Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өнімнің өзіндік құнындағы энергетиканың алатын үлесі

Автор:   •  Сентябрь 30, 2021  •  Курсовая работа  •  3,102 Слов (13 Страниц)  •  411 Просмотры

Страница 1 из 13

                                                   Жоспар

Кіріспе

1 Бөлім Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік

1.1 Өнімнің өзіндік құны туралы ұғым,экономикалық маңызы, түрлері

1.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

1.3 Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары

2 Бөлім «Астанаэнергосбыт» ЖШС қаржы экономикалық жағдайы

2.1 «Астанаэнергосбыт» ЖШС тарихы

2.2 «Астанаэнергосбыт» ЖШС энергиясының өнімдерін өндіру тарифы

3 Бөлім Өнімнің өзіндік құнындағы энергетиканың алатын үлесі

3.1 Өнімнің өзіндік құнындағы энергетиканың алатын үлесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

                                                   


Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы- Энергия өнімдерінің өзіндік құны

Менің курстық жұмысымның мақсаты- Энергия өнімдерінің өзіндік құнын зерттеу. Менің курстық жұмысымның міндеті:

1 Өзіндік құнның тарихын білу

2 Өзіндік құнның түрлерімен танысу

3 Өзіндік құнның тарифтерімен танысу

Менің курстық жұмысымның обьектісі-«Астанаэнергосбыт» ЖШС, жалпы, Қазақстандағы энергияның өнімдерін өндіру тарифы жайлы нақты білу.

Өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорынның өнім өндіру және өткізуге жұмсалған шығындардың ақшалай түріндегі көрінісі.

Өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорынның өндіру және сатумен байланысты барлық шығындарын ақшалай сәулелендіретін, кәсіпорын (фирма) қызметінің маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі. Өзіндік құн өзі өндіретін өнімі кәсіпорын үшін неге тұратындығын көрсетеді. Өзіндік құнға өнімге кіргізілген өткен еңбек шығындары (негізгі қорлар амортизациясы, шикізат материалдар, жанар май және басқа материалдық ресурстар құны) және кәсіпорын қызметкерлеріне төлемдік (еңбек ақы) шығындар кіреді.

Шығарылатын өнімнің нақты өзіндік құнын талдау, резервтері және оны төмендетуден экономикалық тиімділікті анықтау барысында экономикалық факторлар бойынша есеп қолданылады. Экономикалық факторлар өндіріс процесінің барлық элементтерін-кұралдарды, еңбек заттарын және еңбектің өзін толық қамтиды. Олар кәсіпорын ұжымдарының өзіндік құнды төмендету бойынша жұмыстарының негізгі бағыттарын сипаттайды: еңбек өнімділігін арттыру, дайындық жұмыстарын арзандату және еңбек заттарын жақсы пайдалану,әкімшілік басқару және басқа да сәйкес шығындарды қысқарту, алдыңғы қарарлы техника мен технологияны енгізу, құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану, ақауларды қысқарту және өнімді емес шығындар мен кемшіліктерді жою.

               

   


1 Бөлім Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік

1.1 Өнімнің өзіндік құны туралы ұғым,экономикалық маңызы, түрлері

Өнім шығару немесе қызмет көрсетуі құндылығы кәсіпорынның экономикасының даму деңгейіне айтарлықтай әсер ететін тиісті ресурстық қамтамасыз етуді білдіреді. Сондықтан әрбір кәсіпорын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) қанша тұратындығын білуі керек. Бұл фактор әсіресе кәзіргі экономика жағдайында өте маңызды, өйткені өндіріс шығындарының деңгейі кәсіпорынның, оның экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру, өнім өндіру немесе өндірістік қызметті орындау, оны өткізу үдерісінде кететін шығындарды анықтау кәсіпорынның шарушылық жүргізудегі тиімділігінің арттыру факторларының бірі болып саналады. Өнімнің өзіндік құны өнеркәсіптік кәсіпорындарының маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады, олар өндірістің өнімдерінің өндірумен және сатумен байланысты кәсіпорынның барлық шығындарын айқындайды. Шығындар компанияның өз өнімдерінің шығаратын құнын көрсетеді.  Өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорынның өнім өндіру және өткізуге жұмсалған шығындардың ақшалай түріндегі көрінісі. Кәсіпорында өнімнің өзіндік құны келесідей шығындарды қамтиды:

...

Скачать:   txt (48.2 Kb)   pdf (146.5 Kb)   docx (54.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club