Діннің пайда болуы, оның ертедегі формалары
Автор: Gulsezim2 • Январь 25, 2023 • Реферат • 1,027 Слов (5 Страниц) • 261 Просмотры
Екінші апта
№2 дәрістің тақырыбы: Діннің пайда болуы, оның ертедегі формалары.
Дәріс мақсаты: Діннің пайда болу шарттарын түсіндіру. Алғашқы сенім формалары мен политеизмге дейінгі аралықтағы мыңжылдықтарға созылған діннің эволюциясын ұғындыру.
Тірек сөздер. Промонотеизм, тотемизим, анимизм, магия, фетишизм, шаманизм, табу, политеизм.
Дәрістің блок-схемасы (конспект немесе тезистер):
- Діннің пайда болуының негізгі теориялары.
- Діннің ертедегі формалары, теориялары.
- Көне заманның діни жүйелері.
1. Бүгінгі күні діни нанымдардың қарапайым формалары 40 мың жыл бұрын пайда болғанын ғана сеніммен айтуға болады. Болжамды түрде келтірілген алдындағыларға қарағанда, дене бітімімен, физиологиялық және психологиялық мінездемесімен катты ерекшеленетін және ұғымдар мен белгілі бір деңгейдегі абстракцияларды жасауға қабілетті ақыл-парасатты адамның (Homo Sapiens) пайда болуы да осы кезеңмен байланысты. Бұл кезеңнің мәдени ескерткіштеріне жан-жануарларға табыну, аңшылықта қолданылатын сиқыршылық белгілері сақталған. Сондай-ақ, сол кезеңде қайтыс болған адаммен бірге еңбек құралдары мен әшекей бұйымдарын бірге жерлеу дәстүрі белгілі болған. Алғашқы қауымдық құрылыстың даму сатысында жер өңдеу мен мал шаруашылығы өзара бөлінді. Осы кезеңде жаратушыдан жерден мол өнім алу үшін жаңбырдың көп болуын тілеу жоралғылары пайда бола бастады. Тарихтың сол кезеңінде діни нанымдардың болғандығы жөнінде алғашқы қауымдық адамдарды жерлеу практикасы куөландырады. Сапиентті адам өзінің жакындарын арнайы қабірлерге жерлегені және мөйһтің басында оны келесі өмірге дайындау рәсімдері алдын ала жасалатыны анықталған. Олардың денесін бояумен жаққан, қасына қару-жарақ, үй түрмысының затгарын, обзелдерді және т.с.с. қойған. Демек, алғ^ашқы адамдардың жер бетіндегі өмір- мен қоса, өлген адамдар мекен ететін басқа дүниенің болатындығы жөнінде түсініктері болған.
Діни нанымдар үңгірлік бейнелеу онерінің туындыларынан да көрініс тапқан. Ежелгі жартастық суреттердің басым бөлігі бұл аңшылық сахнасы, адамдар мен жануарлардың суреттері, кейде аң терілерін киген адамдар, ал кейде зооантроморфтық жаратылыстар. Бүл суреттерді талдау зерттеушілерге алғашқы адамның адамдар мен жануарлар арасында ерекше бір байлаиыс бар екеніне, сондай-ақ жануарлардың әрекетіне кейбір магиялық амалдар арқылы әсер етуге болатынына сенгендігі туралы корытынды жасауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ алғашқы адамдарда сөттілік әкелетін және қауіп-қатерді апастайтын әр түрлі заттарды қастерлеу кең таралғандығы анықталды.
2. Діннің ертедегі формалары, теориялары. Діни наным формаларының бірі португал сөзі fetisho – дан (магиялық зап) шыққан «фетишизм» деген латын сөзінен шыққан оны алғаш рет Батыс Африкада партугал теңізшілері ХҮ ғасырда тапқан, кейін фетишизмнің бірқатар баламалары әлемнің көптеген аймақтарында табылды. Діни нанымдардың басқа ежелгі формасы ретінде тотемизм адамдардьщ кандай да бір тобы (тайпа, фратрия, ру) мен белгілі жануарлардың немесе өсімдіктердің түрінің арасында ерекше оаи ланыстың бар екеніне сенім болып табылады. Діни наиымдардыч бүл формасының атауы “ототеман” сөзінен шыққан, ол солтүстік американдық үндістердің оджибве тайпасының тілінде “тегі онын дегенді білдіреді. Тотемизмді зерттеу барысында оның пайда болуы алғашкы кдуымдық адамның түрмыстық әрекеті - терімшілік жөне аңшылықпен тығыз байланысты болғаны анықталды. Адамдарға тіршілік етуге мүмкіндік беретін аңдар мен өсімдіюгер табыну объектісіне айналды. Тотемизм дамуының алғашқы сатыларында мүндай табыну тотемдік жануарлар мен өсімдіктерді тағамға пайдалануды жоққа шығармады, тіптен солай жасау үйғарылды.
...