Метеорология және климатология пәні нені қарастырады?
Автор: Balzhan0303 • Сентябрь 29, 2021 • Контрольная работа • 814 Слов (4 Страниц) • 854 Просмотры
1-дәріс
1.Метеорология және климатология пәні нені қарастырады?
Метеорология (гректiң meteora – атмосфералық құбылыстар және logos–
iлiм деген сөздерiнен шыққан) – жердiң ауа қабаты – атмосфера туралы ғылым.
Метеорология-жер атмосферасындағы физикалық процестер туралы ғылым. Метеорология ауаның құрамын, тығыздығын, температурасы мен ылғалдылығын, сәуле энергиясын, ауа массаларының қозғалысы мен түзілуін, бұлттарды, дауылдар мен жауын-шашындарды, қатқақтарды, құрғақшылық пен Әлемдік теңіздермен және құрлық бетімен өзара әрекеттескен жер атмосферасындағы басқа да құбылыстарды зерттейді.
Метеорологияның негiзгi шешетiн мәселелерiне атмосферада жүрiп жатқан процесстер мен құбылыстарды зерттеу, олардың пайда болу заңдылықтарын анықтап болашақта қалай дамитынын болжау және оларды басқару мүмкiндiктерiн анықтау жатады.Атмосферадағы орын алатын құбылыстар метеорологиялық құбылыстар деп аталады.
Климатология(климат және logos – ілім) – климат және оның типтері, қалыптасуы, жер бетінде таралуы және уақыт бойынша өзгеруі туралы ғылым. Климатология-климат туралы, яғни қандай да бір жерге оның географиялық жағдайына байланысты тән келетін атмосфералық шарттар, климаттың қалыптасу заңдылықтары және оның өзгерістері туралы ғылым. Климатология климаттың генезисін, яғни географиялық факторлардың әсерімен, климатқұрушы процестердің арқасында, климаттың орнығуын зерттейді.
Климатология география ғылымдары жүйесіне кіреді. Климат қалыптастырушы процестердің табиғаты геофизизикалық болғандықтан, Климатология геофизизикалық ғылым ретінде метеорологиямен тығыз байланысты. Кейде климатологияны метеорологияның географилық бөлімі ретінде қарастырады. Көп жылдық метеорологиялық бақылау деректерін статистикалық өңдеуден алынған климат типтері және олардың Жер шарында таралуы туралы нақты материалдар климатографияның (климат және грек. grapho – жазамын, сипаттаймын) мазмұны болып табылады.
2.Метеорология және климатологияда қандай іздестіру әдістері бар?
Метеорологияның зерттеу тәсілдері :
а) Метеорологиялық бақылаулар – ол метеорологиялық шамаларды өлшеу және метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сапалы бағалау.Бақылау - негізгі зерттеу тәсілі.
Станциялар мен бекеттерде жүргізілетін метеорологиялық бақылаулар ауыл шаруашылығының көптеген және әртүрлі практикалық сұраныстарын қанағаттандыру үшін, сонымен қатар ғылыми өңдеулер үшін қажетті негізгі мәліметтерді береді. Осы және басқа жағдайларда сапасы нақты қатаң бекітілген талаптармен жауап беретін бақылаулардың мәліметтері қолданылуы мүмкін. Метеорологиялық бақылауларға қойылатын негізгі талаптар осы бақылаулардың репрезентативтілігі (сипаттылығы), үздіксіздігі, дәлдігі, біртектілігі және салыстырмалығы болып табылады.
ә) Эксперимент - шектеулі мөлшерде ғана қолданылады, себебі табиғи жағдайда атмосфералық құбылыстарды адам тәжірибе ретінде жұргізе алмайды. Қазіргі кезде лабораторияда және табиғи жағдайда тәжірибелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мысалы, бұлттардағы физикалық процестерді модельдеу, арнайы камерада жасанды бұлт жасап, оның дамуын бақылау арқылы жүргізіледі.
б) Теориялық тәсіл - барлық ілімдерде кеңінен қолданылады,көпжылдық метеорологиялық бақылау нәтижелерін талдап,атмосфералық процестердің заңдылықтарын анықтауға болады; қойылған мақсатына қарай метеорологияда келесі түрлері қолданылады:
- статистикалық талдау
- корреляция тәсілі;
- эмпирикалық теңдеу тәсілі;
- физика-математикалық талдау;
- модельдеу.
В) картографиялық - метеорологиялық мәліметтер жиынтығын кеңістік және уақыт бойынша таралуын көрсету.
3)Метеостанция дегеніміз не?
Метеорологиялық cтанция– атомосфералық өзгерістерді бақылап отыратын мекеме. Негізгі міндеті метеоролиялық құбылыстардың белгілі бір мерзім ішінде өзгеруін анықтау. Алғашқы Метеорологиялық Станциялар 18 ғасырда пайда болып, жеке ғалымдар, ғылыми қоғамдар ауа райына бақылау жүргізе бастады. Метеорологиялық Станция құрамына метеорологиялық алаң (мұнда термометрлі және гидрометрлі психрометрлік үйшік, жел жылдамдығын өлшейтін аспаптар, жаңбыр өлшеуіш, топырақ термометрі, т.б. орнатылады) мен мекеме үйі (ішінде барометр, даладағы аспаптардың көрсетулерін тіркейтін қондырғылар болады) кіреді. Бақылау жұмыстары қабылданған стандартты бағдарлама бойынша 3 немесе 6 сағат сайын, кейде сағат сайын жүргізіліп отырады. Осыдан алынған мәліметтер шартты белгілерге түсіріліп, ауа райын зерттейтін орталыққа, авиациялық метеостанцияға, т.б. жіберіледі. Көптеген Метеорологиялық Станциялар бұған қоса агрометеорологиялық бақылау, күн радиациясының қарқындылығы мен радиациялық балансты, топырақтан ауаға булану мөлшерін, т.б. анықтау жұмыстарын жүргізеді. Метеорологиялық Станция кемелерде де, адам тұрақты қоныстанбаған аудандарда (автоматтық метеорологиялық стансада) ұйымдастырылады. Метеорологиялық Станцияның ауа райына жүргізген бақылаулары ауыл шаруашылық салаларын ауа райының қолайсыз жағдайларынан алдын ала сақтандырады. ҚР Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау басқармасының Метеорологиялық Станцияларында атмосферадағы метеорологиялық құбылыстарды бақылап отырады.
...