Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стартап қызметіндегі маркетинг

Автор:   •  Октябрь 2, 2020  •  Лекция  •  2,945 Слов (12 Страниц)  •  2,047 Просмотры

Страница 1 из 12

Тақырып  5.           Стартап    қызметіндегі    маркетинг

  1. Сұхбаттың сипаттамасы
  2. Оффлайн арналары – АTL, BTL
  3. Жарнамадағы заманауи үрдістер

4.5 Сұхбат

Өткен сабақта сіз өнімнің прототипін құрдыңыз (немесе MVP мәліметтерін әзірледіңіз). Сіздің мақсатты аудиторияңызға оның қаншалықты сұранысқа ие екендігіне қатысты дұрыс шешім қабылдағаныңызды қалай білуге болады? Әлбетте, ең тиімді нұсқа – мақсатты аудиториядан сұрау, оларға сіздің өніміңізді ұнай ма, оны сатып алуға дайын ба, қандай бағамен және т.б. сатып алуға дайын деген сұрақтарды қою.Мақсатты аудиториямен байланысыңыз тиімді болуы үшін сұхбат ұғымымен және техникасымен танысу керек. Дәл осыны біз бүгінгі сабақта зерттейміз.

Сұхбат сұрау нысаны ретінде сұралушымен жеке қарым-қатынас жасалады, онда зерттеуші (интервьюер) сұрақ қояды және жауаптарды сұхбат бланкісіне белгілейді.Маркетингтік зерттеу тұрғысынан алғанда интервьюер мен респондент тұлғалардың арасындағы жеке ақпарат алмасу сұхбаттың негізгі сипаттамасы болып табылады. Бұл ретте сұхбат әдетте ұсынылатын тауарларды сапалы бағалауға, сондай-ақ олардың бағаларына, сондай-ақ жарнамаға байланысты зерттелетін мәселе бойынша ерекше ақпарат алуға ұмтылады.

Сауалдаумен салыстырғанда сұхбат алудың артықшылығы, олзерттелетін мотивация-құбылыстың әлеуметтік-психологиядық механизмдерін, тұтынушылардың ұсынылатын тауарға, тауарлардың ассортименті мен сапасына қызығушылығын ашып талдауға мүмкіндік береді.

Сұхбат өткізудің ең тиімді әдістерін қарастырайық

«Экспресс сұхбат» әдісі –пайдаланушының айналасындағы жағдайды білу немесе нақтылау қажет болған кезде «Бақылау және тыңдау» режимін пайдалана отырып жүргізіледі.

  • экспресс сұхбат «дәл осы жерде және қазір» режимінде бір мәселені сынау қажет болған кезде пайдалы;
  • прототип әзірлеу немесе жаңартуларды тексеру кезінде бірнеше итерация жасағанда әдіс тиімді болуы мүмкін;
  • экспресс сұхбат фото және видео ақпараттарды бірінші жинау кезінде қолайлы болады. Бірінші аналитикалық кезеңде деректерді бұрмалап, өз бетіңізше, өз түсінігіңізбен түсіндірмей, сұхбаттың осындай түрінің бақылауларын қолдана отырып қадағалаулардың дұрыстығы мен сенімділігін тексеруге сізде әрдайым мүмкіндік болады.

Дайындық:

  1. Бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін нақтылап жазу керек.
  2. Қарым-қатынас барысында түзетілуі және/немесе өзгертілуі мүмкін 5-10 негізгі сұрақтарды құрыңыз. Сұрақтар алдын-ала жоспарланбай, әңгімелесу барысында да пайда болуы мүмкін.
  3.  Сұхбат кезінде белгілі бір адамға сұрақ қоюға байланысты оқиға ойлап табыңыз.Экспресс сұхбат кезінде адаммен өз «контексінде»,мысалы, ол адам өз міндеттерін орындап жатқанда немесе жолда кетіп бара жатқанда сөйлесуге тура келетіндіктен, өзіңіздің оған хабарласқандағы мақсатыңызды айтып бергеніңіз жөн.

Өткізу:

  1. Әңгімелесудің барлық кезеңінде «иә, сосын», ««әрине»«келіңіз бірге көрейік» және басқалары сияқты сөз тіркестерін қолдана отырыпөзін бейтарап қалыптаұстау маңызды.
  2. Пайдаланушыға әңгімелесу барысында қысым жасауға болмайды: егер адам ойындағысын айтқысы келсе, оған мүмкіндік беріңіз.
  3. Әңгіменің желісін сұрақ қоя отырып жалғастырып, әңгімелесушіні көңіл қойып тыңдаңыз.
  4. Пайдаланушының сіз берген тақырыптан басқа жаққа ауып кетпеуін қадағалаңыз.

Талдау:

  1. Бақылау нәтижелері мен жазбалары бар стикерлерді өз әріптестеріңіздің ұқсас материалымен біріктіріңіз.
  2. Бұл материал алынған деректерді талдауғақажет болады.

 «Терең сұхбат» әдісі пайдаланушылардың тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Бұл ең көп еңбекті қажет ететін және жауапты кезеңдердің бірі, өйткені терең интервью кезінде сіз адамның өзіде түсініп, түйсіне алмайтын «көмескі білім» туралы сұрастырасыз.

Мақсаттары:

  • Сіз не үшін сұхбат аласыз?
  • Сіздің не туралы білгіңіз келеді?
  • Ақпарат әрі қарай қайда қолданылады?
  • Қандай маңызды ақпаратты анықтау қажет?
  • Қай мәселеге баса назар аудару керек?

Терең сұхбат 1 сағаттан бастап 2,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Пайдаланушының жағдайына терең бойлау сол адамның әлемі, оның ұмтылыстары, тілегі, мәселелері туралы жан-жақты түсінік береді. Осы кезеңде еліктіру маңызды.

...

Скачать:   txt (45.6 Kb)   pdf (244.8 Kb)   docx (145.2 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club