Қоғамды ақпараттандыру үдерісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері
Автор: Bayan Kamelova • Ноябрь 10, 2023 • Доклад • 442 Слов (2 Страниц) • 133 Просмотры
Қоғамды ақпараттандыру үдерісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері
Қоғамды ақпараттандыру — бұл қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үрдісі. Бұл экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, коммуникация, мәдениет және басқа да көптеген салаларды қамтиды. Қоғамды ақпараттандыру — қазіргі заманның ажырамас үрдісі және ол білім беруді ақпараттандырудың дамуына айтарлықтай әсер етеді деп есептеймін.
Ең алдымен, қоғамды цифрландыру білім берудің қолжетімділігін арттырады. Ғаламтор мен онлайн ресурстардың пайда болуымен қоғам қашықтықтан білім ала алады, бұл әсіресе пандемия жағдайында көрінген болатын. Оған қоса қашықтықтан оқыту форматы денсаулығына байланысты үйден оқытуға көшетін немесе шалғай аймақтардағы адамдар үшін қажет.
Екінші айта кетерлігі, цифрлық технологиялардың дамуымен білім беру инновациялық сипатқа ие болды. Виртуалды бейне-сабақтар, мультимедиялық оқу материалдары және білім беру қосымшалары оқу процесін байытып, оны қызықты әрі тиімді етіп өткізуге көмектеседі. Соның ішінде осыған дейін зерттеген білім беруде көмектесетін цифрлық технологияларды мысалға келтіруге болады. Интербелсенді тақталар, компьютерлер, лингафондық жабдықтар мен бейнекамералар секілді т.б. құралдардың оқыту үрдісіне қосатын үлесі зор.
Білім беруді ақпараттандырудың дамуымен оқытуды одан әрі өзгерте алатын жасанды интеллект, виртуалды шындық және блокчейн сияқты жаңа білім беру технологиялары пайда болады. Онлайн курстар мен халықаралық платформалардың арқасында студенттер әлемге әйгілі оқу орындарында басқа елде бол тұра оқи алады. Бір ғана данада шығарылатын немесе сирек кездесетін қымбат кітаптар, мемуарлар, жазбаларды еш жерден сатып алмай, басқа жерге бармай, үйде отырып-ақ электронды нұсқада іздеп табуға болады. Бұл білім берудің жаһандануына ықпал етеді.
...