Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дүниежүзілік экономика

Автор:   •  Февраль 14, 2018  •  Лекция  •  1,519 Слов (7 Страниц)  •  1,728 Просмотры

Страница 1 из 7

3.7. Дүниежүзілік экономика

Жоспар:

  1. Еркін сауда және капитал.
  2. Халыңаралың валюта жүйесі.
  3. Экономикалың интеграция.
  1. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.

I. Капитал шығару - бүл ұлттық айналымнан капиталды шетке шығару, ңазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардық маңызды нысаны. Капиталды шетке шығару тауар экспортының көп жылдың монополиясын бұзды. Капиталды шетке шығару халықаралық экономикалық жүйесінде басым рөлге ие болуда. Экономикалық ынтымақтастың және даму ұйымдарының деректеріне қарасақ, 80-жылдары тікелей инвестициялардың орташа жылдың қарқыны 34 % -ға жетіп, дүниежүзілік сауда қарқынынан 5 есе артық болған.

(Капиталды шетке шығару дегеніміз - капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып, тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Ең алғаш капиталды шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елдер шұғылданды. Олар өз капиталдарын дүниежүзілік шаруашылықтардан тыс қоры мемлекеттерге шығарды. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы бұл процестің шеңберін үлғайта түсті, сөйтіп капиталды шетке шығару дамыған елдермен қатар дамушы елдердің де тіршілігіне айналды.

Капиталды шетке шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан іскерлік пайда немесе пайыз табу мақсатында ол шетке шығарылады.

XX ғасырдың 90-жылдары басында бүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-200 млрд. долларға жеткен. Қазіргі таңда өзінің өсу қарқыны бойынша капитал экспорты тауар экспортын да, өнеркәсібі дамыған елдердің ішкі жиынтың енімі есуінің қарқынын да артта қалдырды. Капиталды шетке шығару келемінің жедел өсуі оның халықаралың ауысуын күшейтті.

Капиталдың халықаралың ауысуы дегеніміз - капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде елдер арасындағы қарама-қарсы қозғалысы. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да, импорттаушы да болатын жағдай.

ІІІ. XX ғасырдың орта шеңінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.

Валюталық қатынастар дегеніміз - дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалың қатынастар- дың жиынтығы. Валюталың қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттың валюта жүйесін қамтиды.!

Ұлттың валюта жүйесі дегеніміз - мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны.

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

  1. Ұлттық валюта бірлігі;
  2. Ресми алтын-валюта қорының құралымы;
  3. Ұлттық валютаның паритеті мен валюта бағамын қалыптастыратын механизм;
  4. Валютаның айырбастау мүмкіндіктері;
  5. Валюталың шектеулердің деңгейі;
  6. Мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі, т.б.

Ұлттың валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның бағамы мен паритеті жатады. Валютаның бағамы дегеніміз - жекелеген елдердің валюталарының ара қатынасы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының «бағасы».

Паритет - валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес арақатысы.

Халықаралық валюта жүйесі - дүниежүзілік шаруашылық аясындағы валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

...

Скачать:   txt (23 Kb)   pdf (145 Kb)   docx (17.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club