Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кедей және бай адамдардың әдеттері!

Автор:   •  Апрель 29, 2022  •  Эссе  •  676 Слов (3 Страниц)  •  202 Просмотры

Страница 1 из 3

Кедей және бай адамдардың әдеттері!

Түпкісанадағы кедейлік. Кедей адамдар өткенді көп ойлайды, өмірінің көп бөлігін, уақытын өткенге арнайды.

Олар кез келген жерден пайда іздеп тұрады. Яғни, әр нәрседен пайда көріп қалуды ойлап, тегінге, акцияларға жүгіреді. Бейсаналы түрде мышлениесі оны соған итермелейді. Мысалға, дүкенге, базарға барғанда маған ең арзанынын сұрап, барлық қызметтің ең арзанын сұрайсыз. Сіз осылай жүре тұра байлыққа ұмтылып жүрсіз. Енді ойланып көріңіз,  кімдердің әдеттерін қайталап жүрсіз? Және де олар барлық мәселені ақша шешеді деп ойлайды. Бұл өте қате түсінік. Біз ақшаны бәрінен жоғары  қойып тастадық. Барлығын ақшаға тіреп қойдық. Шын мәнінде, мәселе біздің  ішімізде. Өзіңізден қашпаңыз! Жан дүниеңізге тереңірек үңіліңіз. Өзіңізден қашқан сайын, өзіңізден алыстай бересіз.Оның әсерінен өзіңізді танымайсыз, өзіңізді таппайсыз. Өзін таппаған адам ақшаны қиналып табады. Яғни, бұның барлығы бір бірімен шынжыр секілді байланыста.

Кедей адамның келесі әдеті мақсатсыз, жоспарсыз жұмыс жасайды. Ал, кімде нақты мақсат болмаса, оны үнемі негативті ойлар мазалайтын болады.

Кедей адам денсаулығына мән бермейді, сондай ақ өзіне келгенде ақшаны аяйды. Негізінде, біз құндылықтардың орнын ауыстырып алдық. Әсіресе, біз уақыт пен ақшаның құндылығының айырмасын білмейміз. Қараңызшы, уақыт ол тек қана кетеді, артқа жылжымайды. Ал, кеткен ақшаның орны қайтадан толады. Бірақ уақыттың орнын толтыра алмайсыз. Біз керісінше, уақытпен шығындалуға дайынбыз, бірақ ақшамен шығындалғымыз келмейді. Сондықтан, бірінші кезекте құндылықтардың орнын анықтап алыңыз. Яғни, өзіңізге «мен үшін бұл өмірде ненің құны маңыздырақ» деген сұрақты қойыңыз.Сол үшін өзіңіздің денсаулығыңызға, біліміңізге, сапалы өміріңіз үшін инвестиция салғанда әрдайым өзіңізге мен не үшін салып жатырмын деген сұрақты қоюды әдетке айналдырыңыз. Егер, ақша жұмсап шығындалғым келмейді, одан да бәрін өзім үйреніп аламын дейтін болсаңыз, онда сіз өзіңіздің ұзақ уақытпен шығындалатындығыңызды ұмытпаңыз. Егер таңдау жасайтын болсаңыз, бізге уақыттан гөрі, ақшамен шығындалу оңайырақ болады.

Олар жиі ренжиді. Өзінде болып жатқан оқиғаларға айналадағылардың барлығын кіналайды.Кінәні өзінен емес, үкіметтен, ата анадан, күйеуден түбінде келіп тағдырды кіналайды. Біз тағдырды кіналау арқылы, Аллаға қарсы шығып жатырмыз. Есіңізде болсын, сіз кез келген мәселеде  кінәліні іздейтін болсаңыз, онда сіздің түпкісанаңызда кедейшілік мышлениесі бар деген сөз.

Олар көп шағым айтады, ештеңеге көңілі толмайды. Яғни, ештеңеге разы емес. Адамға рақмет айта алмаған адам, Аллаға шүкіршілік ете алмайды деген хадис бар. Сондықтан егер де сіз айналадағы адамдардың жақсылығын көрмей, жақсы тұстарын байқамай оларды құнсыздандыратын болсаңыз, тура солай өзіңізді де құнсыздандыратын боласыз. Ал, өзіңізді құнсыздандыру, бұл тікелей сіздің самооценкаңыздың түсуіне алып келеді. Ал, самооценкаңыздың түсуі бұл ақшаға тікелей әсер етеді. Және ол әрдайым шағымданғанды жақсы көреді. Қиындығын адамдарға айтып, олардың оны аяғандығын қалайды. Асылында, біз қиындығымызды адамдардан мүмкіндігінше жасырып, оны тек Алламен бөлісуіміз керек. Бұның барлығы бізді кедейлік мышлениеге сүйрейді.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (46 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club