Контрольная работа по "Международному праву"
Автор: damir443 • Ноябрь 14, 2021 • Контрольная работа • 493 Слов (2 Страниц) • 253 Просмотры
9-ші апта тапсырмасы:
1. Соңғы кезде Қазақстанда қандай құқықтық жүйесінің (саласының) модернизация болып жатыр?
2. Халықаралық құқық нормаларының имплементациясы деген не?
3. «Рецепция» термині туралы не білесіз?
Боранбай Дамир
Сұрақтын жауабын өз сөзімен жазуға болады, бірақта арнайы әдебиеттердегі деректер мен заңнамада көрсетілген нормаларды ескеру қажет. Жауаптың көлемі 2-3 беттен аспауы тиіс, шрифт 12, интервал 1, жауаптың үстінгі жағына аты-жөніңізді жазуға ұмытпаңыз.
1.Соңғы кезде Қазақстанда қандай құқықтық жүйесінің модернизациясы болып жатыр?
Кезең-кезеңімен саяси жаңғырту(модернизация)-мемлекеттің стратегиялық бағытының басты міндеттерінің бірі, - дейді президент. Ол соңғы екі жылда бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруға қол жеткізілгенін атап өтті. Осылайша, митингтер өткізудің хабарламалық қағидатын бекіткен жаңа заң қабылданды, партиялардың Мәжіліске өту шегі 5% - ға дейін төмендетілді, ал сайлау бюллетеньдеріне "баршаға қарсы"бағаны қосылды.
2.Халықаралық құқық нормаларының имплементациясы деген не?
Халықаралық құқықты имплементациялау (ағылш. implementation "жүзеге асыру, орындау, іс жүзінде іске асыру") — халықаралық міндеттемелерді мемлекетішілік деңгейде іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ халықаралық-құқықтық нормаларды ұлттық құқықтық жүйеге енгізудің нақты тәсілі. Имплементацияның басты талабы-халықаралық құрылымның мақсаттары мен мазмұнын қатаң ұстану. Имплементация әдістері: инкорпорация; трансформация; жалпы, жеке немесе нақты сілтеме.
...