Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Ойыл аудандық ветеринариялық зертханасы» мемлекеттік мекемесінде өткен өндірістік тәжірибесі
Автор: Shkola2021 • Сентябрь 6, 2021 • Отчет по практике • 4,729 Слов (19 Страниц) • 400 Просмотры
[pic 1]ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты
«Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультетінің
«Ветеринарлық санитария» мамандығының
ВС-43 топ студенті Сәлменов Нұрхан Өтемісұлы
2021 жылдың 07.06-01.08.2021 күндері
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Ойыл аудандық ветеринариялық зертханасы» мемлекеттік мекемесінде өткен өндірістік тәжірибесі
ЕСЕБІ
Орындаған: ВС-43 топ студенті Сәлменов Н.Ө.
Кәсіпорын бойынша жетекші: Жанабекова А.К.
Университет бойынша жетекші: о.Абдрахманов Р.Г.
Орал-2021 ж.
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Ойыл аудандық ветеринариялық зертханасы мекемесінде ҚР-ның 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңымен танысу
2.2 «Республикалық ветеринариялық зертханада» түрлі диагностикалық реакциялармен танысу.
2.3 Шақыртулар барысында кездескен вирусологиялық, паразитологиялық, жұқпалы емес аурулар, емдеу шаралары, АВК көрсету.
2.4 Вакцинацияланған малдарды тіркеу.
2.5 Ойыл аудандық Орталық базарының зертханасына бару.
III.Қорытынды
Кіріспе
Мен Сәлменов Нұрхан Өтемісұлы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультетінің «Ветеринарлық санитария» мамандығының 4-курс ВС-43 топ студенті, 2021 жылдың маусым айының 7 жұлдызынан бастап тамыз айының 1 жұлдызына дейін Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Ойыл аудандық ветеринариялық зертханасы» мемлекеттік мекемесінде өндірістік тәжірибеден өттім. Жетекшім Жанабекова Ардақ Каримовна апайдың бағыттамасымен Ойыл аудандық Орталық базарындағы зертханада, сондай -ақ «Республикалық мемлекеттік ветеринариялық зертхананың» филиалында да өндірістік тәжірибеден өтіп, білімімді шыңдай түстім.
«Ойыл ауданы ветеринариялық зертханасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
- жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
- ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
- құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
- ветеринариялықанықтамаберуді;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
- биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
- ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады.
2.1 Ойыл аудандық ветеринариялық зертханасы мекемесінде ҚР-ның 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңымен танысу
adilet.zan.com сайтынан ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайтын және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңының мазмұнымен таныстым.
1 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
...