Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі және амортизация
Автор: Gulim... • Сентябрь 29, 2021 • Курсовая работа • 6,714 Слов (27 Страниц) • 435 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
[pic 1]
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі және амортизация»
Пәні: «Кәсіпорын экономикасы»
Студент: Бекбатырова Гүлім
Мамандығы: 0515000-«Менеджмент»
Біліктілігі: 0515013- «Менеджер»
Тобы:МенМар 3-1
Студент декларациясы |
Мен ұсынылған жұмыс менің жеке жазғанымды, пайданылған көздер расталғанын растаймын. Студенттің қолы_______ __ ________2021 ж |
Бағалау: ________(___) |
Қорғау күні:_________ |
Қабылдаған: Алайдарова С. Б |
Алматы 2021 ж.[pic 2]
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Негізгі өндірістік қорлар ұғымы 4
1.1 Негізгі қорлардың амортизациясы. 4
1.2 Қазақстан Республикасында қолданылатын амортизация әдістері 12
2. Air Astana 14
2.1 Air Astana акционерлік қоғамы 14
2.2 Air Astana негізгі қорларының амортизациясы 19
3. Air Astana проблемалары 24
3.1 Қазақстан Республикасында әуе көлік жүйесін дамыту мәселелері 24
3.2 Шараларды қолданғанда қалай дамиды 25
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында функцианирленеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс темпінің өсуі байланысты.
“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).
Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен, баланстық “Негізгі құралдар“-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: “Жер”, “Үйлер мен ғимараттар”, “Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылар”, “Көлік құралдары”, “Басқалар“, “Аяқталмаған құрылыс”, “Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, “Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғылардың тозуы“, “Көлік құралдарының тозуы“, “Басқалардың тозуы“.
1. Негізгі өндірістік қорлар ұғымы
1.1 Негізгі қорлардың амортизациясы.
Негізгі қорлар — материалдық өндіріс саласында да, бейөндірістік салада да заттай нысанда ұзақ уақыт бойына жұмыс істейтін және өзінің құнын тозуына қарай бөліктер бойынша жоғалтатын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қорларға үймереттер, ғимараттар, беріліс қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен құрылғылар, өндірістік, шаруашылық құрал-саймандар мен керек-жарақтар, жегіндік және өнімдік мал, көп жылдық екпе ағаш, т.б. жатады. Өндірістік және бейөндірістік Негізгі қорларға бөлінеді. Ақшалай тұлғадағы Негізгі қорлар “Негізгі құрал-жабдық” деп аталады. “Негізгі құрал-жабдық” термині көбінесе бухгалтерлік есепте қолданылады, басқа жағдайларда “Негізгі қорлар” термині пайдаланылады.
...