Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маркетингті басқарудағы ақпаратпен қамтамасыз ету

Автор:   •  Январь 11, 2019  •  Лекция  •  1,293 Слов (6 Страниц)  •  1,055 Просмотры

Страница 1 из 6

3 дәріс. Маркетингті басқарудағы ақпаратпен қамтамасыз ету

Дәрістің мақсаты: Маркетингті басқарудағы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы негізгі түсінікті қалыптастыру

  1. Ақпараттық қамтамасыз ету маркетинг жҥйесінде
  2. Кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктері жайла ақпарат, сыртқы талаптар жайлы ақпарат
  3. Зерттеулік ақпарат
  4. Маркетингті ақпаратты талдау жуйесі
  5. Маркетингті зерттеу үдерісі
  6. Маркетингті зерттеулердін казіргі жағдайы

1. Ақпараттық қамтамасыз ету маркетинг жҥйесінде

МАЖ – маркетингті ақпарат жүйесінін ерекшелігі – сыртқы мен ішкі ақпарат көздерін қолдана отырып, кәсіпорын мен нарықтын байланысының жетілуін қамтамасыз етеді. Дамыған МАЖ келесі элементтерден тұрады: -маркетингілік кұштерді қалыптастырғанда тиімді қолдану үшін ішкі мүмкіндіктер жайлы ақпараттан; -стратегиялық және жедел шешімдер қолдау үшін керекті сыртқы ортанын дамуы жайлы ақпарат; -қосымша деректерге ие болу үшін әдейі жүргізілген маркетингті зерттеулердің нәтижелері жайлы ақпарат; -жинау, талдау және болжауға арналған ақпаратты технологияларды қолдану арқылы алынған маркетингті ақпаратты өндеу жүйесі.

2. Кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктері жайла ақпарат, сыртқы талаптар жайлы ақпарат

Ішкі ақпарат материалдық және қаражаттық құралдардын ағындарының қозғалысы жүйесіне, басқару есеп-қисабына негізделген. Бұл ақпарат кәсіпорынның өндіру, қаражаттық, өткізу, кадрлер және т. Б. Мүмкіндіктері жайлы ішкі жағдайын білдіреді. Маркетолог шешім қолданарда басқару есебінің келесі көрсеткіштерін есептеу білу керек: -өнімнің өзіндік нормативтік құны; -тұрақты және өзгермелі шығындар -тік және жанама шығындар -залалсыздық нүктесі -шекті шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау -шекті пайда -бағалық женілдіктер т.б. Сонымен қатар, қаражат қызметінін жағдайы туралы есепті білу керек (баланстық есеп, пайдалар мен шығындар туралы есеп), каражаттық жағдайдын негізгі көрсеткіштерін (төлемпаздық, төлем қабілеттілігі, пайдалылық). МАЖ қалыптастыруда сату жайлы жоспарлар мен есептер тікелей маңызды. Олардан орындалған, орындалмаған тапсырыстар туралы, нарықтын ағымы туралы білуге болады.

Сыртқы талаптар жайлы ақпарат.

Сыртқы талаптар жайлы деректер нарық жағдайы, инфрақұрылымы, тұтынушылар мен делдалдардын, жеткізушілер мен бәсекелестердін мінез-құлқы туралы ақпаратқа ие болдырады. Ол үшін ақпарат жинаудын келесі бағыттары қолданылады: -Ортанын мониторингі -ортаны болжау. -статистикалық деректер, радио мен теледидар ақпараты, мерзімді әдебиет, көрмелер мен конференциялар, компьютерлік ақпаратты торлар. Коммерциялық онлайн арналары – құрылтайшы фирмалардын абоненттік ақысы негізінде жұмыс істейтін ақпараттық пен маркетингілік қызмет. Клиенттердін ақпарат алу, сатып алуға мүмкіндік жасау, электорндық почтаны қолдану бойынша қызмет көрсетіледі. Интернет – 45 мың ұсақ локалды торлардан тұратын ғаламды компьютерлік тор.

3. Зерттеулік ақпарат

Маркетингілік зерттеу – маркетингті шешімдерді қабылдауға ілесетін тұрлаусыздықты азайту мақсатымен деректерді жинау, өндеу және талдау. Кәсіпорынның ішкі мен сыртқы ортасының элементтері зерттеледі, нарықтын дамуының ағымдары мен процесстері, сиымдылығы, сату серпіні, бәсекелестердің әрекеттері, тартымды жақтары мен қатерлері. Тұтынушыларды зерттеу олардын мінез-құлығының уәждерін анықтайды. Тауарды зерттеу – бәсекелестік қабілетін білдіреді. Маркетингті ынталандыру мен жарнаманың тиімділігі, тарату арналарының әрекеттілігі зерттеледі. Кәсіпорыннын өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау маркетингті зерттеудін маңызды бағыты. Маркетингілік зерттеу ақпараты 3 түрлі зерттеумен алынады: -кабинеттік пен егістік; -сандық пен сапалық; 41

...

Скачать:   txt (20.6 Kb)   pdf (259.2 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club