Шағын бизнес және оның өнеркәсіптік өндірістегі рөлі
Автор: Серикжан Байбосынов • Май 24, 2018 • Курсовая работа • 15,961 Слов (64 Страниц) • 715 Просмотры
Кіріспе
Реформалау жылдары Қазақстанда елдің кейінгі дамуына ықпал еткен айтарлықтай өзгерістер болды. Реформалардың шоктық әдістері еліміз 90 жылдар ішінде шығар алмай қойған жүйелі дағдарысты туындатты. Нарықтық қайта құрулар жағдайды лайықты есепке алусыз, кейде тіпті өткізілетін реформалардың әлеуметтік-экономикалық салдарларын елемей-ақ жүзеге асырылды, экономиканың әлеуметтік секторына салынатын инвестициялардың қалдықты сипат бойынша жүзеге асырылуы әлеуметтік саланың жүйе құраушы салаларының дағдарысына әкелді: білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақылық қамтамасыз ету.
2005 жылдан бастап жағдай біршама жақсара бастады. Алайда, әлеуметтік саланы қаржыландыру мәселесінің күшеюі, табыстардың бөлінуі, тұтыну бағаларының артуы сақталып отырды. Қазақстанның ЖІӨ-гі әлеуметтік инвестициялардың үлесі Еуропалық Одақтың дамыған елдерімен салыстырғанда 2-3 есеге кем деуге де болады, ал аталмыш инвестициялардың мемлекеттік бюджеттегі үлесі бойынша айырма одан да жоғары. Әлеуметтік саладағы инвестицияларға қатысты аталмыш жағдай жұмыс күшінің сапасын қалаулы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік бермейді. Өз кезегінде, жұмыс күші сапасының жоғары болмауы ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігінің лайықты деңгейін, еңбек өнімділігі өсімі мен өмір сүру сапасы жақсаруының лайықты деңгейін қамтамасыз ете алмайды.
Ұлттық экономиканы халықтың өмір сүруінің лайықты деңгейін қамтамасыз ететін инновациялық даму жолына өткізетін бәсекеқабілетті адамзат капиталды қалыптастыру мақсатында әлеуметтік салаға мемлекеттік инвестициялардың нәтижелілігі саласындағы инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыру бағыттарын өңдеу қажеттілігі таңдалған дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Сонымен қатар, экономикалық ғылымда әлеуметтік саясат тиімділігін арттыру мәселелеріне қажетті назар аударылмайтыны, олардың тиімділігі мен әлеуметтік секторға салымдарды мемлекеттік реттеудің нәтижелілігін бағалайтын көрсеткіштердің тұтастай жүйесінің жоқ екенінің анықталуы дипломдық жұмыс тақырыбының таңдалуына себеп болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы экономикасының әлеуметтік секторын мәселелерін ашып, олардың тиімділігін арттыру жолдарын көрсету,
Аталмыш мақсатқа сәйкес жұмыста мынадай мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды:
- нарықтықтық экономика жағдайында әлеуметтік саланың ерекшелігін ашу;
- әлеуметтік саланы қолдау әдістері және олардың сипаттамаларын көрсету;
- әлеуметтік саланы қолдаудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
- әлеуметтік саладағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижелерін бағалау;
- әлеуметтік саладағы инвестициялардың тиімділігін анықтау;
- әлеуметтік секторды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының басымды бағыттарын қарастыру;
- әлеуметтік саланың дамуына инвестициялау жобаларының тиімділігін талдаудың басымды бағыттарын анықтау.
Зерттеу объектісі – нарықтық экономикадағы әлеуметтік саясат жүргізудегі ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар.
Дипломдық жұмысты жазу барысында әдістемелік негіздеме ретінде отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, нормативті-құқықтық актілер, периодикалық басылымдар қолданылды.
1 Қазақстандағы әлеуметтік саясатты зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
1.1 Нарықтық экономикадағы әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы
Әлеуметтанушы ғалымдардың тұжырымы бойынша ежелгі кезеңнен бері өмір сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезеңдердің дамуына тән әлеуметтік саясат жүргізілген. Қазіргі кезде әлеуметтік саясат мәселелері халық үшін де, саясаткерлер мен ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға айналып отыр. Тәуелсіз Қазақстан жүзеге асырып отырған түбегейлі экономикалық реформалар бұл өзгерістерге жауап бере алатын және соған сәйкес келетін мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруды талап етеді. Өйткені, «елдің экономикасын сауықтыруға бағытталған экономикалық реформаның күшті әлеуметтік саясатпен қамтамасыз етілуі өте маңызды, ал олай болмаған жағдайда бір реформа екіншісіне қауіп төндіре бастайды» [9].
...