Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік аудит

Автор:   •  Март 12, 2023  •  Курсовая работа  •  4,069 Слов (17 Страниц)  •  138 Просмотры

Страница 1 из 17

                                                    ЖОСПАР
І.Кіріспе....................................................................................................................
1.
қаржы бақылауы, түрі, формасы, әдісі.......................................
  1.1. Қаржы бақылауы туралы түсінігі..............................................................
  1.2. Қаржы бақылауының түрі, формасы, әдісі туралы..................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.......................................
  2.1. Мемлекеттік аудит..................................................................................
  2.2. Мемлекеттік аудит міндеттері...........................................................
  2.3. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері...........................................................
  2.4. Мемлекеттік қаржылық бақылау..................................................................
  2.5. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары....
ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ІІІ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................































         Кіріспе


       
«Қаржы» экономикалык пәндер жүйесінде маңызды орын алады және экономикалық ғылымның маңызды кұрамдас бөлігінің бірі - қаржы туралы ғылымның ерекшелігі зерделенетін базалық оқу пәні болып табылады. Ол қаржы туралы ғылымның теориялық қағидасын да, шаруашылық үдерістерінде категорияны пайдаланудың практикалық аспектілерін де кіріктіреді.
       Қаржы туралы ғылым экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді, тауар - акшалай қатынастар, қаржылық ресурстардың басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы жэне мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
       Тұжырымдамалық негізде аталмыш курс экономикалық теорияньщ критерийлері мен қағидаттарына негізделген және қатынастардың айрықшалықты сферасында - қаржылық қатынастарда оның жалғасы, нактылануы болып табылады. Ғылымның бұл бөлігінің объекті қаржылық ресурстар - ақшалай табыстардың, корланымдар мен қорлардың элуетті көздері, сондай-ақ каржылык нысандарда іске асырылғандары болып саналады. Қаржы субьектілері аталған қатынастардыц қатысушылары -          қызметтің сан алуан түрлері, меншік нысандары, басқару деңгейлері болып көрінетін экономикалық агенттер: шаруашылық, коммерциялык, мемлекетгік, қоғамдық және өзге құрылымдар, органдар, мекемелер, үй шаруашылықтары болып табылады.
       Курста қаржының табиғаты мен функцияларының мәселелері, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара іс - эрекеті, шаруашылык өмірдегі көрінісінің ерекшеліктері қисынға сәйкес дәйекті түрде қаралады, каржылғ.гк катынастарды ұііымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс - әрекет механизмі, қаржыны нарықтық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, олардың қаржы және басқа экономикалық - әлеуметтік жүйелердегі іс-әрекетінің қағидаттарымен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Бұған мыналар кіреді: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, резервтер, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит, мемлекеттік борыш, сақтандыру, функциялық жүйелер - қаржылық жоспарлау мен болжау, бақылау, каржылық катынастарды құқықтық қамтамасыз ету, қаржы рыногы.
       «Қаржы» - арнаулы пән және қаржылық қатынастардың теориясын зерделейтін бұл курстық жұмыстың мақсаты – қаржылық категорияларды, ұғымдарды, терминдерді ұғып алуда, олардың сыныптамасын, әлеуметтік - экономикалық үдерістердегі маңызы мен орнын біліп алуда студенттердің теориялық және практикалык жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу.

1 Қаржы бақылауы, түрі, формасы, әдісі


1.1 Қаржы бақылауы туралы түсінігі


       «
Қаржы бақылауы» - мемлекеттің қаржыны басқару атқарымы, мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша қорларын құраудың, бөлудің және пайдаланудың заңдылығын, тиімділігің және нәтижелілігін тексеру әдістерінің, органдарының және іс-шараларының жүйесі. Қаржы бақылауы бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығын және ұтымдылығын, мемлекеттік және муниципалдық меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, қаржы тәртібінің бұзылуын ашуға жәрдемдесетін мемлекеттік бақылау нысаны, басқаруды бақылау органдарының басты буыны болып табылады. Негізгі міндеті - республикалық және жергілікті бюджет, бюджеттен тыс қорлар қаражатының, мемлекеттік кәсіпорындар қаражатының құралуы, бөлінуі және пайдаланылуы тәртібін белгілейтін қаржы қүқығы нормаларының дәл сақталуын қамтамасыз ету. Қаржы бақылауы мемлекеттік Қаржы бақылауы, аудит және ішкі идаралық бақылaу түрлеріне бөлінеді. Дамыған елдерде қаржы бақылауын есеп палаталары, салық идаралары, министрліктер мен идаралардың бақылау-тексеріс  бөлімдері, уәкілетті аудиторлық компаниялар, мемлекеттік және муниципалдық ұйымдардың, бюджеттен тыс қорлардың ішкі бақылау бөлімдері жүргізеді.
       Қаржылық бақылау әрбір мемлекетте болады. Өзекті мәселе ретінде қаржылық бақылауды ұйымдастыруды және жетілдіруді айтуға болады. Қазақстанда мемлекеттік қаржы бақылауының тиімділігін арттыру туралы пікір көптен бері айтылып жүр және қаржылық дағдарыс кезінде оның рөлі ерекше орынға ие. Әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, қаржылық бақылаудың қазіргі және тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігі туралы да дүркін-дүркін сөз болып келеді. Қаржылық бақылау нарықтық қатынастар жағдайында өз басынан айтарлықтай өзгерістерді кешіріп жатыр. Жаңа экономикалық қатынастар қаржылық операцияларды, әртүрлі мәмілелерді үнемі тексеріп тұрғанды көтере алмайды. Көлемді бақылаулар бірқалыпты рыноктік қатынастарға тежеу болып табылады. Бірақ та қазіргі өтпелі кезеңде барлық қаржы ағындарын   бақылау   мүмкін   емес. Осындай жағдайларда мемлекеттік меншікті пайдалануға байланысты теріс іс-әрекеттер жасау, қаржы заңдарын, қаржылық тәртіпті бұзу жиі кездесіп тұрады. Сондықтан да қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі барлық теріс іс-әрекеттерге кедергі болуы тиіс.
 Мемлекет қоғамдық мүддені, әлеуметтік теңдікті қорғай отырып бұндай іс-әрекеттерге қаржылық бақылауды ұйымдастыра отырып кеңінен араласуы керек. Сонымен қатар, мемлекет қаржысының тиімді де, мақсатты пайдаланылуы үшін қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік және басқа да органдардың өкілеттіліктері кең болғаны дұрыс.
       
