Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инновацияның өмірлік циклі

Автор:   •  Февраль 24, 2023  •  Лекция  •  3,305 Слов (14 Страниц)  •  184 Просмотры

Страница 1 из 14

Лекция 4. Инновацияның өмірлік циклі.(Инновациялық үрдіс фазалары.) Инновациялық қызметтің үш нарығы. Зияткерлік өнім нарығы (инвенциялар мен жаңалықтар).  Нарық инновациясы.

Капитал нарығы (инвестициялар). Инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясат.

4  ИННОВАЦИЯНЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ (ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС ФАЗАЛАРЫ)

Алдыңғы дәрісте фирманың инновациялық қызметінің ішкі және сыртқы ортасын зерттеумен және оның негізінде инновациялық мүмкіндіктерді іздеумен байланысты маркетингтік аспектілер қаралған. Осындай іздеу нәтижесінде фирманың таңдалған инновациялық идеялары  – инвенциялар бар.

Инновациялық қызметтің келесі кезеңі инновациялық үрдісті инвенциядан жүзеге асырылған инновацияға дейін басқару болып табылады.

Инновациялық үрдіс бірнеше бөлімдерден (фазалардан) тұрады, олар бірлесіп инновацияның өмірлік циклын (ИӨЦ) құрайды.  

Инновациялық үрдіс фазаларының құрамы мен мазмұнын инновацияның басқа түрлері арасында неғұрлым маңызды болып табылатын өнімдік инновацияға қатысты қарастырайық.

Әдетте инновациялық үрдістің бес фазасын бөліп қарайды:

Фундаменталды ғылым – Қолданбалы ғылым – Жасалым (Жобалау) – Өндіріс – Тұтыну (Қолданысқа беру)

Жеке фазалардың мазмұны келесідей.

1. «Фундаменталды ғылым» фазасы

Бұл фазаға фундаменталды ғылыми зерттеулер жатады – табиғат пен қоғамның дамуының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған эксперименталды және техникалық қызмет. Фундаменталды ғылым академиялық институттарда, жоғарғы оқу орындарында, салалық институттарда жүзеге асырылады.

Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ және Жапонияда фундаменталды ғылым негізінен жоғарғы мектепте негізделеді. Қазақстанда  – салалық және экономикалық институттарда.

Фундаменталды ғылымды қаржыландыру қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Фундаменталды ғылым зерттеулерінің нәтижесі болып жаңа теориялық білім – ашылымдар болып табылады. Оларды практикада қолдану мүмкіндігін болжау қиынға соғады.

Статистика көрсетіп отырғандай, фундаменталды зерттеулердің 10% ғана оң нәтиже береді.

2. «Қолданбалы ғылым» фазасы.

Инновациялық қызметтің бұл фазасында практикалық нәтижеге қол жеткізуге және нақты халық шаруашылығының міндеттерін шешуге бағытталған қолданбалы теориялық және экспериментті зерттеу – ғылыми қызмет жүзеге асырылады.

Ф. Бэкон XVII ғасырдың басында атап өткендей, «табиғат туралы білімді себептерді зерртеу мен нәтиже алуға бөлуге болады: теориялық және практикалық бөлімдер. Алғашқысы табиғат қойнауын зерттейді, екіншісі табиғатты темірді төске өзгерткендей өзгертеді».

Қолданбалы ғылыми зерттеулер мемлекеттік мекемелерде де, жеке ғылыми мекемелер – салалық институттарда, жоғарғы оқу орындарында, ірі өндірістік кәсіпорындардың арнайы құрылған ғылыми бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

Қоданбалы зерттеулер мемлекет бюджеті есебінен де – мемлекеттік ғылыми бағдарламалар, конкурстар және жеке тапсырыс берушілер есебінен де қаржыландырылады.

Қоданбалы зерттеулер фундаменталды ғылыммен алынған жаңа білімді түрлі қызметтердің жаңа және жетілдірілген құралдары мен әдістерін жасау үшін қолданылады. Қолданбалы зерттеулердің нәтижелері жасалымдарда, «ноу-хау», ғылыми-техникалық монографияларда, жаңа нысандарды жобалау үшін берілген техникалық тапсырмаларда бекітіледі.  

Ғылым бірден жасампаз қоғамдық күш болған жоқ. XVIII ғасырдың ортасына дейін ғылыми жетістіктер өндірісте тек жоспарсыз қолданылады. Ф. Бэкон айтқандай, бұл кезеңде ғылым «бос сөзге бейім, бірақ қуатсыз және жаңа нәрсе жасауға әлі жетілмеген».

 XVIII ғасырдың екінші жартысында ғылым бүтін жүйе ретінде қалыптасты. Осы кезден бастап ол адам қызметінің оқшауланған саласынан өндірістің маңызды факторына айналады.

Ғылымның бұлайша дамуына қуатты итермелеуші күш болып экономикада жетілген талап - өндірістің машиналық негізге ауысуы болды.  Ғылыми инфрақұрылымды, «ғылыми ақпарат банкін» құруда кітап басып шығару маңызды роль атқарды.  

Алайда, XX ғасырға дейін ғылым мен өндіріс арасында тығыз кооперация болған жоқ – қолданбалы зерттеулердің алынған нәтижелері көп жағдайда өз қолданылған жоқ.

...

Скачать:   txt (51.7 Kb)   pdf (233.1 Kb)   docx (274.3 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club