Коммерциялық банктер
Автор: botashk19 • Ноябрь 3, 2018 • Реферат • 341 Слов (2 Страниц) • 544 Просмотры
Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды.
Траст операциялары - бұл клиенттің тапсырмасы бойынша және оның мүддесі үшін ақша қаражатын басқаруға, басқа да қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған коммерциялық банктер мен арнайы қаржы институттарының операциялары.
Траст операциялары, сондай-ақ сенімді операциялар деп те атайды. Траст деп тараптардың арасындағы сенімді қарым-қатынас түсініледі, олардың бірі басқа біреудің пайдасына меншікке билік ету үшін жауапкершілік қабылдайды.
Трасттық операциялардың мәні сенім білдірілген адам мүдделі тараптар арасында жасалған шарт негізінде не өсиет бойынша тиісті құқықтарды иеленеді, яғни мүлікті, қаржы қаражатын және оған сеніп тапсырылған басқа да материалдық құндылықтардың нысандарын бөлуші болып табылады.
Кәсіпорындар мен олардың активтері, өнімі, жер учаскелері, жылжымайтын мүлік, ақша қаражаты, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар және т. б. трасттық операциялардың объектілері бола алады.
Банктің Траст-бөлімдері әдетте мынадай қызмет түрлерін орындайды:
a) ақша қаражатын, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды сақтау;
b) жеке фирма ұсынған клиенттің бухгалтерлік құжаттарын жүргізу;
c) клиент атынан пайыздарды, дивидендтерді, жалдау төлемдерін қоса алғанда, сенімхат бойынша төлемдер алу;
d) клиенттің есебінен және атынан бағалы қағаздарды сатып алу және сату, сатушылармен және сатып алушылармен есеп айырысуды енгізу, консультациялық қызметтер (бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау, салықтық жоспарлау, жылжымайтын мүлікті сатып алу, отбасылық кірістерді оңтайлы бөлуді жоспарлау);
...