Бақылау функциясы. Қаржының ұдайы өндірістік функциясының мазмұнын табыстар мен қорларды жасау және пайдалану үдерісінде болып жататын экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ осы үдерістердің қатысушыларының құрамымен түсіндіріледі. Табыстарды
жасаудың тікелей көзі материалдық өндіріс сферасында алынатын ұлттық табыс болып табылады. Ұлттық табысты алғашқы бөлу үдерісінде экономиканың бастапқы буындарының-фирмалардың, компаниялардың, үй шаруашылықтарының бастапқы табыстары жасалады. Қайта бөлу үдерісінде түрлі меншікті мақсаттарға пайдалану үшін қордалану жолымен бұл табыстардан ақшалай қорлар қалыптасады және, міндетті аударымдар түрінде, қоғамдық қатынастардың басқа қатысушыларының ақшалай қорлары жасалынады. Бұл үдерісте мемлекеттік бюджет зор рөл атқарады, ол аркылы аумактык, салалык және ведомстволық белгісі бойынша сан алуан қорларды жасау жолымен ақшалай қаражаттардын едәуір бөлігі қайта бөлінеді. Нәтижесінде, көп жағдайларда қоғамдық ұдайы өңдіріске қатысушылардың бірінің табыстары есебінен түпкілікті тұтынуға бағытталатын басқа катысушылардың қажеттеріне пайдаланылатын ақшалай қорлар жасалады. Taп осы үдерістер қаржының айтылған функцияларында өзінің көрінісін табады.



1.2 Қаржы бақылауының түрі, формасы, әдісі туралы


     
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметі нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
       Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:
тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржылық қаражаттардың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды үстеме (ыңғайласпа) тексеру, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары. Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады. Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тыйым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды. Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
       Есептемені шоттық тексеру - бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салықтық есеп-қисаптардың ақиқаттығын тексеру. Ол үш кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде есептеменің әртүрлі нысандары көрсеткіштерінің келісушілігі айқындалады; екінші кезеңде жекелеген есептік
көрсеткіштерді бухгалтерлік есептің тіркелімдеріндегі жазбалармен салыстыру жүзеге асырылады; үшінші кезеңде бастапқы құжаттардың мәліметтері бойынша есептік тіркелімдердің негізділігі анықталады. Мұндай дәйектілік шоттық тексерулерді бухгалтерлік есеп пен есептеменің қойылымына бақылау жасаудың өте тиімді құралы етеді және қаржылық тәртіптің бұзылуларын анықтауға және ескертуге жәрдемдеседі.        Тақырыптың тексеру - бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық- қаржылық жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
       Экономикалық талдау - бұл объектінің шаруашылық-қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін
анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу. Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары - банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
       Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектердің қаржылық-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, (учаскесімен) танысу жолымен бір
мәселе (тақырып) бойынша жүргізеді.
Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді. Тексеру мен қарап шығудың мақсаты
шаруашылық және қаржылық қызметтің жекелеген учаскесінің жай-күйін анықтау болып табылады. Камералық тексеру жергілікті орынға шықпай-ақ жүзеге асырылады және шаруашылық органның құжаттық тексеруінен бұрын болады.
       Үстеме тексеру - тексеріліп отырған шаруашылық жүргізуші субъектінің әріптестерінде немесе клиенттерінде қаржылық-шаруашылық операциялардың нақтылы бейнелеп көрсетілуін тексеру арқылы бұл операциялардың растығын анықтау әдісі.
       Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі - тексеріс - кейінгі (келесі) бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық
қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті әр түрлі бақылаушы органдар, ең алдымен қаржы, сонымен бірге ведомствоға қарасты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органдары жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар - жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объекті бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі, ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешендік болуы мүмкін. Құжаттық тексерісті жүргізген кезде
есептер, қаржыландырудың жеке жоспарлары ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақшалай құжаттар (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі. Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді. Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
       Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржылық-шаруашылық қызметтің әйтеуір бір жағына (мысалы, іс сапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.
       Тақырыптық тексерістер бір моделдегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржылық-шаруашылық қызметтің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
       Тексерістердің тәсілдері: материалдық
құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылы ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлық, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және үстеме тексерулер. Көрсетілген тәсілдер тексерістің қойылған мақсаттарына қарай қолданылады. Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұрынғы тексеріс пен тексеру материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарың, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмыстың негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудиттік органдар өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді. Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл үдерісі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілеттіктерді көрсету; тексерілетін объектінің
жауапты жұмыскерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексеру материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.
       Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс акті (анықтамасы) - бұл қаржылық-шаруашылық қызметте жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.







...

Скачать:   txt (60.7 Kb)   pdf (197.9 Kb)   docx (59.2 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club