Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік қызметті басқару

Автор:   •  Май 10, 2022  •  Курсовая работа  •  13,464 Слов (54 Страниц)  •  219 Просмотры

Страница 1 из 54

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

2

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

4

1.1 Мемлекеттік қызметті басқару түсінігінің мәні мен мазмұны

4

1.2 Мемлекеттік қызметті басқарудың негізгі әдістері …………………

9

1.3        Мемлекеттік қызметті басқарудың шетелдік тәжірибесі

14

2        ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ .....................................................................

20

2.1 ҚР Мемлекеттік қызметті басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

20

2.2 ҚР Мемлекеттік қызметті басқарудың әдістерін талдау

28

2.3  ҚР Мемлекеттік қызметті басқару ерекшеліктерін талдау

34

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

43

3.1        Мемлекеттік қызметті басқару жүйесін жетілдіру жолдары............

43

3.2 ҚР Мемлекеттік қызметті басқарудың даму болашағы

48

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………...…………………………………

55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………..........

57


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сыртқы ортаның сын-қатерлері кез келген мемлекетке болып жатқан жаһандық өзгерістер мен қоғамның сұранысына бейімдей отырып, әкімшілік жүйесін реформалауға мәжбүрлейді. Бұл өзгерістер мемлекеттік шығындарды, мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту, мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік органдарды басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру қажеттілігіне әкеледі.

Әлемнің барлық елдері басқарудың жаңа тиімді үлгілерін жасауға бірдей күш салуда. Тиімділік неғұрлым жоғары болса, соғұрлым азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады, қоғамдағы саяси тұрақтылық соғұрлым жоғары болады. Қазақстанға қоғам сұранысына сәйкес келетін, тиімді және әділетті мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет.

Зерттеудің өзектілігін ғылыми-тұжырымдамалық аппаратының әлі жасалмағандығы, мемлекеттік қызметті басқару және оны әзірлеу үдерісін басқару терминологиясының қалыптаспағандығы да дәлелдейді. Мемлекеттік қызметті басқаруды талдау және бағалау, оны жаңа сапа мен мазмұнмен толықтыру әдістерінің объективті қажеттілігі зерттеу тақырыбын таңдауды, оның мақсатын, міндеттерін, зерттеу объектісі мен пәнін айқындады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Мемлекеттік қызметті басқарудың теориясы мен тәжірибесінің дамуына ресейлік зерттеушілер Алехин А.П., Козлов Ю.М., Манохин В.М., Лазарев Б.Ю., Уваров В.Н., Атаманчук Г.В., Литвинцева Е.А., Пикулкин А.В. елеулі үлес қосты, және т.б.

Қазақстандықдық ғалымдар арасында мемлекеттік қызметті басқару бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Отандық Жоламан Қ., Қапаров С.Г.,                       Шайхисламова Г.Ш., Акчурин А., Андасбаева А.Е., Кубаев Қ.Е., Саменов А.С. және басқалары белгілі бір дәрежеде мемлекеттік қызметтегі басқарумен байланысты жеке мәселелерді зерттеумен айналысты. Дегенмен, олардың еңбектерінде Қазақстанның мемлекеттік қызметі институтын тиімді, сапалы, кәсіби органға айналдыру үшін мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәселелерін зерделеу мен басқарудың маңыздылығы атап өтілген. Мемлекеттік қызметті басқаруды талдау мен бағалау, оның мемлекет қызметінің тиімділігіне әсері одан әрі зерттеуді қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін басқарудың даму жолдары мен перспективаларын айқындау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- ҚР Мемлекеттік қызметті басқару жүйесінің қалптасуы мен дамуын анықтау;

- ҚР Мемлекеттік қызметті басқарудың әдiстерiн талдау;

- ҚР Мемлекеттік қызметті басқару тиімділігін багалау;

- Мемлекеттік қызметті басқару жүйесін жетілдіру жолдарын аңықтау.

Зерттеу объектісі – мемлекеттік қызмет институты.

Зерттеу пәні мемлекеттік қызметті басқару процесінде туындайтын әлеуметтік қатынастар болып табылады.

...

Скачать:   txt (214.3 Kb)   pdf (617.6 Kb)   docx (385.1 Kb)  
Продолжить читать еще 53 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club