«Ақылды балапан» ойыншықтар шеберханасы
Автор: mara1304 • Март 11, 2022 • Курсовая работа • 1,202 Слов (5 Страниц) • 265 Просмотры
«АТАМЕКЕН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ
[pic 1]
БИЗНЕС-ЖОБА
Тақырыбы: «Ақылды балапан» ойыншықтар шеберханасы.
Орындаған: 18-МБК-1 тобының студенті Тұрғамбекова Г.М. |
Қабылдаған: Казыкешова А.Т. |
ӨСКЕМЕН, 2019 жыл
«Ақылды балапан» ойыншықтар шеберханасы.
ЖОБАНЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ
Аты-жөні | «Ақылды балапан» |
Байланыс деректері | 8 (705) 427 27 80 |
Қаражаттың нысаналы мақсаты: | Жеке бизнес |
Валюта: | Теңге |
Жобаның жалпы сомасы, мың теңге: | 500 000 |
Соның ішінде қарыз/гранттық қаражат, мың теңге: | 432 018 |
Соның ішінде меншікті қаражат, мың теңге: | 67 982 |
Кестені жоба құны бойынша толтырыңыз
Қаржыландыру көзі, теңге | Сумма | Кезең | Үлес |
Қатыстырылған қаражат | 432 018 | 09.2019 | 78% |
Өз қаажаты | 67 982 | 09.2019 | 22% |
Барлығы | 500 000 | 100% |
Шеберхана қызметі тиімділігінің көрсеткіштері жобаның 5-жылына
Жылдық таза пайда (5 жылға), мың. теңге | 13 103 |
Активтер рентабельділігі | 22% |
ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Ойыншық- баланың жан-жақты тәрбиелеу мақсатында пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғартқыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педогогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады. Сондай-ақ ол баланың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады.
Дидактикалық ойыншықтар- баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі,шеберлігі және дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, көлемін, түсін ажыратады, есептік ара- қатынасымен, санымен, кеңістік жайлы түсінікпен танысады.
Бейнелік, Қазақша нақыштағы ойыншықтар- бұл ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар, (киім- кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ); адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуыршақтармен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі. Ой- өрісі мен қиялы дамып, сөздік қоры артады.
Техникалық ойыншықтарға- көлік, құрылыстық, т.б. бұйымдар жатады. Балалардың ой барысында көп күш жұмсамай- ақ еңбек процессін бейнелеуіне мүмкіндік береді.
Конструкторлы ойыншықтар- (құрастырылмалы, алмалы- салмалы) тақырыптық, сұлбалық немесе әмбебап конструкторлар болып бөлінеді. Конструкторлы құрастырылмалы ойыншықтар баланың ой- өрісін дамытып, шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Атауы | Түрі |
Гусеница | Дидактикалық |
Пазыл(10 сандық) | Дидактикалық |
Пазыл(жан-жануар) | Дидактикалық |
Орын тап | Дидактикалық |
Он саусақ | Дидактикалық |
Көңіл күй | Бейнелік |
Саусақ, қолғап театры | Бейнелік, қазақша нақыштағы |
Алфабит | Бейнелік |
Сиқырлы сандар | Бейнелік, дидактикалық |
...