Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Киіз басу туралы бизнес жоспар

Автор:   •  Февраль 8, 2024  •  Реферат  •  1,242 Слов (5 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 5

«Талды жалпы білім беретін мектебі» КММ

«Цифрландыру және жаһандық тәуекелдер жағдайындағы қаржы-экономикалық жүйенің орнықты дамуының заманауи үрдістері» тақырыбындағы халықаралық пәндік олимпиадаға

арналған

БИЗНЕС ЖОБА

Тақырыбы:

КИІЗ БАСУ

Қарағанды облысы, Шет ауданы,

Талды жалпы білім беретін мектебі

11-сынып оқушылары: Маденова Дильназ,

Серік Лебіз

Жетекшісі: қазақ тілі мен қазақ

әдебиеті пәндері мұғалімі

Кузембаева Жулдыз Ергазиевна

Талды ауылы, 2023ж

Жоба түйіндемесі: 

Мақсаты: Атадан балаға мирас болып қалған киіз басу өнерін балаларға үйретудің қарапайым жолдарын  қарастыру;  киізден, жүннен жасалатын күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаудың ыңғайлы жолдарын іздестіру. Киіз өнімдері өндірісінің шағын шеберханасын ашу, қосымша табыс табуды жоспарлау.

Өнімі: ұлттық қол өнердің бір саласы болып саналатын  киіз басу өнерін, заман ағымына қарай ұлттық нақышта жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар мен тұрмыстық заттар жасау.

 Жоба құны: 2 000 000 теңге. 

Өзін өзі ақтау мерзімі: 3 жыл 

Жоба тұжырымдамасы: 

   Ауыл тұрғындары мал жүнін қырқып, қоқысқа тастайды немесе өртеп жібереді. Бұл дұрыс емес, себебі жүн – көптеген пайдалы зат өндіруге арналған шикізат. Жүнді кез-келген ауылда еш қиындықсыз және арзан бағамен сатып алуға болады. Жүн өңдеу техникасына оралу арқылы жүн сияқты икемді материалмен түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, ежелгі текемет басу және жүннен гобелен жасау, заманауи киім үлгілерін тігуге болады. Бұл икемделгіш және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу дәуірін бастан кешуде. Біздің қазақ халқының ұлттық технологиясын өзгелер үйреніп, қазір әлем нарығында  киіз  басуға  арналған  машиналар да шығып жатыр. Қорқыныштысы сол, жаһандану процесі қазақтың дәстүрлі технологиясын  жалмап кету қаупі бар. Ал қолөнерге қызығушылықты арттыру — мәдени мұрамызды сақтап, қайта түлету мүмкіндігі.  

Кәсіпорынның сипаттамасы

    Сапалы жылы көрпелер, үй шаруашылығында қолданатын төсеніштердің, , киіз үй жабдығы, түрлі киімдердің  негізі.

    Бизнестің даму деңгейі: жаңадан ашылатын жеке кәсіпкерлік.

Шығаратын негізгі өнім түрлері, ерекшелігі

Өнім сипаты

        Шикі жүнмен ешкім айналыспайды. Біз сол жүнді өңдеп немесе жүннен дайындалған дайын материалды ұсынамыз.

   Шеберхананың шығаратын негізгі өнім түрлері: костюмдер, бас киімдер, шарфтар, жилеттер, пималар, пинеткалар, Өнер иелері текемет пен гобелен техникасының көмегімен поэтикалық пейзаждар мен жанрлық композициялар, реалистік және фантастикалық натюрморттар жасауға арналған материал дайындау. Олардың жұмыстарының бір ерекшелігі ежелгі текемет басу және жүннен гобелен жасау техникасын пайдалана отырып, заманауи киім үлгілерін жасауы.

   Шеберлер бұйым жасауда кең ауқымда киізді пайдаланады. Перде безендіруде, тұтқыш пен ыдыс-аяқтың төсеніші, үй жиһазы мен еденге төсейтін кілемдерден орын алады. Оны тіпті, сән әлемінде модельерлер де назардан тыс қалдырмайды. Қазіргі заманғы технологияны қолдана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды үйлестіріп, небір өнер жауһарын жасауда. Жалпы киіз бұйымын дайындау балалардың да қолынан келеді. Тек оған машық пен төзім керек.

Ұйымдастыру жоспары:

   Бизнестің табысты болуы үшін жүнмен жұмыс жасай алатын 5-6 әйел адамды аламыз. Ол адамдар келісімшарт бойынша қабылданады, себебі киіз басу маусымдық жұмыс. Кейін жүн өңдеу цехы болып ашылатын жағдайда адамдар тұрақты жұмысқа алынады.

...

Скачать:   txt (17.8 Kb)   pdf (163 Kb)   docx (483 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club