Цифрлық теңге: оның дамыту жолдары мен күтілу нәтижелері
Автор: Inkarff77 • Май 29, 2024 • Научная работа • 3,963 Слов (16 Страниц) • 98 Просмотры
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және құқық факультеті
Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы
Қуанышева Іңкәр Нурлыбекқызы
Цифрлық теңге: оның дамыту жолдары мен күтілу нәтижелері
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Білім беру бағдарламасы «6В04104 - Қаржы»
Ақтөбе, 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І Әдебиеттерге шолу 6
ІІ Зерттеу әдістемесі 13
ІІІ Талдау және зерттеу нәтижелері 14
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
Қосымшалар 17
Кіріспе
Бүгінгі таңда цифрландыру жаһандық экономикадағы маңызды үрдістердің бірі екені белгілі. Технологиялар бір орында тұрмайды, Қазақстанда да өз қолдануын тапты. Соңғы 15 жылда біз цифрлық технологияларды қолдануда айтарлықтай серпіліс жасадық: кезекте ұзақ күтуден интернет-банкингке көштік, көп ұзамай Қазақстан Республикасының eGov.kz Электрондық үкімет порталы ашылды.
Банктердің цифрлық технологияларды қолдануы ел ішінде және шетелдік банктерге лезде ақша аударымдарының, мобильді банкингтің пайда болуына әкелді, ал COVID-19 пандемиясы кезінде банк клиенттеріне қашықтан кеңес беру қызметі құрылды. Цифрландыру процестері банктер мен бизнестің жұмысына үлкен әсер етті, сондықтан еліміздің банк секторын жаңғырту қажеттілігі туындады және бұл цифрлық теңгенің пайда болуына әкелді, бірақ олардың қарапайым қағаз ақшадан айырмашылығы неде?
Қазіргі уақытта Қытай мен Швеция сияқты көптеген елдердің Орталық банктері блокчейн технологиясының дамуына байланысты цифрлық валюталарды кеңінен қолдануды өзекті деп санайды.
Сандық валюталар бойынша зерттеулерді Халықаралық есеп айырысу банкі мен Халықаралық валюта қоры да жүргізеді.
Тақырыптың өзектілігі:Цифрлық теңге арқылы деректердің сандық форматта сақталуы мен өңдеуін , электронды құжаттарды пайдалануын , криптовалюталар мен блокчейн технологияларының қолданылуы мен басқалардың салдары туралы зерттелуді қамтимын.Бұл тақырыптардың барлық аспекттерін жетілдіру және олардың қазіргі және потенциалды қолдану мүмкіндіктеріне зерттеу жүргіземін.
Зерттеудің мақсаты - цифрлық теңгенің даму болашағын талдау және одан күтілетін нәтижелермен бөлісу.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазастанда цифрлық теңгенің жұмыс жасауын талдау.
2. Цифрлық теңгені дамыту үшін қандай өзгерістер қажет екенін анықтау.
3.Қазақстандық цифрлық теңгені шет мемлекетпен салыстыру.
4.Цифрлық теңгенің Қазақстанға болашақта алып келетін пайдасын білу.
Зерттеу сұрақтары.
1.Цифрлық теңгенің адамдарға пайдасы неде?
2.Оны енгізуде қандай қауіп-қатер бар?
3.Оның артықшылығы мен кемшілігі?
4.Цифрлық теңге банк картадан қаншалықты жоғары?
5.Цифрлық теңгені пайдалану кезінде қауіптіліктері және технологиялық іс-шаралары не?
6.Цифрлық теңге құн жағынан қалай ерекшеленеді?
Зерттеу базасы- Ғылыми жобада Қазақстан Ұлттық Банк ресми сайтынан деректер алынды.Пайдаланылған әдебиеттер барысында Goole Skolar мен Library.arsu .kz ғылыми жарияланымдарды іздеу жүйесі қолданылды.
Зерттеу әдістері. Осы зерттеу жұмысы барысында сандық және сапалық әдістері қолданылған болатын.Бұл зерттеу жұмысының маңызды кезеңінің бірі сауалнама болатын.Осылайша қала жастарынан қаржылық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сонымен сауалнама нәтижелері арқылы сандық пен сапалық әдістері қаралды.Осылайша бұл деректер өңделіп көрнекі түрде диаграмма,гистограмма, кестелер арқылы сауалнама нәтижелері ұсынылды.
...