Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Салық саясаты. Салық жүйесі

Автор:   •  Октябрь 24, 2019  •  Контрольная работа  •  1,754 Слов (8 Страниц)  •  630 Просмотры

Страница 1 из 8
  1. Салық саясаты және оның типтері, түрлері.

2. Салық салудан жалтарыну және оның салдары.

3. Алымдар, баждар, төлемдердің түрлері және арналы

1 Салық саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатын салықтық инструменттер, салық мөлшерлерлемелері, жеңілдіктер көмегімен жүзеге асыру және мемлекеттің экономикаға араласу деңгейін көрсетеді. Салық саясатының активті және пассивті түрлерін бөледі. Активті түрі – мемлекеттің экономиканың жеке секторына өндірістік ресурстарды орналастыру процесіне араласуы және экономикалық циклды реттеу: жоғары номиналды салық мөлшерлемелері орнатылады, салықтық жеңілдіктердің кең көлемі ұсынылады, прогрессивті салық мөлшерлемелері қолданылады. Пассивті түрі – жеке сектордағы ресурстарды орналастыруға мемлекеттің қатысуын минималдау: салықтық жеңілдіктердің шектеулі көлімі жағдайында номиналды салық мөлшерлемелерін төмендету.

ҚР-ғы салық саясатыактивті түрден пассивті түрге бірте-бірте ауысуда. Мемлекеттің салық саясатының негізгі бағыттары және тапсырмалары. ҚР экономикасында салықтар мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін құруда маңызды рөл атқарады. Соңғы кездердегі салықтық түсімдердің бюджеттік түсімдердегі үлес салмағы 70-80% құрап отыр, ал дамығын нарықтық экономикасы бар елдерде бұл көрсеткіш 50-55% шамасында.

ҚР салық саясатының негізгі мақсаттары және міндетері: 1) Бюджеттік түсімдердің теңдігі, яғни салықтық түсімдер көлемі мемлекеттік шығындарды қажетті көлемін жабуға жеткілікті болуы тиіс; 2) Экономикалық бейтараптылық, бұл дегеніміз тұтынудың барлық формаларына, өндірістік қажеттіліктерді санамағанда жанама салықтарды қолданудың бірдейлігі; 3) Салықтық саясат жинақтар мен инвестициялардың өсіміне бөгет жасамауы тиіс; 4) Салықтық әділеттілік, ол көлденең және тік аспектілерге ие, яғни көлденең аспектілер дегеніміз экономикалық қарым-қатынастардың барлық қатысушыларына заңның бірдей қызмет атқаруы, ал тік –жеке қатысушылар үшін ерекшеліктерді есепке алу мүмкіндіктері; 5) Салық мөлшерлемелерінің төмендігі экономикалық қарым-қатынас қатысушыларыны тарапынан жағымсыз әсеріне ықпал етеді.

Салық саясатының аясында 2014-2018 жылдары салықтардың табыстарды бөлуге арналған мемлекеттің әділетті құралы ретіндегі әлеуметтік маңызға ие, ынталандырушы және фискалды функциялары нығаяды. Осыған орай орта мерзімді кезеңде салық саясатының шаралары келесілерге бағытталады: - «жасыл» экономика принциптерін ескере отырып экономика және инновациялардың басымлыққа ие секторларын ынталандыру мақстанда салықтық жеңілдіктердің тиімділігін жоғарылату; - салықтарды табыстан алу және жерлерді пайдалану тиімділігін көтеру мақсатымен АӨК субъектілеріне салық салуды реформалау; - бизнестің әлеуметтік бағдарлануына қажет қосымша салықтық ынталандыруларды енгізу.

2 Салық төлеуден жалтарыну - салықтық телемдерді толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектін (табысты, пайданы, тауар айналымын, мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік бюджет едәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, өңірде және т.б. құн козғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады. Салық төлеуден жалтарынудың себептері әртүрлі болуы мүмкін:

  1. шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкүндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің «көлеңкелі» («калтарыстағы») экономикаға кегуіне жәрдемдеседі;
  2. салық заңнамасының күрделілігі, сонымен бірге анық еместігі, нұскаулықтар мен ережелердің кағидалары мен нормаларын түрліше түсіндіретін ондағы толықтырулардың, өзгерістердің, түзетулердің көптігі;
  3. салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер: жұмыскерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, экономикалықбілімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білу; тексерулер кезіндегі жұмыскерлердің адалдықка жатпайтын іс-қылықтары;
  4. салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсатымен субъектілердің оларды төлемеуге касакана, әдейі ұмтылуы және т.б.

«Көлеңкелі экономиканың» орасан зор ауқымы, басқа елдердің банк мекемелеріне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтің шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерін төмендету жөніндегі табысты күш салулары мемлекет бақылауынан салықтық түсімдердің аса ірі сомаларын шығарады.
Кейбір мәліметтер бойынша триллион теңге мөлшеріндегі табыстар салықтан жасырылып қалады, Қазақстандағы 
құпия экономика ішкі жалпы өнімнің үштен бірінен 40 пайызына дейін құрайтын көрінеді. Құпия экономикадағы жаман жағдай оның салық базасын мемлекеттің қаржылық ресурстарын молайту үшін пайдалануға мүмкіндік бермейді. «Қосарлы» есеп жүргізудің практикасы қалыптасқан: ресми органдар үшін және кәсіпкерлердің меншікті пайдалануы үшін; біріншісінде қызметтің тек аз болуы мүмкін нәтижелері, екіншісінде басқару мен бизнесті дамытуға қажетті, ақиқатты нәтижелер көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (27.8 Kb)   pdf (153.7 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club