Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі

Автор:   •  Январь 26, 2019  •  Лекция  •  1,817 Слов (8 Страниц)  •  2,498 Просмотры

Страница 1 из 8

Тақырып 1.2.Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі

1.Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі

2.ҚРда қолданылатын есеп айырысу түрлері мен нысандары

3.Банк көшірмесі және оны өңдеу тәртібі

4.Жолдағы және арнайы шоттардағы ақша қаражатының есебі

І. Кәсіпорын, ұйымдар өз қызметтерінің сипатына байланысты ақша қаржыларын банкте есеп айырысу, ағымдағы шоттарды сақтайды. Субъектілердің арасында пайда болатын шаруашылық қызметтер процесінде белгілі бір талаптар мен міндеттмелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлемдер жүйесін ұйымдастыру қажет. Кәсіпорын, ұйымдардың арасындағы төлем айналымы нақты ақшасыз ІІ-ші деңгейдгеі банк мекемелерінде ашылған банктік шоттардың жүйесі арқылы жүргізіледі. Банк шоты –банк пен клиент арасында ақша қабылдау және клиентке банктік қызмет көрсету жөніндегі шарттық қатынастарды көрсету тәсілі.

Банк шоттары банк пен клиент арасындағы банк шотының шарты, банктік салым шарты жасалған кезде ашылады.

Банктердің теңгеде және шетел валютасында шот ашуға және жүргізуге құқығы бар. Олар:

1. Ағымдағы шот - жеке және заңды тұлғаларға

2. Жинақ шот - жеке және заңды тұлғаларға

3. Корреспонденттік –банктердің және де банктік операциялрды орындайтын банктік емес ұйымдарға.

Ағымдағы шот –банк шотының шарты негізінде банктің клиентке ашатын банк шоты.

Жинақ шоты –банк салымының шарты негізінде клиентке тиесілі ақшаның болуын қамтамасыз етуге және банктің оны пайдалануын, шартта айқындалған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге байланысты операцияларды орындау үшін банктің клиентке ашатын банк шоты.

Корреспонденттік шот –корреспонденттік шот шарты бойынша банкке басқа банктен ашылған, банктің және оның клиенттерінің банк операциялары жүзеге асыратын банктік шот.

. Банк клиентке ұлттық немесе шетел валютасында ағымдағы есеп шотты банктік есепшот шарты негізінде ашылады. Клиент банк көрсеткен қызметтер үшін осы шартта қарастырылған талаптарды орындай отырып, белгіленген тарифтерге сәйкес төлем жасайды.

Банктік есепшот шарты клиенттің шот ашуға өтініші негізінде толтырылады.

Банктік есепшот шартының негізгі реквизиттері: шарттың мәне, ақшаны басқару тәртібі, банктің міндеттері, клиенттің міндеттері, шарттың әрекет ету мерзімі және өзге талаптар.

Клиенттердің банктік есеп шоты бойынша барлық операцияларды клиенттердің келісімімен ғана жүргізіледі. Банк шоттарының жабылуы, клиенттердің шотын жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті –заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса шоттарда 1 жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлғаларда 3 жылдан аса, онда орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды және жеке тұлғалардың банктік шотты ашқаны және жабылғаны туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабар ету керек.

Банкте есеп айырысу шотын ашуға негіз болатын құжаттар тізімі:

• Шот ашуға өтініш.

• Клиенттің салықтық есепте тұрғанын растайтын салық төлеушінің тіркеу номері.

• Мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын куәлік көшірмесі.

• Нотариалды расталған жарғы (Устав) көшірмесі.

• Статистикалық есепте тұрғаны туралы куәлік көшірмесі.

• Нотариалды рсаталған қол үлгісі бар карточка (3данада)

2.Банк арқылы нақты ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі ҚРның «Төлемдер ж/е ақша аударымдары» заңына және Ұлттық банктің нұсқауларымен реттеледі.Нақты ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін есеп айырысу

...

Скачать:   txt (27.7 Kb)   pdf (65.3 Kb)   docx (20 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club