Yйымның қаржылық шаруашылық қызметтің кешенді талдау болып табылады ТЭК «Арыстан»
Автор: fariza9424 • Ноябрь 27, 2019 • Дипломная работа • 8,360 Слов (34 Страниц) • 571 Просмотры
Кіріспе
Кешенді экономикалық талдау – бұл шаруашылық әрекет туралы толық ақпарат алу құралы. Кешенді талдаудың негізгі қағидасы жан жақтылық, бір мақсатқа бағытталғандығы, жүйелілігі, келісімділігі мен талдаудың бір уақыттылығы болып табылады.Кешенді экономикалық талдау әдіснамасының маңызды элементі- күрделі мәселелерді шешуде бағдарламалық-мақсаттық әдістерді қолдану. Бұл кешенді экономикалық талдауда келесідей стандартты құбылыстар кезекті жүзеге асырылатындығын көрсетеді: талдау мақсаты мен тапсырмаларын анықтау, талданаты көрсеткіштердің факторлық моделі құру, ақпарат көзін анықтау, орындаушылар арасындағы міндеттемелерді бөлу, талдау нәтижесін бағалау мен қолдану.
Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.
Талдаудың толықтығы мен мақсатқа бағытталғандығын кешенді экономикалық талдау жүйе секілді сипаттайды. Кешенді талдаудың жүйелілігі шаруашылық әрекет көрсеткіштерін кезекті тараудан туындайды. Ұйымның өндірістік-шаруашылықтық қызметі мен оның экономикалық көрсеткіштерінің соңғы нәтижесін көрсететін себептік байланыстар кешенді талдаудың кезектілігін құрудың негізі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық механизмін дамыту жолында коммерциялық ұйымды басқару құралы ретінде шаруашылық қызметіне кешенді экономикалық талдау рөлі артады. Осыған сәйкес оның мақсаты дәлденеді; басқару шешімдерінің негізін қалауда, оны жасауда және оның тәжірибеде жүзеге асырылу кезінде бақылау жүйесін жүргізуде рөлі артады.
Кез келген коммерциялық ұйымның шаруашылық әрекетіне кешенді экономикалық талдау өнім өндіру, қызмет көрсету, пайда табу мақсатындағы, кез келген экономикалық субьектінің алдағы дамуының қаржылық ресурсы болып табылатын, шаруашылық нарықта әрекет ететін әр түрлі жұмыстарды орындау динамикасы мен құрылымын бағалау үшін жүргізіледі.
Пайда табу мақсатын көздейтін коммерциялық ұйымдарды кешенді басқарушылық талдау пайда табудың және рентабельділік деңгейін арттырудың, қаржылық тұрақтылықтың барлық факторларын қаммтиды, яғни көрсеткіштердің негізгі топтарынан тұратын барлық блоктар. Ол әсіресе бизнес-жоспарды кешенді әзірлеуде, бизнес-жоспарды орындау бойынша нәтижені көрсету кезінде, шаруашылық қызметіне кешенді талдау кезінде қажетті.
Диплом жұмысының мaқсaты – ұйымның қаржылық шаруашылық қызметтің кешенді талдау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
- Ұйымның жалпы сипаттамасы мен негізгі көресеткіштері.
- Кешенді экономикалық талдаудың ғылыми зерттелуі.
- Ұйымның негізгі құралдарын, еңбекақы ресурстарын және материалдық ресурстарын талдау.
- Ұйымның өтімділік және төлемқабілеттілігін талдау.
- Ұйымның қаржылық тұрақтылыған және рентабельділігін талдау.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізінҚaзaқстaн Республикaсының Үкіметінің қaулылaры және зaң aктілері, атақты экономистердің еңбектеріқұрайды.
Бұл дипломдық жұмыстa стaтистикaлық экономикa-мaтемaтикaлық және жеке aуқымды зерттеу әдістерін қолдaнa отырып, кәсіпорынның қaржылық есеп беру мәліметтеріне тaлдaу жaсaлынды.
Зерттеу объектісі болып«ТЭК «Арыстан» ЖШС-ныңқызметі және оның экономикалық көрсеткіштері.
...