Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отандық есептік тәжірибеде қолданатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Автор:   •  Ноябрь 29, 2018  •  Курсовая работа  •  7,578 Слов (31 Страниц)  •  1,113 Просмотры

Страница 1 из 31

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Отандық есептік тәжірибеде қолданатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері»

5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығы

Орындаған: УА – 31 тобының студенті

Нөкербек Қарлығаш

Ғылыми жетекші: э.ғ.м., аға оқытушы

Темірбекова Л. А.

Қарағанды 2018

      Кіріспе

«Қазақстан - 2050» даму стратегиясында негізгі приоритеттерінің бірі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсім болып табылады. Ел экономикасының тұрақты өсімі кəсіпорындардың қаржы тұрақтылықтарына қол жеткізулеріне көмегін тигізеді. Жəне де шетелдің инвесторларын экономикамыздың өте маңызды, керекті салаларына белсенділікпен тартуларына бағыттап отырады. Сонымен қатар экономикадағы бизнестердің негізгі саласындағы іскерлік белсенділігін арттыру үшін, қажетті индустриалдық саясатына кірісу үшін, шаруашылықты тану жəне басқару бойынша  макроденгейден микродеңгейге қызметтерін атқаруға көмегін тигізеді [1].

Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сəйкес дамып келе жатқан ел.Біз Қазақстанның əлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген,əрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Ол үшін біз өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасытек қана осы заманғы, бəсекеге қабілетті жəне бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасына қадамымызды нықбасуымыз керек.

Қазақстандық кəсіпорындар қатаң бəсекеге əзір тұрып, оны өз мүдделеріне пайдалана білуі керек, оған қазір жағдайлардың барлығы жасалған. Мемлекет өз тарпынан іскерлік бастамашылық жолындағы заңнамалық, əкімшілік жəне бюрократиялық кедергілерді жойып, жеке меншік капиталдың келешегі үлкенбастамаларына тікелей қолдау көрсетуде. Бірақ қазіргі таңда кəсіпорындардың алдында тұрған үлкен кедергілер  бар.Олардың бірі шығындарды дұрыс басқарып, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын, оның кəсіпорынның іскерлік аясына байланысты əдістері мен принциптерін дəл жəне нақты анықтау болып отыр [2].
     Шығындарды дұрыс емес басқару мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын дұрыс анықтамау кəсіпорындарды банкроттыққа да ұшыратуы мүмкін. Біз Қазақстанның экономикасын жақсарту үшін ең алдымен кəсіпорындарымыздағы қиыншылықтарды жоюымыз керек.

Курстық жұмыстың өзектілігі - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың  кəсіпорындарда кездесетін қиыншылықтары мен оны қалыптастыру проблемалары жəне шығындарды төмендету арқылы қалай өзіндік құнды төмендету, сонымен қатар кəсіпорынның пайдасының қалай жоғарлайтынын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – ұйымның шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының есебі жөніндегі ұсынылған ұсыныстарды кәсіпорынның басқарушылық шаруашылығында пайдалануға ұсыну табылады.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы. Шетелдің, ТМД және отандық ғалымдарының жұмыстарын зерттеудің нәтижесінде шығындардың және өзіндік құнның түсінігінің анықтамаларын толықтыру, шығындар мен өзіндік құнның қозғалысының есебін қарастыру бойынша есептің регистрлеріне ұсыныстар беру, шығындар мен өзіндік құнның бағалануы негізінде кәсіпорындағы бағалаудың тиімді әдістерін ұсыну болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - отандық есептік тәжірибеде қолданатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін талдау.

Курстық жұмыстың міндеті:

1. Калькуляцияның өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда жəне оған, нарықтағы; сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілген қызметке негізді белгілеуде маңыздылығын анықтау;

2. Отандық жəне халықаралық практикада қолданылатын калькуляциялаудың əдістері мен тəсілдерін жіктеп көрсету;

3. Калькуляциялаудың негізгі принциптері мен оның объектісі ментəсілдерін түсіндіру;

...

Скачать:   txt (115.5 Kb)   pdf (416.4 Kb)   docx (72.3 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club