Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

IP-желілердегі мекен-жай

Автор:   •  Октябрь 21, 2020  •  Контрольная работа  •  4,984 Слов (20 Страниц)  •  868 Просмотры

Страница 1 из 20

№1-2 зертханалық жұмыс.

Тақырып: IP-желілердегі мекен-жай

Жұмыстың мақсаты:

  • ішкі желі мекен-жайын және ішкі желі маскасы бойынша хост мекен-жайын анықтауды үйрену;
  • ішкі желідегі ықтимал буындардың саны мен мекен-жайларын анықтауды үйрену;
  • маскаларды қолданумен желігі құрылымдауды үйрену.

Теориялық мәліметтер

TCP/IP стекінде мекен-жайлардың үш түрі қолданылады: жергілікті (басқаша атағанда аппараттық), IP-мекен-жайлар және символдық домендік атаулар.

TCP/IP терминологиясында жергілікті мекен-жай ретінде құрамдас интержелі элементі болып табылатын ішкі желі шектерінде мәліметтерді жеткізу үшін базалық технологиялар құралдарымен қолданылатын мекен-жайлар түрлері түсіндіріледі. Әр түрлі ішкі желілерде әр түрлі желілік технологиялар, әр түрлі хаттамалар стектері қол жетімді, сондықтан  TCP/IP стекін құру кезінде жергілікті мекен-жайлардың әр түрлі түрлерінің болуы болжанады. Егер интержелінің ішкі желісі жергілікті желі болып табылса, онда жергілікті мекен-жай – бұл МАС – мекен-жай. МАС – мекен-жай маршрутизаторлардың желілік адаптерлеріне және желілік интерфейстеріне тағайындалады. МАС – мекен-жайлар жабдық өндірушілермен тағайындалады және орталықтандырылған күйінде басқарылатындықтан бірегей болып табылады. Барлық елеулі жергілікті желілер технологиясы үшін МАС – мекен-жай 6 байтты форматты, мысалы, 11-AO-17-3D-BC-01.  Алайда ІР хаттамасы жоғары деңгейлі хаттамалармен, мысалы, IPX немесе Х.25 хаттамаларымен жұмыс істей алады. Бұл жағдайда ІР хаттамалары үшін жергілікті мекен-жайлар ретінде сәйкесінше IPX және Х.25 мекен-жайлары болады.  Жергілікті желіде компьютердің бір желілік адаптердің өзінде бірнеше жергілікті желілері болуы мүмкін екендігін ескеру керек. Мысалы, мұндай құрылғыларға «нүкте-нүкте» типті қосылыстарға арналған маршрутизаторлардың ғаламдық порттары жатқызылады.

IP-мекен-жайлар  желілік деңгейдің желілер арасында пакеттерді табыстауға негіз болатын мекен-жайлардың негізгі түрі болып табылады. Бұл мекен-жайлар 4 байттан құралады, мысалы109.26.17.100. IP-мекен-жай әкімшімен компьютерлер мен маршрутизаторларды конфигурациялау кезінде тағайындалады. IP- мекен-жай екі бөліктен құралады: желі нөмірі және буын нөмірі. Желі нөмірі әкімшімен өздігінен таңдалуы мүмкін, немесе желі Internet құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істеген жағдайда Internet (Internet Network Information Center, InterNIC) арнайы бөлімшесінің ұсынысы бойынша тағайындалуы мүмкін. Әдетте Internet қызметтерінің жеткізушілері мекен-жайлар диапазонын InterNIC бөлімшелерден алады, ал кейін оларды өз абоненттерінің арасында таратады. ІР хаттамасындағы буын нөмірі бунның жергілікті мекен-жайынан тәуелсіз тағайындалады. Маршрутизатор анықтама бойынша бірден бірнеше желіге жатқызылады. Соңғы буын да бірнеше ІР-мекен-жайларға кіруі мүмкін. Бұл жағдайда желілік байланыстардың саны бойынша компьютердің бірнеше ІР-мекен-жайлары болуы керек. Осылайша, IP- мекен-жай жеке комьютерді немесе маршрутизаторды емес, бір желілік қосылысты сипаттайды.

Символдық домендік атаулар. ІР-желілердегі символдық атаулар домендік деп аталады және иерархиялық белгі бойынша құрылады. ІР-желілердегі толық символдық атау құраушылары нүктемен бөлінеді және келесі тәртіпте аталады: алдымен соңғы буынның қарапайым атауы, кейін буын топтарының атауы (мысалы, ұйым атауы), кейін ірірек топ (ішкі домен) атауы және осылай ең жоғары деңгейлі домен атауына дейін  (мысалы, географиялық қағидат бойынша біріктіруші ұйым домені: RU - Ресей, UK - Ұлыбритания, SU - АҚШ), Доменді атау мысалы ретінде base2.sales.zil.ru атауы қолданылуы мүмкін. Домендік атау мен буынның ІР-мекен-жайы арасында ешқандай алгоритмдік сәйкестік жоқ, сондықтан желі буыны доменді атауы бойынша да, ІР-мекен-жай бойынша жа бір мағыналы анықталуы керек. TCP/IP желілерінде әкімшілермен құрылатын сәйкестік кестелерінің желісінің негізінде осы сәйкестікті орнататын Domain Name System (DNS) арнайы тарату қызметі қолданылады. Сондықтан домендік атауларды сондай-ақ DNS-атаулар деп атайды,

...

Скачать:   txt (72.4 Kb)   pdf (345.8 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club