Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу

Автор:   •  Декабрь 5, 2019  •  Курсовая работа  •  4,094 Слов (17 Страниц)  •  2,023 Просмотры

Страница 1 из 17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

[pic 1]

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

«ЖАБДЫҚТАУШЫЛАР МЕН МЕРДІГЕРЛЕРДІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ»

3-курс студенті

Низамова Динара

МАМАНДЫҒЫ «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ»

ЖЕТЕКШІСІ

Қамытбекова Э.Ж.

Алматы 2019

МАЗМҰНЫ

  1. КІРІСПЕ................................................................................................................3
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ...................................................................................................4

1. ЖАБДЫҚТАУШЫЛАР МЕН МЕРДІГЕРЛЕРДІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ................................4

  1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың мәні және қолма-қолсыз есептесу нысандары..............................................................4
  2. Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық берешектері бойынша шоттар корреспонденцияларын құру..............................6
  3.  Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды құжаттау...................................................................................................................8
  4. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды есепке құжаттық ресімдеудің ерекшеліктері....................................................................9
  1. ЖАБДЫҚТАУШЫЛАР МЕН МЕРДІГЕРЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ («ЖАННА» ЖШС МЫСАЛЫНДА).........................12
  1. «Жанна» ЖШС-ның қаржы жұмысын ұйымдастыру..........................................................................................................12
  2. «Жанна» ЖШС-да жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептеулер жүргізу................................................................................................13
  1. ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................18
  2. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................19
  3. ҚОСЫМША

        

КІРІСПЕ

Қазақстандық бухгалтерлік есептің ХҚЕС көшуіне байланысты қазіргі нарықтық жағдайында бухгалтерлік есеп басқару шешімдерін қабылдауда маңызды орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Осы қаржылық есептілік бойынша, қазіргі таңда, жабдықтаушылар мен мердігерлермен және сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысуға көп көңіл бөлінуде. Нарықтық экономика жағдайында кеңінен таралған есептеу түрі – жабдықтаушылармен шикізатқа, материалдарға, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да құнды заттарға есеп айырысу болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегі бойынша есеп айырысуды және бухгалтерлік есебінің теориялық негіздерін зерттеу болып табылады.

Мен, «Жанна» ЖШС-ны мысалға ала отырып, курстық жұмыстың мақсаты бойынша тиісті зерттеулер жүргізетін боламын. «Жанна» ЖШС-ны таңдау себебім, ол жиһаз сатумен және қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстандағы ірі жиһаз орталықтарының бірі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей, Атырау қалаларында бірнеше филиалдары бар. Сонымен қатар, менің курстық жұмысымның тақырыбына сай келгендіктен, осы сауда орталығын мысалға алу арқылы алдағы зерттеулерімді жеңілдетуге болады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық берешектерімен есеп айырысудың теориялық  мәнін мен мазмұнын ашу;
  2. Кредиторлық берешек ұғымы мен мәнін ашу;
  3. Есеп айырысу бойынша шот проводкаларын құру;
  4. «Жанна» ЖШС-дағы кредиторлық берешектерге талдау жасау;
  5. Есеп айырысу бойынша құжаттардың рәсімделуін зерттеу;
  6. Қорытынды жасау және кредиторлық берешекті есепке алу бойынша бірқатар шараларды жасау.

Аталған міндеттерді орындау барысында «Жанна» ЖШС-ның бухгалтерлік есеп мәліметтері, нұсқаулық материалдары және пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген өзге де ақпараттар қолданылды.

  1. ЖАБДЫҚТАУШЫЛАР МЕН МЕРДІГЕРЛЕРДІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ

1.1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың мәні және қолма-қолсыз есептесу нысандары

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әртүрлі қызмет түрін көрсетушілер және әртүрлі жұмыс орындаушы кәсіпорындар мен ұйымдар да жатады.

...

Скачать:   txt (68.3 Kb)   pdf (495.7 Kb)   docx (315.5 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club