Теңге ауылы әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
Автор: d.orazbek • Май 12, 2018 • Курсовая работа • 5,174 Слов (21 Страниц) • 853 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
І. «Теңге ауылы әкімінің аппаратты» мемлекеттік мекемесі .........................4
1.1 Қызметкерлердің атқаратын қызметі .................................................................4
1.2 Қызметкерлердің құқықтары..............................................................................15
ІІ. Теңге ауылы әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары................................................................................................................19
2.1 «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру..............................................................................................................22
2.2 «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі.....................23
ІІІ. Жалпы ережелер...............................................................................................24
Қорытынды..............................................................................................................25
Кіріспе
Мен, Инирбаева Молдир Нурлиходжаевна «Мемлекеттік және жергілікті басқару» - 442 топ студенті диплом алдындағы өндірістік тәжірибемді Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 2018 жылдың 22 қаңтары мен 2018 жылдың 22 сәуір аралығында «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінен толықтай өндірістік тәжірибеден өттім.
Бұл практикалық жұмысымды атқарғанда осы мекеменің барлық іс қағаздарымен, соның ішінде ауыл әкімі орынбасарына келген хаттармен, бас мамандармен, жетекші маман, әлеуметтік қызметкерлермен жалпы ережелері мен танысып өткіздім.
Іс тәжірибенің негізгі міндеттері мен мақсаттары мыналар болып табылады:
- Халықтың арыздарын, ұсыныстарын, шағымдарын күшіне енген заңмен бекітілген уақытта қарау және солар бойынша тиісті іс – шаралар қабылдау, халықты еңбекпен қамту,.
Әкімшіліктің ұйымдық құрылымы оның жергілікті мемлекеттік биліктің атқарушы органы ретіндегі қызметінің міндеттері мен құзыреттері арқылы айқындалады.
Әкімшілік кімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан, бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап, әкімнің ұсынуымен мәслихат бекітеді.
Жергілікті атқару органдарының экономикалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан, бюджеттен бөлінетін дотаңиялар мен субвенңиялардан, мемлекеттік алымдардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа да төлемдерден құралады.
Әкім жергілікті бюджеттен басқа бюджеттен тыс қор құра алады.
І. «Теңге ауылы әкімінің аппаратты» мемлекеттік мекемесі
Теңге ауылының ірге тасы 1964 жылы қаланған. Сол жылдары Өзен бекеті құрылып, 144 пәтерлі 2 қабатты 9 үйде, 60 балаға арналған «Қарлығаш» балабақшасы, бу қазаны, вогзал ғимараты, шағын клуб, дәрігерлік пункт, теміржол кеңсесі, АТС-і, дүкен, әкімшілік ғимараты, учаскелік тірек пункті, мал дәрігерлік пункт, пошта, кітапхана ғимараттары салынған.
Қазіргі таңда, Теңге ауылында жалпы саны 2280 тұрғын үй, 3 орта мектеп, 2 мемлекеттік және 1 жекеменшік балабақша, мәдениет үйі, алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы, дәрігерлік амбулатория, мешіт, 60 кәсіпкерлік нысаны бой көтерді. Ауылдың халық саны 16 481 адамды құрайды.
Білім саласы бойынша:
1. Ауылдағы сыйымдылығы 900 орындық №11 орта мектепте – 99 мұғалім, 1087 оқушы бар.
2. Сыйымдылығы
...