Кайдзен жоспарлау және кайдзен қағидалары
Автор: yerass1l • Ноябрь 10, 2022 • Доклад • 533 Слов (3 Страниц) • 301 Просмотры
Кайдзен жоспарлау және кайдзен қағидалары
Адам өмірінің сапасына әсер ететін факторларды зерттеуге кірісетін болсақ, онда олардың сан алуан екендігіне көзіміз жетеді. Адам өмірінің кез келген саласы және оның әрбір қызмет саласы өзіне тән бірқатар ерекшеліктерге ие және кейде біреуіне қолданылатын нәрсе екіншісіне мүлдем қолданылмайды. Бірақ осыған қарамастан барлық салада жетістікке тез әрі тиімді жету ішін негізгі құраушы принциптер бар. Ол принциптердің бірі-жоспарлау және басымдық беру қабілеті.
Қазіргі уақытта жоспарлаудың бірнеше түрі белгілі. Мысалы, Эйзенхауэр матрицасы, Парето әдісі, OKR (Objectives and Key Results ) әдісі, фикстайм әдісі, декомпозиция әдісі және кайдзен жоспарлау әдісі. Бұл әдістердің бәрі әр салада өз қолданушыларын тауып, тиімділігін дәлелдеген. Ал мен соңғысына, яғни кайдзен әдісіне толығырақ тоқтала кетейін.
Кайдзен «жақсылыққа қарай бағыт алу, өзгеру» - бұл өндірісті, дамуды, бизнес-процестер мен басқаруды қолдауды және өмірдің барлық аспектілерін үздіксіз жетілдіруге бағытталған жапон философиясы немесе тәжірибесі. [1 https://4brain.ru/blog.] Кайдзен жайлы әнгіме қозғалғанда ойға бірден бизнес процесстері келеді. Алайда, бұгінде кайдзен күнделікті өмір ережесіне орнығып келеді. Бұл жоспарлау техникасы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Жапон мемлекетінде америкалық өзін-өзі басқару идеалогиясы мен дәстүрдің арқасында пайда болды. 1950 жылдары Жапонияда өте танымал болды. Ал кейінірек Масаки Имайдың жұмысының арқасында кайдзен бүкіл әлемде танымал болды. Кейбір заманауи зерттеушілер оны Генри Фордтың идеялық шабыты деп санайды, ол өзінің өмірбаянында өндірістің мақсаты үнемі шығындарды азайту, жаңа технологияларды ойлап табу және сонымен бірге тауарлардың бағасын төмендету деп жазды. [1 https://4brain.ru/blog.]
Дәстүрлі басқару жүйесі және кайдзен: негізгі айырмашылықтары
Бизнестегі "Кайдзен" ұғымы — сатылым, басқару мен өндіріс саласын жетілдіру. Бұл үрдіске басшыдан бастап, қатардағы қызметкер де атсалысады. Басты идеясы – күннің текке өтпеуі. Ал, мақсаты шығынсыз өндіріс болатын. Өндірістік бөлімі мен сату бөлімі арасындағы негізгі проблеманың бірі дұрыс жұмыс жасамайтын жүйенің нәтижесі болып табылады. Кайдзен концепциясымен жұмыс жасайтын жоғары табысқа ие үлкен компаниялар осы екі бөлімін жүйелеуге ұдайы тырысады. Мұндай компания нарыққа қажет тауарларды және сұранысқа ие мөлшеде ғана өндіреді.
Кесте-1 де дәстүрлі басқару мен кайдзен басқару арасында әрбір параметірде үлкен айырмашылық бар кенін көре аламыз. Осы айрмашылықтар арқасында «кайдзен компаниялары» жүйелі әрі сапалы түрде нарықта ұзақ уақыт жұмыс жасайды.
Характеристики | Традиционный подход | Система кайдзен |
Основная цель | Победить конкурентов | Завоевать потребителей |
Рынок | Производство всего, что можно произвести | Производство того, что нужно потребителям |
Решение проблем | После того, как проблема возникла | Предотвращение появления проблем |
Изменения | Нежелательны | Должны происходить постоянно |
Руководитель | Босс | Тренер |
Регламенты | Прописаны «раз и навсегда» | Динамичны и постоянно меняются |
Персонал | Одна из статей затрат | Основной актив |
Оценка работы сотрудников | По слабым сторонам | По сильным сторонам |
Внутренняя информация | Доступ ограничен | Доступ открыт каждому сотруднику |
Кесте –1. Дәстүрлі басқару жүйесі және кайдзеннің айырмашылықтары
...