Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықтың бағалы қағазға қызығушылығы

Автор:   •  Май 29, 2024  •  Реферат  •  3,998 Слов (16 Страниц)  •  79 Просмотры

Страница 1 из 16

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және құқық факультеті

Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы

Әбілқайыров Нұрәділ Қанатұлы

Халықтың бағалы қағазға қызығушылығы

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Білім беру бағдарламасы «6В04104 - Қаржы»

Ақтөбе, 2024

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

3

І

Әдебиеттерге шолу

 7

ІІ

Зерттеу әдістемесі

10

ІІІ

Талдау және зерттеу нәтижелері

14

Қорытынды

21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

22

Қосымшалар

25

Қысқартылған сөздер – ЕДБ(Екінші деңгейлі банк); МБҚ (мемлекеттік бағалы қағаздар); АҚ (акционерлік қоғам); ЖШС(Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)

Кіріспе

Әлемде болып жатқан әртүрлі өзгерістер Қазақстанның ішкі экономикасына айтарлықтай әсер етеді. Санкциялық шектеулер жағдайында банктер ішкі экономиканың қажетті деңгейін толық қолдау қабілетін жоғалтады. Осыған байланысты, бағалы қағаздар нарығы Қазақстандықтардың жинақтарынның құнсызданудан қорғаудың перспективті құралы бола алады. Халықтың жинақтары маңызды экономикалық ресурс болып табылады. Қазіргі уақытта халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі банк секторына шоғырланған. Алайда, ұзақ мерзімді перспективада халықтың өз активтерін банктерде сақтауы дұрыс емес деп айтуға болады, себебі банк салымдары әлсіз және баяу инвестициялық құралдарға айналуына байланысты мемлекет үшін де, салымшылар үшін де тиімді болып табылмайды. Демек, мемлекет алдында банк секторынан салымдарды бағалы қағаздар нарығына айналдыру арқылы халықтың қаражатын экономиканың нақты секторына бағыттаудың тиімді әдістері мен құралдарын анықтау міндеті тұр. Халықтың қаражатын бағалы қағаздардың отандық нарығына тартудың негізгі мақсаты-тұрақсыз әлемдік қаржылық жағдайда экономиканың одан әрі дамуына ықпал ету. Халықтың бағалы қағаздарға деген қызығушылығы сыртқы жағдайларға (пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамдары, инфляция) байланысты халықтың қаржылық еркіндігінің шектелуін азайтуға көмектеседі. Егер банктік депозиттер бос  ақшаны салудың белгілі әдісі болса, Бағалы қағаздар мен инвестициялар дегеніміз не?

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129 - бабына 1-тармағына сәйкес: "Бағалы қағаз-мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы"[1].  Қарапайым сөзбен айтқанда, бағалы қағаздар – бұл мүліктік міндеттемелерді орындау құқығы, яғни компанияның пайдасының бір бөлігін алу, қарызға алынған ақшаны қайтару және т.б. Сондай — ақ, бұл компанияның істеріне яғни акционерлер жиналысында қатысу құқығы  болуы. Бағалы қағазды ұсыну арқылы сіз өз құқықтарыңызды жүзеге асыра аласыз (мысалы, дивидендтер алу, жиналыста дауыс беру) немесе оларды басқа иесіне бере аласыз (мысалы, сату) [2].

Бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы-оның қатысушылары арасындағы бағалы қағаздардың шығарылуы мен айналымына қатысты экономикалық қатынастардың жиынтығы[3].

Тақырыптың өзектілігі Ел ішінде де, одан тыс жерлерде де қазіргі геосаяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, мемлекеттің және қарапайым азаматтардың қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру қажет. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген елдердің экономикалық өсуінің баяулауына алып келген ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі мәселесі өткір тұр. Короновирустық пандемиядан туындаған әлемдегі дағдарыстық жағдай тұрақсыз саяси жағдаймен күшейе түсуде. Бұл мемлекеттің қаржы секторына азаматтардың жинақтарын тарту арқылы экономиканың одан әрі өсу қажеттілігін күшейтеді.

...

Скачать:   txt (56 Kb)   pdf (283.1 Kb)   docx (401.6 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club