Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маркетингтік зерттеулер жүргізудің жалпы әдістерін,олардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау

Автор:   •  Апрель 16, 2018  •  Реферат  •  940 Слов (4 Страниц)  •  1,953 Просмотры

Страница 1 из 4

    Дәріс жоспары:

1.Кабинеттік зерттеудің әдісі: анықтамасы , көздері , пайдалану шарттары , артықшылықтары мен кемшіліктері.

2.Дәстүрлі және ақпараттық-мақсатты: талдау кабинеттік зерттеу барысындағы ақпарат түрлері.

3.Дәстүрлі және ақпараттық-мақсатты талдаудың артықышылықтары мен кемшіліктері.

4.Нарықты орында зерттеу әдістері,сынақ сату ,жеке іскерлік байланыстар мәні ,артықшылықтары мен кемшіліктері.

     Мақсаты:  Маркетингтік зерттеулер жүргізудің жалпы әдістерін,олардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау.

    Түйін сөздер:Кабинеттік зерттеулер әдісі, дәстүрлі құжаттарды талдау,сыртқы талдау,ішкі талдау, заңдық талдау, психологиялық талдау,ақпараттық-мақсаттық талдау, далалық зерттеулер,дербес іскер байланыстар әдісі, сандық зерттеу,сапалық зерттеу.

    Кабинеттік зерттеу –бұрын басқадай мақсаттарды жиналған мәліметтер жинау әдісінің жиынтығы және екінші ретті ақпаратты бағалау.Ол мына мақсаттарды көздейді:

    1)екінші ретті ақпаратты көздеріне жүгінеді,сондықтан да оларды көп жағдайда құжаттармен жұмыс жасау әдісі деп атайды (газет,журналдардың және басқа да баспа материалдары,кинофильмдер, телебағдарламалар,сауалнама материалдары, фокус топ және еркін сұхбат,сондай-ақ,басқа да құжаттар);

   2) Ол төмендегілердің орындалуы барысында қолданылады:

     -далалық зерттеуді дайындауда (себебі,зерттелініп отырған нысан,сала жөнінде алдына ала хабардар болуға мүмкіндік береді);

    -жұмыс болжамын қалыптастыруда;

    -таңдалған әрекеттің жүзеге асуы үшін қажет статистикалық мәліметтерде;

    -далалық әдіс арқылы алынған ақпаратты бөлу және тексеруде;

   3) тұтынушыны белсендіруге бағытталған қандай да бір мәселеге қатысты, жарнама сюжеттері мен ынталандыруды зерттеу бойынша нарықты зерттеу, дәстүрлерді, қандай да бір мәселеге қатысты қоғамдық пікірдің динамикасын зерттеу барысында ақпарат жинаудың дербес әдістері ретінде қолданылады;

   4)екінші ретті ақпараттардың артықшылықтары  мен  кемшіліктеріне ұқсас артықшылықтары мен кемшіліктерге ие.

  Кабинеттік зерттеудің негізгі артықшылықтары төмендегідей:

  - мәліметті жинаудың жылдамдығы және салым\стырмалы түрдегі арзандығы;

  - негізгі нарықтық тенденциялардың динамикасын зерттеу мүмкіндігі;

  - бірнеше дерек көздерден алынған ақпаратты талдау есебінен мәселені шешуге қатысты бірнеше тәсілдерді анықтау.

  Кабинеттік зерттеулердің негізгң кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  -ақиқатты тексеру мен екінші ретті мәліметтің сенімділігінің төмендігі;

  - мәлімет релеванттылығының төмен болуы; оның ескіру,толық болмау, қарама-қайшылықта болу тәуекелінің жоғары болуы.

   

   Дәстүрлі талдауды жүргізу маркетингтік зерттеулердің мақсаттарына сай келмейтін ақпараттың бастапқы формасын маркетологқа қажетті үлгіге кетіруді білдіреді. Басқаша айтқанды, бейресми талдау құжат мазмұнын түсіндіру, оны логикалық заңдар,талдау, салыстыру, анықтау, бағалау ережелерінің көмегімен түсіндіруді білдіреді.

    Кемшілігі- субъективтілігі келесі жолдармен түсіндіріледі: сапалы ақпаратты дәстүрлі талдау жеткілікті дәрежеде зерттеушінің сезімталдығына негізделген, сондықтан да төмендегілермен байланысты құжат мазмұнын қабылдау мен түсіндіруде субъективті қозғалыстар қарастырылмаған:

  - зерттеушінің психологиялық ерекшеліктерімен;

  - құжаттар мазмұнына түйсіксіз қорғану реакцияларымен;

  - құжат авторының әдістемелік  ұстанымымен.

    Дегенмен дәстүрлі классикалық тталдауды жүргізуде субъективтілік деңгейін төмендететін сұрақтардың ресмиленген тізімі түріндегі кейбір ортақ талаптар бар.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (52 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club