1-аналитикалық топ катиондарын анализдеу
Автор: q.jasaral • Июнь 12, 2020 • Реферат • 705 Слов (3 Страниц) • 1,725 Просмотры
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:1-аналитикалық топ катиондарын анализдеу
(K+, Na+, NH4+) K+ катионының жеке реакциялары
Орындаған: Каппар А.
Факультет/Топ: 201 «А» Фарм
Қабылдаған:Тулегенова Г.
Катиондарды аналитикалық топтарға жіктеу олардың тұздары мен басқа қосылыстарының ерігіштігіне негізделген. Жіктеу түріне байланысты әр түрлі жүйелік анализ әдістері пайдаланады.
Ең көп таралған күкіртсутектік, аммиакты-фосфаттық және қышқылдық-негіздік әдістер. Ең алғашқы әдіс – күкіртсутектік әдіс, 1871 жылы орыс ғалымы М. О. Меншуткин ұсынған. Әдістің негізіне катиондар сульфидтерінің орта рН-на байланысты әр түрлі ерігіштігі салынған. Аммиакты-фосфаттық әдіс - катиондар фосфаттарының әр түрлі ерігіштігіне, қышқылдық-негіздік әдіс - гидроксидтер мен тұздардың әр түрлі ерігіштігіне негізделген.
Катиондардың күкіртсутектік әдіс бойынша жіктелуі
Аналитикалық топ | Катиондар | Топтық реагент | Түзілетін қосылыстар ерігіштігі |
І | К+, Na+, Lі+, NH4+, Мg2+ | Жоқ | Сульфидтері, карбонаттары*, хлоридтері, гидроксидтері* суда жақсы ериді |
II | Ва2+, Sг2+, Са2+ | (NН4)2СO3 , NH3•Н2О+ NН4Cl рН=9,25 | Карбонаттары суда ерімейді |
III | Fе2+, Fе3+, Сг3+, А13+, Мn2+, Ni2+ , Zn2+, Со2+ | (NН4)2S, NH3 • Н2О+NH4С1 рН = 9,25 | Сульфидтері суда ерімейді**, ал сұйытылған қышқылдарда ериді |
IV | Сu2+, Нg2+, Ві3+, Sn2+, Sn (IV), SЬ (III), SЬ (V), Аs (III), Аs (V) | Н2S, НС1 рН = 0,5 | Сульфидтері суда** және сұйытылған қышқылдарда ерімейді |
V | Аg+, Рb2+, Нg22+ | HCl | Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді |
Бірінші топ катиондарының реактивтері
Натрийдің кобальтинитриті – натрий (III) гексанитрокобальтаты Na3[Co(NO2)6]. Бұл комплексті тұз, келесі теңдеу арқылы диссоциацияға ұшырайды:
Na3[Co(NO2)6] ↔ 3Na+ + [Co(NO2)6]3 -.
Бұл комплексті тұз суда жақсы ериді, бірақ келесі тұздары ерімейді:
K2Na[Co(NO2)6], K2Ag[Co(NO2)6], K3[Co(NO2)6], (NH4)3[Co(NO2)6], (NH4)2Ag[Co(NO2)6], (NH4)2Na[Co(NO2)6]
Натрийдің кобальтинитриті аммоний иондары жок ерітіндіде калий иондарын анықтау үшін қолданады.
Натрийдің гидротартраты NaHC4H4O6. Бұл вин қышқылының H2C4H4O6 тұзы, келесі теңдеу арқылы диссоциацияға ұшырайды:
NaHC4H4O6 ↔ Na+ + HC4H4O6-,
HC4H4O6- ↔ H+ + C4H4O62-.
Магний және натрий гидротартраты суда ериді, ал калий және аммоний гидротартраты ерімейді. Сондықтан да натрий гидротартраты әлсіз сірке немесе бейтарап ортада аммоний катионы жоқ ерітіндіден калий иондарын анықтауға қолданылады.
Магний – уранил – ацетат Mg[(UO2)3(CH3COO)8] және цинк – уранил – ацетат Zn[(UO2)3(CH3COO)8]. Осы реактивтер арқылы натрий ионын анықтауға болады.
...