Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйымдардағы топтар мен командалар

Автор:   •  Ноябрь 24, 2021  •  Реферат  •  7,193 Слов (29 Страниц)  •  388 Просмотры

Страница 1 из 29

   

Ұйымдардағы топтар мен командалар

Топтар – ұйымдардың ажырамас бөлшегі. Топтар ұйымдағы жұмыстардың сәтті аяқталуының негізі және олар ұйымның қалыпты құрылымдық шекараларының ішкі және сыртқы бөлімдерінде пайда болады.2 Топ406 дегеніміз – ортақ мақсатқа жету жолында тұрақты түрде өзара байланыста болатын екі немесе одан да көп адамдардың жиыны. Топтың немесе команданың мақсаты жаңа жарнама науқанын жүргізу, ақпаратты бейресми бөлісу, маңызды шешім қабылдау, әлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз ету сияқты алуан түрлі болуы мүмкін.

Топтар мен командалардың түрлері

Жалпы ұйымдарда қызметтік топтар, бейресми немесе мүдделі топтар және тапсырма орындау топтары сынды командалар мен топтардың негізгі үш түрі болады.3 Оларды Жалпы ұйымдарда қызметтік топтар, бейресми немесе мүдделі топтар және тапсырма орындау топтары сынды командалар мен топтардың негізгі үш түрі болады.3 Оларды 18.1-сызбадан көре аласыз.

Әрбір ұйым әртүрлі топтардан тұрады. Мына ойдан құрастырылған ұйымның қызметтік тобы қызғылт түспен, кросс-қызметтік тобы сары түспен және бейресми тобы жасыл түспен берілген.

[pic 1]

Қызметтік топтар407 – ұйымның жүзеге асырылу уақыты нақтыланбаған мақсаттарына қол жеткізу үшін құрылатын тұрақты топтар. Target компаниясының жарнама департаменті, Florida Atlantic University-дің менеджмент департаменті, Mayo Clinic-тің медбикелер құрамы функциялық топтарға жатады. Мәселен, Target-тің жарнама департаменті тиімді жарнама компанияларын жоспарлау, сауда көлемін өсіру, дүкен ішіндегі промоушн және компанияның ерекше идентификациясын дамытумен айналысады. Функциялық топтар жүктелген міндеттерін атқарып болғаннан кейін де өз қызметін жалғастыра береді. Оларға ескі міндеттердің орнына жаңа міндеттер артылады.

Қызметтік топ – ұйымның тұрақты тобы. Мына аурухананың дәрігерлер, медбикелер және техникалық қызметкерлерден тұратын жедел жәрдем ұжымын қызметтік топ ретінде қарастыруға болады.

Бейресми немесе мүдделі топтарды408 ұйымның мақсаттарына қатысы бар немесе қатысы жоқ міндеттерді жүзеге асыру үшін топтың өз мүшелері құрады. Сондай-ақ бейресми топтың қызметінің уақыт аралығы нақтыланбайды. Күн сайын бірге түстенетін қызметкерлер тобы жұмыс өнімділігі, қаржы мәселелері немесе жергілікті саясат пен спорт жайлы әңгімелесуі мүмкін.4 Бірге тамақтану жалықтырмайынша, олар күн сайын түскі асын бірге ішіп жүре береді. Ал бірге түстену мәнсіз болып қалғанда, олар жаңа адамдар тобын іздейді немесе басқа іс-әрекетпен айналысу туралы ойлана бастайды.

Бейресми топтар менджерлер назардан тыс қалдыра алмайтын қуатты күшке айнала алады.5 Бір жазушы сипаттағандай, жиһаз фабрикасының бір топ қызметкері бастықтарының жұмыс күшін арттырмақ болған талпыныстарын жоққа шығарып тастаған. Олар басшылыққа білдірместен қатты құлшыныс танытпай, ақылға қонатындай деңгейде жұмыс істеуге келіседі. Бір жұмысшы өзінің аяқтап қойған жұмыстарын өзінің жұмыс өнімділігі басқалардікінен әлдеқайда төмендеп кеткен кезде жарыққа шығарамын деп жасырып қояды. Тағы бір мысал: көлік жасайтын зауыттың жұмысшылары клиенттер наразылығын тудыру үшін өздері құрастыратын көліктердің есігінің ішкі жағына сусынның босаған қағаз қаптамасын қалдырып кететін болған.6Әрине, бейресми топтар әріптестері қайғыға душар болған кезде, оларға қолдау білдіретін позитив күшке айналуы мүмкін. Мәселен, бейресми топтың өкілдері сондай жанашырлық танытқан бірнеше жағдайға адамдар 2015 жылы АҚШ-тың оңтүстік-батысында нөсер жаңбырдан кейінгі су тасқыны кезінде куә болған.

Соңғы жылдары интернет түрлі бейресми немесе мүдделі топтардың көптеп пайда болуына платформа ретінде жағдай жасауда. Мысал келтірсек, Yahoo! компаниясында ортақ мүдделер аясында топтасқан түрлі бейресми топтар бар. Көп жағдайда осы 

топтар компаниядағы қызметкерлер санын қысқарту салдарынан жұмыстан шығып қалған бұрынғы әріптестердің бір-біріне электрон хат арқылы рухани қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс табуға жәрдемдесу мақсатында құрылады.7

Тапсырма орындаушы топтар409 – салыстырмалы түрде ұжымның кіші мақсаттарын нақты немесе келісілген уақыт аралығында іске асыру үшін құрылатын топтар. Көптеген комитеттер мен тапсырма күштері тапсырма орындаушы топтарға жатады. Ұйым топ мүшелерін анықтап, оларға жаңа өнімді жасап шығару немесе арыз-тілектерді бағалау секілді нақты тапсырмалар жүктейді. Сондай тапсырмаларды жүзеге асырудың нақты уақыт аралығы белгіленеді (комитетке 60 күн ішінде ұсыныс жасау тапсырылуы мүмкін) немесе келісілген уақыты көрсетіледі (жоба тобы жаңа өнімді дайындап шыққан соң тарап кетеді).

...

Скачать:   txt (104.4 Kb)   pdf (2.3 Mb)   docx (2.1 Mb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club