Кәсіпорынның негізгі қорларының түсінігі, құрылымы және топтастырылуы
Автор: Zhakip Erezhepov • Ноябрь 6, 2020 • Реферат • 1,104 Слов (5 Страниц) • 1,001 Просмотры
Кәсіпорынның негізгі қорларының түсінігі, құрылымы және топтастырылуы
- Негізгі қорлар түсінігі, құрылымы.
- Негізгі қорларды бағалау.
3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі
1. Негізгі қорлар түсінігі, құрылымы.
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар. Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар – өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, бала бақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).
Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет:
1. Ғимараттар – өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)
2. Құрылыстар – өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары автомобиль және темір жолдары)
3. Жіберу құралдары – энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар.
4. Машина мен құралдар – технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар, күш машиналары мен құралдар, өлшеу, реттеу приборлары және т.б.
5. Тасымалдау құралдары – кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль).
6. Құрал-сайман – өндіріс процесіне қажетті элементтер. (қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар);
7. Өндірістік түгендеме (инвентарь) – өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарына қажетті (жұмыс столы, қорап т.б.)
8. Шаруашылық түгендеме – көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б.
Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесіне сәйкес негізгі құралдар 2 бөлінеді:
1) активті (белсенді) элементтер (машиналар, жабдықтар) өндіріске, өнімнің саны мен сапасына тікелей әсер етеді.
2) пассивті элементтер (ғимараттар, құрылыстар) – өндірістік процесс үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы саланың мамандану ерекшеліктеріне, өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуына, техникалық жабдықталуына байланысты. Негізгі құралдардың құрылымы алдында айтылған себептерге байланысты өнеркәсіп салаларында және жеке салада әр түрлі болуы мүмкін. Негізгі құралдардың түрі бойынша құрылымы салаларда әр түрлі. Мысалы, негізгі қорлардың жалпы құнындағы ғимараттардың үлесі тамақ өнеркәсібінде (44%), құрылыстар – отын өнеркәсібінде (17%), беру құрылғылары – электр энергетикасында (32%), машиналар мен жабдықтар – машина жасау кешені кәсіпорындарында (45% және одан жоғары) анағұрлым жоғары.
2. Негізгі қорларды бағалау.
Негізгі құралдарды ақшалай бағалау бухгалтерлік есепте бастапқы, қалпына келтіру, қалдық және жою құны бойынша көрсетіледі.
1. Күнделікті тәжірибеде негізгі құралдар бастапқы құны бойынша ескеріледі және жоспарланады-негізгі құралдарды сатып алу немесе құру құны. Машиналар мен жабдықтар кәсіпорынның балансына оларды сатып алу бағасы бойынша қабылданады, оның ішінде осы жұмыс түрінің көтерме бағасы, жеткізу шығындары және басқа сатып алу шығындары, орнату шығындары кіреді.
...