Салық және салық жүйесі
Автор: aru__yerubay • Январь 25, 2025 • Реферат • 1,674 Слов (7 Страниц) • 142 Просмотры
[pic 1]
Реферат
«Салық және салық жүйесі»
Орындаған: Ерубай Аружан
Қаржы - 23
Тексерген: Матайбаева Гаухар
Астана 2025
Салық жүйесі – елдің қызмет етуінде және жалпы экономиканы реттеудің негізгі кепілі. Салық саясаты – мемлекеттiң әлеуметтік-экономикалық үрдісіне әсер ететін құралдың бiрi. Салық пен төлемнің қолайлы жүйесін қалыптастыру қажеттілігінің негізінде ұйымдық үдерістермен қолайлы әлеуметтік-экономикалық үдерістер құрылады. Әлем елінде салық саясаты экономикалық реттеудің құралы болып кеңінен қолданыс табуда. Сондай-ақ, экономикалық үдерістiң ажырамас бөлiгi ретiнде тұрақты түрде жұмыс iстейтін жүйенiң бiрi. Сондықтан экономикалық шарттың өзгерiсінде, салық жүйесінiң өзгерiсі де заңдылық болып саналады. Қазақстанда жүзеге асырылған барлық реформалық өзгерістер елдiң салықтық бюджеттiк қарым-қатынасына тiкелей түрде байланысты. Оның қызметі мен атқарымы сапасының жоғарылауы оның болашақтағы мерзімдегi экономикалық өсуіне әсерін нығайтады. Осыған орай дәйекті және нақты мәселелерді қамтыған реформалар алдағы мерзімде елдiң экономикалық өсуі үшін негізгі шарттар болып саналады. Қазақстанда қолайлы реформаның жалғасуы міндетті түрде мемлекеттiң салықтық және қаржылық бюджеттiк жүйесiнің түрленуiмен тікелей байланысты екені айқын. Егемендік алғалы республикамыздың салық жүйесі өз алдына жеке қызмет атқарып келеді. Сондықтан елдің салық жүйесі мемлекет үшін елдің әлеуметтік экономикалық дамуына қажетті негізгі мәселені жүзеге асыруда және өндірістің тиімді дамуы мен өркендеуін реттеу үшін бақылауды жүзеге асыруда қажет болып табылады.Салықтың жалпы мәcелесі салық салу cалаcы бойынша ғалымның зерттеуінде біршама зерт телген.
Салық – елдің қазыналық cаяcатының басты құралы ретінде дәлірек айтқанда бюджетті толықтырудың, бюджет тапшылығын азайту үшін толық және нақты зерттеуді талап етеді. Әлемнің бірқатар экономиcт-ғалымның еңбегінде салықтың тақырыбы мен мазмұны, қоғамның өркендеуі жолындағы орны мен эконо микада атқаратын қызметі жан жақты зерттелді. Cондай-ақ, тәжірибеде теориялық көзқарастары мен дамыған елдердің өркендеу тәжірибеcіне арқау болатын ғылыми зерттеу нәтижелері де жарық көруде. Салық – Қазақстан Республикасында қабылданған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңның 1-бабы бойынша, мемлекеттің заң жүзінде ар найы белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүзеге асырылатын, қайтарымсыз, өтеусіз сипаттағы және бюджет үшін төленетін міндетті төлем. Мемлекет бюджетi бірнеше көзден қалыптасады: iшкi немесе сыртқы көздер, яғни қаражаттың иесiнiң қарыз алушыға қаржыны өз еркiмен беруi; салық арқылы, мұнда қаржы керiсiнше мәжбүрлі түрде өндіріп алынады. Салық – әскери табыстардың және баждар мен бірге пайда болған мемлекет үшін қор жинау көзiнiң бiрi, нақтырақ айтқанда заңды түрде белгiлі бір мөлшерлеме бойынша халықтың және шаруашылық субъектiсі табысының бір бөлігінен алынатын мiндеттi алым (Umbitaliyev, 2017).Салық ұғымында ғалымның анықтамасы бойынша айырмашылығы бар болғанымен, мазмұны бір. Америкалықтың айтуынша «Салық – қоғамда өркениетке жетудің құралы» деп анықтама берген. Б.Франклин «Жалпы өмiрде екі күмәнсiз нәрселер орын алған: өлiм мен салық» деп пікір білдірген. Бұл көзқараспен Ф.Аквинскийде келіседі, экономикалық теорияның негiзiн қалаушының бiрi А.Смит «Салық – төлеушiлер үшiн құлдықтың емес, бостандықтың белгiсi» деп тұжырым жасады (Yoram Barzel,1976). Адам Смиттің салық әділдігі туралы көзқарасы және Бенжамин Франклиннің салықтың міндеттілігі туралы пайымдары Қазақстанда практикалық тұрғыда қолданылады. Қазақстанның салық саясаты экономикалық өсу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, мұнда салықтар тек бюджет кірісін толықтыру ғана емес, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу құралы ретінде қызмет етеді. Салықтың экономикалық мазмұны және мәнi – салық заңды тұлға табысының қалыптасуы үшін қаржылық қатынастың бiр бөлiгiн көрсетеді; ал енді жеке тұлға табысының нақты бiр мөлшерi мемлекеттің үлесiне жинақталады да, қор жинаудың қаржылық қарым-қатынасын көрсетедi. Салық – бюджетке түсетiн төлем, ал негiзгi атқарымы – мемлекеттiк бюджет кiрiс бөлiгiнiң құрылымын қамтамасыз етуші қазыналық қызмет. Осы қызметпен салықтың қоғам алдындағы мiндеттемесi өседі, бюджет кiрiс көзiне топталып әлеуметтiк, мәдени, әскер, құқық қорғау, дiни және т.б. шараның жүзеге асырылу ын қамтиды. Қазыналық қызметтің нәтижесінде түскен қаражатты бюджетке орталықтандыруды сипаттайды, орталыққа түскен қаражат одан әрi бөлiске түседi. Сонымен қатар қазыналық қызмет бiрнеше қызметті атқарады: бюджеттiк, жұмылдырушы, жинақтаушы. Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін екі деңгейден тұратын салық салу жүйесі қолданылады: алғашқы деңгейі – республикалық салықтар, мемлекеттің барлық аймағында жүзеге асады, республикалық бюджет бойынша басты кіріс көзін қалыптастырады, сондай-ақ, кіріс көзінің түсімі ауқымды бөлігін құрайтындықтан, оның есебінен жергілікті бюджеттің қаржылық тұрақтылығы сақталады; екінші деңгейі – жергілікті салықтар, яғни мемлекеттің құрамындағы республикалық маңызы бар қала, облыс пен ауданның бюжетіне түсетін салықтар (Umbitaliyev, 2017).
...