Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелерінің түрлері өткізу арналарының құрылымына байланысты болады

Автор:   •  Июнь 2, 2021  •  Реферат  •  476 Слов (2 Страниц)  •  417 Просмотры

Страница 1 из 2

Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелерінің түрлері өткізу арналарының

құрылымына байланысты болады.

«Анадолу Маркетинг» ЖШС-гі дəстүрлі жүйені қолданады, яғни тəуелсіз

өндіруші болып табылады. Жүйенің əрбір мүшесі өз қызметін атқарып,

максималды табыс табуды көздейді. Жүйе мүшелері бір-бірінің қызметін

толық бақылай алмайды. Таратудың дəстүрлі арналарының басшылығы

пəрменсіз жəне тиімсіз болады. Мысалы, көптеген тамақ өнімдерін өндіретін

отандық кəсіпорындардың өткізу жүйесін өзара іс-қимыл жасау сипаты

бойынша дəстүрлі жүйеге жатқызуға болады. Бұл жүйенің əрбір арнасы

басқаларға тəуелсіз жəне тек қана өзінің пайдасын көбейтуге болады.

«Анадолу Маркетинг» кəсіпорны өзінің нарық үлесін молайту мақсатында

көп арналы жəне аралас жүйелерді қолдана отырып, қарқынды өткізу

саясатын жүргізеді.

Мұндай жүйелердің қалыптасуы тікелей байланыстарды таңдайтын ірі жəне

ұсақ сатып алушыларды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындады, яғни

тауарлардың үлкен көлем тікелей ірі бөлшек фирмаларға жəне көтерме

саудагерлерге сатылады. Ал шағын дүкендер үшін делдалдар мен ұсақ

көтерме дүкендердің қызметі қолданылады. «Анадолу Маркетинг» ЖШС

өткізу арналары өнімді облыста сатып, өткізетін, көтерме саудагерлер жəне

кең көлемді бөлшек сауда, шағын көтерме дүкен, фирмалық дүкендер, өзінің

жеке сату орындары, жалға алынған дүкендер, базардағы жəне

дүңгіршектердегі сауда сияқты ұсақ делдалдардан тұрады.

«Анадолу Маркетинг» ЖШС өз өнімін көлемінің тең жартысын ең пайдалы

серіктестері болып келетін көтерме фирмалар арқылы сатып, өткізеді.

Сондықтан өткізу саясатын ұйымдастырғанда, олардың мүдделері ең бірінші

орынға қойылады.

4. Бизнес-жоспарларды дайындау үшін орындалатын жұмыстар

«Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің қызметінің негізгі мақсаты таза табыс

табу болып табылады. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі

көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырады: - коммерциялық қызмет ( cауда-cатып алу іс-əрекеттері, сауда делдалдық

қызмет, дүкендер, дүңгіршектер, сауда уйлерін ашу жəне пайдалану,

делдалдық қызмет көрсету, көтерме-бөлшек, комиссиялық сауданы

ұйымдастыру); - ғылыми зерттеу ашуларын өңдеу жəне еңгізу;

10

- ғылыми техникалық, патенттік жəне инжиниринг, маркетинг,

консалтинг, сипатында экономикалық ақпараттық қызмет

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (41.5 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club