Отчет на основе предприятия "ЭфесКазахстан"
Автор: Guldana123 • Май 23, 2018 • Отчет по практике • 4,225 Слов (17 Страниц) • 519 Просмотры
Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп беру
(«АО ИП Эфес Қазақстан» бухгалтерлік есеп мағлұматтары негізінде)
6.1. Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, есепті, ішкі аудитті ұйымдастырумен танысу.
Мен, Тусупова Райхан Ерланкызы 29.01.2018ж. бастап 07.04.2018ж. аралығында өндірістік іс-тәжірибені АҚ ЖК «Эфес Қазақстаннан» өттім. Іс-тәжірибе барысында «Эфес Қазақстан» кәсіпорының негізгі қызметімен, есептіліктің ұйымдастырылуымен, құрылу тарихымен және т.б. таныс болдым.
«Эфес Қазастан» кәсіпорны Қарағанды қаласында 1958 жылы құрылды. Ал 1997 жылы нақты «Efes Beverage Group» құрамына кірді. Бұл кәсіпорынның бас компаниясы Турция мемлекетінде орналасқан. Жалпы бас компанияның құрамына 30 дан астам сыра өндіретін мемлекет кіреді. Терең технологиялық қайта құрудан кейін, қазіргі замаңғы өндірістік кәсіпорынға айналып, алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілермен бәсекеге қабілетті атанды.
РА эксперт нұсқасы бойынша Қазақстан әлемнің ірі компаниялардың арасында 93-і орынға ие. Ал 2013 жылы «Эфес Қазақстан» Қарағанды облысының 8 ірі компаниялардың тізімін толтырды.
«Эфес Қазақстан» кәсіпорынының негізгі қызметі – сыра өндіру. Сыраның бірнеше маркасы бар, оның құрамына: карагандинское светлое, карагандинское темное, кружка свежего, карагандинское классическое және т.б. кіреді. «ВЕЕR-2004» Cочи қаласында өткен көрме-жәрмеңкеде «карагандинское светлое» және «карагандинское темное» сыралары үздік сапасы үшін алтын медальға ие болды.
Кәсіпорын құрамы: 1. Персоналды басқару департаменті (НR бизнес-партнері, әкімшілік бөлімі.)
2. Қаржы департаменті (қазынашылық бөлімі, бухгалтерия бөлімі, өзіндік құны бөлімі, іске асыру бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі және заң департаменті.)
3. Өндіріс және жеткізу тізбегі департаменті (логистика бөлімі, материалдық қойма, ақпараттық материалдар қоймасы, тардық қойма, техникалық қойма, дайын өнім қоймасы, жабдықтау бөлімі)
4. Өндіріс және жеткізу департаменті (сыра өндіру бөлімі, құю цехы, лаборатория, техникалық қызмет көрсету бөлімі, ішкі бақылау бөлімі.)
5. Өткізу департаменті (негізгі құралдарды басқару бөлімі, өткізу бөлімі.)
Кәсіпорын лицензия негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар жыл сайын «ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесімен» берілетін сәйкестік сертификаттармен жұмыс барысын толықтырады. [Қосымша 1]
АҚ-ның бухгалтериясында бас бухгалтер қызмет етеді. Бас бухгалтер және әр бөлімше бойынша жұмыс атқаратын бухгалтерлер кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүргізуде SAP бағдарламасын қолданады.
Сонымен қатар 29.01.2018 – 07.04.2018 жыл аралығында өндірістік іс-тәжірибені АО ИП «Эфес Қазақстан» кәсіпорынында өткенімді куәландыратын арнайы сертификаттар берілді. [Қосымша 2]
6.2. Капиталды есепке алу.
Жалпы капитал – бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі қалған үлесі.
Акционерлік капитал — акционерлік қоғамның (АҚ) негізгі капиталы. Оған: жарғылық капитал (оның мөлшері қоғамның жарғысында жазылады); төленген капитал (акционерлік қоғамға жазылу кезінде түскен қаражаттан құралады) енеді. Әдетте акционерлік қоғам құрылтайшылары компания активінің құнынан асып түсетін көлемдегі сомаға акция шығарады. Артық түскен сома құрылтайшылар пайдасы деп аталып, компанияның қосымша пайдасын құрайды. Акционерлік капитал жыл сайын таза пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру арқылы, жаңадан акциялар шығару және оны сату есебінен өсіп отырады. Қазақстанда акционерлік қоғамдар мемлекеттік кәсіпорындар негізінде құрылғандықтан сол кәсіпорын мүлкінің құны қоғамның Акционерлік капиталының құны болып есептелді. Осы сома жарғылық капитал болып есептеліп, сол сомаға акциялар шығарылды.
...