Шпаргалка по "Менеджменту"
Автор: Nazgul08 • Май 31, 2023 • Шпаргалка • 3,031 Слов (13 Страниц) • 140 Просмотры
Билет №1
1.Муниципалды менеджменттің теориялық негіздері
XIX ғасырдың соңында пайда болып, менеджмент XX ғасырдың 30 жылдары ерекше əйгілілікке ие болды. Сол кездің өзінде басқару іс-əрекеті ерекше мамандық ретінде қарастырылған, ал білім саласы – дербес пəн болып қарастырылды. Менеджменттің қалыптасу жəне даму қарқыны бойынша менеджерлердің əлеуметтік тобы айтарлықтай ауқымды қоғамдық күшке айналды. Зор экономикалық, өндірістік, ғылыми-техникалық жəне ақпараттық потенциалға ие алып корпорациялар пайда болған уақытта менеджерлер ролі арта түсті. «Менеджмент» термині басқару мағынасында АҚШ-та пайда болды, бірақ қазіргі уақытта бүкіл əлемдегі əрбір білімді адамға белгілі болды. Жалпылама түсінікте менеджмент - бұл өзге адамдардың еңбегін, интеллектін, іс-əрекет себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу ептілігі. Осылайша, тар мағынада менеджмент деп кез-келген экономика саласында (өнеркəсіп, ауылшаруашылығы, сауда-саттық, құрылыс, көлік, банк іс-əрекеті) жəне кез-келген іс-əрекет саласында (өндіріс, сату, қаржы) адамдарды басқару бойынша кəсіби іс-əрекет түрін түсінуге болады.
2.Муниципалды менеджменттің пəні жəне ғылыми əдістері
Муниципалдық менеджмент – аймақтық əлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқаруды оқытатын экономикалық білімдер шеңберіндегі ғылыми пəн. Қазіргі экономикалық ғылымда «менеджмент» түсінігі рыноктік экономика мəселелеріне жауап беретін басқарудың тиімді типі ретінде қаралады. Муниципалды менеджмент жергілікті меншікті басқару формасы ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруға ұқсас. Экономикалық бағыттағы мамандықтардың оқу үрдісіне енгізілген басқа да жаңа экономикалық пəн тəрізді муниципалды менеджмент пəні де мемлекеттік жəне жергілікті басқару бойынша болашақ мамандардың игеруіне қажетті жаңа түсініктер, терминологиялар ұсынады. «Муниципалды», «жергілікті» терминдері сөз тіркесі ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың барлық деңгейінде (кəсіпорын, ұйымдар, мекемелер, меншік объектілері) қолданылады. «Муниципалды меншік» түсінігі жергілікті құрылым (аймақ, қала, ауыл т.б.) меншігі деп ұйғарылады.
3.Муниципалды басқарудың іс-əрекетінің негізі
Қазақстан Республикасының Конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару іс-əрекеті мен ұйымдастырудың негізгі қағидалары бекітілген Сонымен қатар, Республика субъектілерінде – қалалар, аудандар, ауылдарда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі əртүрлі. Бүгінгі күні ауылды жерлердегі жергілікті өкілетті билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару орнадары туралы 9 құқықтық база əлі қалыптаспаған. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің үш буынының бірде біреуіне жатпайтын ерекше билікті білдіреді - құқықтық, атқару, соттық.
Билет №2
1.Көне Мысырда муниципалды менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
Көне Мысыр тарихы мемлекеттілік пен құқықтың ең əр түрлі аспектілерін талдау үшін бай материалмен қамтамасыз етеді. Мысыр республикасының мемлекеттік құрылымы Мысыр елі азаматтардың шағын қоғамы болып табылған (бірнеше мың адам) жағдайларда қалыптаса бастады. Сондықтан жергілікті басқару жүйелері мысыр мемлекеттілігінің ең ерте кездерінде əрекет ете алмады. Осы мемлекеттік модельдің негізі – тікелей демократия, ондағы басты билік органы осы шағын мемлекет территориясын құрайтын жер учаскесі меншік иелерінің халықтық жиналысы болып табылды. Осындай жиналыстарда азаматтар өздерінің орталарынан лауазымды тұлғаларды сайлап, осы қоғамдық міндеттерді атқару өте маңызды болып саналды. Көне Мысырда мемлекеттіліктің осы моделінің қалыптасуы жаулап алушы соғыстармен қатар жүрді, оны мырыс қоғамы өзінің əрекет етуінен бастап өзінің көршілестерімен жүргізген. Алғашқы кезеңдерде жаулап алынған жерлер қоғамдық кеңістік (ager publicus) қатарына қосылған, жəне осы кеңістіктегі жер учаскелерін мысыр азаматтары алып, өңдей алды. Мысырлық жаулап алулар ауқымдарының кеңею шамасы бойынша қоғамдық кеңістік те арта түсті, бірақ осы жер қорының өсімі Аппенин құрлығы бойынша мысыр əскерінің жаулап алу қарқынына пропорцияоналды болған жоқ.
...