Қазақстан республикасының инвестициялық саясаты
Автор: Гульназ Сейлхан • Январь 20, 2020 • Практическая работа • 702 Слов (3 Страниц) • 513 Просмотры
Қазақстан республикасының инвестициялық саясаты
1990 жылдары экономиканы ілгерілету ісінің шетелден келетін қаржысыз жүзеге аспайтыны белгілі болды.
1996 жылы сатып алынған кәсіпорындарда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
1997 жылы ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасының « Төте инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы Заңында Қазақстан экономикасына төте шетелдік салымдарды ынталандыру үшін, жеңілдіктер жүйесін кеңейту көзделді.
1997 жылы Қазақстан экономикасына келтірілген төте шетелдік инвестициялар жеті миллиард АҚШ долларынан асып кетті
1999 жылдан инвесторлардың экономиканың нақты секторына салатын капитал салымдары өсуінің оң үрдісі байқалды.
2000 жылдардың ортасында Қазақстанның өзі де белсенді инвесторға айналды.
2001 жылы Қазақстан жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орын алып,бұрынға социалистік лагерьде Венгриядан кейінгі екінші орынды алды.
2004 жылы 5,5 млрд. АҚШ долларын немесе елге келген инвестициялардың жалпы көлемінің 84%-ін құраған.
2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда бір миллиард тонна мұнай өндірілді.
2007 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда Статистика жөніндегі агенттіктің деректері бойынша,инвестициялардың өсуі республиканың барлық дерлік өңірлерінде байқалған.
2016 жылы Қазақстан ДСҰ-ға ресми түрде шілденің 27-сінде, он тоғыз жылға созылған келіссөздерден кейін мүше болып кірді.
2016 жылы республикамыздың экономикасы жоғарғы көрсеткіштерге жетті.
Экономиканы реформалау басталғаннан-ақ Қазақстанда инвестиция заңнамасын жетілдіру бойынша үдемелі жұмыс жүргізілді. 1990 жылдары экономиканы ілгерілету ісінің шетелден келетін қаржысыз жүзеге аспайтыны түсінікті болды. Тарих дәлелдегендей, барлық дерлік дамыған елдер өздерінің экономикасын көтеру үшін шетелдік қаржы қаражатын: кредиттер мен инвестицияларды пайдаланған.
Шетел капиталын келтірудің алғашқы қадамдарының бірі кәсіпорындарды шетелдік фирмалардың басқаруына беру болды. Сынақтар мен қателіктер әдісімен қатар, бағалы іс-тәжірибе де жинақталды. Шетелдіктердің басқаруына берілген барлық кәсіпорындар жалақы бойынша барлық берешекті уақытылы жауып, зейнетақы қорына қаржат аударды, энергетика, көлік және басқа да аралас салардың қарыздарын қайтарды. Шетелдік фирмалар елімізге бір миллиардқа жуық АҚШ доллары болатын қаражат келтірді. Сатып алынған кәсіпорындарда 1996 жылға қарай 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
1997 жылы ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Төте инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы Заңында Қазақстан экономикасына төте шетелдік салымдарды ынталандыру үшін , жеңілдіктер жүйесін кеңейту көзделді. Атап айтқанда, табыс салығын , жер салығын және мүлікке салынатын салықты келісім-шарт жасалған кезден бастап бес жыл мерзімге 100% төмендету, сондай-ақ осы салықтарды содан кейінгі бес жыл мерзімге 50% азайту қарастырылды.Бұның бәрі шетелдік инвестициялар ағынын күшейтуге септігін тигізді. Шетелдік компаниялардың Қазақстанмен алдында жасалған келісім-шарттар бойынша ұзақмерзімдік инвестициялық міндеттемелері 60 миллиардтан астам АҚШ долларына бағытталған.
2000 жылдардың ортасында Қазақстанның өзі де белсенді инвесторға айналды. ТМД аумағында елден шығатын инвестициялар
...