Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы және шетелдің салық жүйесін салыстыру

Автор:   •  Июнь 18, 2022  •  Реферат  •  2,729 Слов (11 Страниц)  •  15 Просмотры

Страница 1 из 11

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                     [pic 1]

       

Факультеті: Экономика және Бизнес Жоғарғы Мектебі                   Кафедра: Қаржы және Есеп

                         

                                   

             РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

  Қазақстан Республикасындағы және шетелдің салық жүйесін салыстыру

                             Орындағандар: Әсілова К.М.

Сағынтай.Д.Ж.

                                Қабылдаушы:Кукиев.А.Д.

 

                                     Алматы  2022ж

Қазақстан Республикасындағы және АҚШ-тың салық жүйесі

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

 Қазақстан мен АҚШтың салық жүйесінің ерекшеліктері

3. Қорытынды бөлім

Кіріспе

   Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Ал  салық жүйесі осы салықтардың түрлерінің жиынтығын, олардың нысандары мен алу әдістері және салық қызметі органдарының жиынтығын құрайды. Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды. Осы ретте біз Қазақстанның салық жүйесі мен АҚШ-тың салық жүйесіндегі ерекшеліктерде қарастыратын боламыз. Осында ерекшелікті алып қарайтын болсақ салық түрлерінен АҚШ-та  федералдық, мемлекеттік, жергілікті деңгейлерде жеке салықтар бар және де ‎Салықтар АҚШ-та жалақы, жылжымайтын мүлік, сыйлықтар, дивидендтер, сондай-ақ сатудан, капиталдан, импорттан түсетін пайда сияқты барлық табыстарға тиесілі болып келеді. Біздің мемлекетте  Салық туралы кодекс бойынша 11 салық түрі мен алымдардан 13, төлемақыдан 9, мемлекеттік баж бен 4 кедендік төлемдер жүйесі бар. Біз қарастырғалы отырған АҚШ пен Қазақстан республикасының  белгілі бір мөлшерлемеде төлейтін пайыздық көрсеткіштері жағынан болсын, айырмашылықтар бар.

Негізгі бөлім:

  1. Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері

Біздің Қазақстан мемлекетінде салық жүйесінің құрылуы тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшкен кездерден бастау алады.

Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Біздің мемлекетте салық жүйесінің даму мен қалыптасуының негізгі төрт кезең бар деп ажыратамыз. Мұндағы:

  • Бірінші кезең 1991-1994 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделі және іске қосылу болды. Осы кезеңде жеткен әлеуметтік-экономикалық нәтиже ол –тәртіпсіздік элементтері мен қарсыластықтан ажырамаған халықтық салық жүйесі құрылды.Салық салымының негізінің жинақталуы жүзеге асты.
  • Екінші кезеңде 1995-2000 жылдары нарықтық экономика талаптарына сай салық жүйесінің құрылуы аяқталды. Экономикалық өсуге негіз болған макроэкономикалық тұрақтылыққа жеттік. ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
  • Үшінші кезең 2001-2008 жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жалпы ұлттық табыс тәрізді макроэкономикалық көрсеткігтердің өсуін сипаттайтын экономикалық өсудың басталуымен байланысты.Осы кезеңде   мемлекетке түсетін салық түсімдерінің  санын арттыратын салық базасы ұлғаюының объективтік үрдісі басталды.
  • Төртінші кезең 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген жаңа Салық Кодексімен байланысты. Жаңа Салық кодексінің қабылдануы – қазақстандық салық заңнамасының дамуының жаңа кезеңі болды. Оның баптары белгілі бір деңгейде салық саясатының негізгі мақсаты мемлекет пен салық төлеушінің мүдделерін үйлестіретін салық жүйесін құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осылайша Қазақстандық салық жүйесінің дамуы 4 кезеңмен көрсетіледі.

Енді Американдық салық жүйесінің дамуына тоқталсақ, оның өзінің де заманауи дамуы бір күнде пайда болған жоқ. 19 ғасырда АҚШ-тың федералды бюджеті негізінен кедендік баждар мен салықтардан, акциздерден, сондай-ақ мемлекеттік жер учаскелерін сатудан түскен кірістерден қалыптасты. 20 ғасырда Америка Құрама Штаттарында 1920, 1960 және 1980 жылдардағы бірнеше ірі салық реформалары мен «салық төңкерістері» болды.

...

Скачать:   txt (37.7 Kb)   pdf (243.1 Kb)   docx (73.5 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club