Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалағыш қасиеттерді анықтайтындығы туралы дәлелді деректер Нуклеин қышқылдарының құрамы. Чаргафф ашқан нқ
Автор: Назерке Ахылбай • Ноябрь 1, 2020 • Лабораторная работа • 1,128 Слов (5 Страниц) • 727 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалағыш қасиеттерді анықтайтындығы туралы дәлелді деректер
Нуклеин қышқылдарының құрамы. Чаргафф ашқан нқ құрылысындағы ережелер, нуклеотидтердің құрамы мен түрлері.
Орындаған: Ахылбай Н.Н.
Тексерген: Ахметова Ж.Н.
Алматы 2020
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
a) Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалағыш қасиеттерді анықтайтындығы туралы дәлелді деректер
ә) Нуклеин қышқылдарының құрамы.
б) Чаргафф ашқан нқ құрылысындағы ережелер, нуклеотидтердің құрамы мен түрлері.
III.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
- Алғашқы тіршілік нышандары бұдан 3,2 млрд жыл бұрын пайда болған. Ұзаққа созлған эволюцияның нәтижесінде табиғи сұрыпталу жолымен қазіргі тіршілік иелері жануарлар, адам, өсімдіктер, микроорганизмдер дүниеге келді. Тірі организмдердің аса ғажап қасиеті – ата тегіне ұқсас өзіндей жаңа организмдерді жарыққа шығаруы. Осы бір табиғаттың ұлы жұмбағы ғылым үшін әрқашанда аса маңызды проблема болып келді. Оны шешуге бүкіл дүние жүзінің ғалымдары атсалысты.
- Тірі организмде жоғары молекулалық үш қосылыс бар. Олар нуклеин қышқылдары, белоктар және полисахаридтер. Осы уақытқа дейін ондай қосылыстардың түзілуі және атқаратын қызметі дәл айқын болмай келді. Қазіргі кезде аталған биологиялық жоғары молекулалардың әрқайсысының атқаратын қызметі дәл анықталып, тұқым қуалайтын қасиеттің негізі, тірі организмнің барлық ерекшеліктерін қайталап жарыққа шығарушы – нуклеин қышқылдары екені белгілі болды.
Нуклеин қышқылының ашылуы
Нуклеин қышқылын ең алғаш рет 1869 және 1871 жылдары аралығында швейцариялық врач және биохимик Ф. Мишер адамның ірің клеткасынан және лососьтің спермасынан бөліп алды. Осы зерттеулер нәтижесінде, нуклеин қышқылдарының екі: рибонуклеинді (РНҚ) және дезоксирибонуклейнді (ДНҚ) типі анықталынды, бірақ, олардың қызметтері ұзақ уақыт белгісіз болып қалды.
Нуклеин қышқылдары- тірі ағзадағы тұқымқуалаушылық ақпаратты тасымалдау және сақтауды қамтамасыз ететін табиғи жоғары молекулалы органикалық қосылыс болып табылады. Жалпы нуклеин қышқылдарының ДНҚ және РНҚ екі түрі кездеседі. Құрамында пентоза ретінде дезоксирибоза кездесетін дезоксирибонуклеин қышқылы – ДНҚ, ал рибоза кездессе, рибонуклеин қышқылы – РНҚ деп ажыратылады.
[pic 2]
- Нуклеин қышқылдары (НҚ) барлық тiрi ағзалардың жасушаларындағы генетикалық ақпараттың тасымалдаушысы болып саналады.
- Олар молекулалық салмағы жоғары, күрделi биополимерлер. НҚ мономерлерi - нуклеотидер, соған байланысты НҚ полинуклеотидтiк тiзбек деп атауға болады.
Әр нуклеотид үш компоненттен тұрады:
- -бескөмiртектiк моносахарид (пентоза) ;
- - фосфор қышқылының қалдығы ;
- азоттық негiздер: аденин (А), гуанин (Г), цитозин (Ц), тимин (Т) немесе урацил (У).
Азоттық негiздерi А және Г - пуриндер класына, Т,У және Ц - пиримидиндер класына жатады.
Нуклеотидтің құрылысы
Фосфор қышқылының қалдығы пентозамен 5’-көміртегі арқылы, ал азоттық негіз 1’-көміртегі арқылы байланысады.
[pic 3]
Чаргафф ашқан нқ құрылысындағы ережелер
Бір ағзаның әртүрлі ұлпасынан бөлініп алынған ДНҚ-ң нуклеотидтік құрамы бірдей болады;
Әр түрге жататын түрлердегі ДНҚ-ң нуклеотидтік құрамы әр түрлі болады;
Бір түрдің ДНҚ-ң нуклеотидтік құрамы ағзаның жасына, қоректенуіне, сыртқы қоршаған ортаның өзгерісіне тәуелді болмайды;
Ағзаның түріне тәуелсіз, кез-келген ДНҚ-ғы аденинді қалдықтардың мөлшері барлық уақытта тимин қалдықтарының мөлшеріне (А=Т), ал, гуанин қалдықтарының мөлшері цитозин қалдықтарының (Г=Ц) мөлшеріне тең болады, яғни, А/Т=1 немесе Г/Ц=1.
...