Аудиторлық қызмет сапасын қамтамасыздандырудың теориялық аспектілері
Автор: ssaginbekova • Февраль 18, 2019 • Курсовая работа • 10,733 Слов (43 Страниц) • 452 Просмотры
І. Аудиторлық қызмет сапасын қамтамасыздандырудың теориялық аспектілері.
1.1. Аудиторлық қызметтердің экономикалық мазмұны және құқықтық реттелуі.
«Ойлау қабілетінің, табиғаттың, қоғамның дамуындағы заңдылықтар туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ осындай білімдердің жеке саласы» [1, 361б.] деп түсіндірілетін ғылымның даму тарихы,білімнің жаңа салалары тәжірибелік қызметтің белгілі бір мәселелері маңызды дербес мәнге ие болғанда және тереңдетілген ғылыми зерттеуді қажет еткен кезде ғана дербес ғылым саласына айналатындығын көрсетеді.
Қоғамдық ғылымдар жіктелуінің аналитикалық процесі шаруашылықты жүргізу тәжірибесінде тікелей жетекшіге айналдыру үшін алғышарттар құра отырып, экономикалық теорияның жалпы жағдайын нақтылайтын және дамытатын менеджмент, маркетинг, экономикалық талдау сияқты басқа да арнайы экономикалық ғылым салаларының бөлініп шығуына әсер етті. Бұл ғылымдар қатарына аудитті де жатқызуға толық негіз бар.
Аудит-ғылым ретінде қалыптасуына ғылыми білімдердің кез келген жаңа саласының пайда болуына тән объективті талаптар мен шарттар себепші болған экономикалық білімдердің арнайы саласы.
Аудит нарықтық қатынастардың элементі болып табылады. Басқа кез келген нарық элементі секілді аудит те қандай да бір нарық қатысушылары тобының оған деген қажеттілігі және сұранысы туындағанда жарыққа шығады(бұл сұраныс және ұсыныс заңы әрекет етуінің бір көрінісі).
Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдардың меншік иелерінің (акционерлер, үлескерлер, құрылтайшылар), сондай-ақ инвесторлар мен кредиторлардың оларды қызықтырған шаруашылық субъектінің қаржылық және шаруашылық операциялары қаншалықты күрделі және тәуекелді, есепте дұрыс көрсетілген бе, заң талаптарына сай келеді ме деген сұрақтарды өздігінен шешетін жағдайда болмауына әкеліп соқты. Олар кәсіпорын әкімшілігі берген ақпаратқа ғана сүйене алмады. Кәсіпорындардың айтарлықтай жиі банкротқа ұшырауы, әкімшілік тарапының жалған ақпарат берудің жиі орын алуы қаржылық салымдардың тәуекелділігін арттырды. Акционерлер, меншік иелері, инвесторлар, және кредиторлар кәсіпорын әкімшілігі берген қаржылық есептілік кәсіпорынның шын мәніндегі қаржылық жағдайын көрсеттеіндігіне, оларға жалған мәлімет бермегендігіне сенімді болғылары келді. Олар өздері қаржылық есептіліктің мәліметтері дұрыс екендігін анықтай алмады, бұл үшін арнайы білім мен тәжірибе, шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық құжаттарына еркін қол жеткізу керек болғандықтан, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы объективті тұжырым жасай алатын өзге тәуелсіз маман іздеуге мәжбүр болды.
Бұл маман міндеті қаржылық ақпаратты тұтынушыға оның растығы, дұрыстығы туралы маманның алдын –ала ойластырылмаған, яғни нақты пікірін жеткізуді қамтитын аудитор болып табылады. Аудитор бұл функцияны өз міндетіне алу керек, себебі, біріншіден, оның керекті білім мен тәжірибесі бар, екіншіден, қажетті құжаттарды тексеруге және растаушы мәліметтерді жинақтауға құқығы бар, үшіншіден, тексерілетін ұйымның әкімшілігіне бағынышты емес.
Шын мәнінде, аудитор қаржылық есептілікті құраушылар мен онда көрсетілген мәліметтерді қолданушылар арасындағы делдал. Бұл қолданушылар құнды қағаз сатып алғалы жатқан немесе пайдалануына заем беруге ниеттенген компаниялардан қаржылық ақпарат алады. Олардың қаржылық мәселелер бойынша әрі қарайғы шешімі осы ақпараттың сапасына байланысты болады. Ешбір ынтымақты банк аудиттелген қаржылық есептілігі жоқ клиентке заем бермейді. Ешбір инвестор қаржылық есептілігі бірнеше жыл қатарынан тәуелсіз аудитормен тексерілмеген ұйыммен бірге жұмыс істемейді. Басқаша айтқанда, қызығушылығы бар қолданушылар қаржылық шешім қабылдағанда аудиторлар тексерген кәсіпорынның қаржылық есептілігінің қаншалықты деңгейде дұрыс екендігі туралы аудитордың кәсіби пікіріне сүйенеді.
...