.Бізге ата аналардың басын қосып балаларын дамытуға жағдай жасайтын орталықтар аса қажет. »;
- Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.Cүйену жылжу апараттары білім алуға оңтайлы ғимараттар оларға қатынайтын арнайы көліктер жәрдем көрсететін мединицалық мамандар бұл балалардың сапалы білім алу аясындағы заңдарды жетік білуі олардыңда толыққанды адам секілді өздерін сезінуі,қашықтықтан білім алу техникаларын қолжетімді ету керек. келдім
- Білім алу қажеттілігі ерекше балаға арналған жеке білім бағдарламасын құру мен жүзеге асыру
- «Фишбоун» әдісі
Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына «Ерте диагностикалау және балаларды ерте жастан түзету-педагогикалық қолдаудың тәсілдері» тақырыбын жазыңыз. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады[pic 1]
...